Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 32-бап. Өлдi деп жарияланған адамның тiрi оралуынан туындайтын жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

32-бап. Өлдi деп жарияланған адамның тiрi оралуынан туындайтын жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

32-бап. Өлдi деп жарияланған адамның тiрi оралуынан туындайтын жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

      1. Өлдi деп жарияланған адам тiрi оралған немесе оның тұрған жерi белгiлi болған жағдайда сот тиiстi шешiмнiң күшiн жояды.

      2. Азамат өзiнiң қай уақытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан азамат өлдi деп жарияланғаннан кейiн сол адамға тегiн көшiп, сақталып қалған мүлкiн қайтарып берудi талап ете алады.

      3. Егер өлдi деп жарияланған адамның мүлкiн оның заңды мұрагерi үшiншi бiр адамдарға берiп, олар мүлiктiң сатып алу бағасын адам тiрi оралған кезге дейiн толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тiрi оралған адамға көшедi.

      4. Өлдi деп жарияланған азаматтың мүлкi ақысы төленетiн мәмiле бойынша өзiне көшкен адамдар оған бұл мүлiктi қайтаруға, ал оларда мүлiк жоқ болған жағдайда, егер мүлiктi алған кезде олар өлдi деп жарияланған азаматтың тiрi екендiгiн бiлгенi дәлелденсе, мүлiктiң құнын өтеуге мiндеттi.

      5. Мүлiктi иелiктен шығарушы адам өлдi деп жарияланған адамның мүлiктi иелiктен шығару кезiнде тiрi екендiгiн бiлген болса, мүлiктi қайтарып беру немесе оның құнын өтеу мiндетiн мүлiктi алушымен бiрге мойнына алады.

      6. Егер өлдi деп жарияланған адамның мүлкi мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өтiп, сатылып кеткен болса, адамды өлдi деп жариялау туралы шешiмнiң күшi жойылғаннан кейiн оған мүлiктiң құн төленетiн күнгi нарықтық бағасы ескерiле отырып, оны сатудан түскен сома қайтарылады.

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

322-бапқа түсініктемелер. Сот шешімімен хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келуінің немесе болатын жерін анықтаудың салдары

322-бапқа түсініктемелер. Сот шешімімен хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі қайтыс болды деп жарияланған азаматтың к...

Толық оқу »

32-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі қайтыс болды деп жарияланған адамның келуінің салдары

32-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі қайтыс болды деп жарияланған адамның келуінің салдары Қайтыс болды деп жарияланған адамның келуі немесе табыл...

Толық оқу »

322-бап. Сот шешімімен хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келу немесе жүрген жерін анықтау салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

322-бап. Сот шешімімен хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келу немесе жүрген жерін анықтау салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық п...

Толық оқу »