35-бап. Аудармашы Административный процедурно-процессуальный кодекс Республики Казахстан
1. Әкімшілік іске мүдделі емес, әкімшілік сот ісін жүргізу жүзеге асырылатын тілді білетін, бір тілден екінші тілге аудару үшін қажетті білімі бар, оның ішінде ымдау тілін және (немесе) Брайль әліпбиін білетін адам аудармашы ретінде шақырылады.
2. Аудармашының:
1) аударманы жүзеге асыру кезінде қатысушы адамдарға аударманы нақтылау үшін сұрақтар қоюға;
2) іс жүргізуде өзі қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығына және дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;
3) егер оның аударма үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, әкімшілік іске қатысудан бас тартуға;
4) сот әрекеттерін іс жүргізуге қатысуына байланысты өзі шеккен шығыстардың өтемін және егер іс бойынша іс жүргізуге қатысу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындаған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
3. Аудармашы:
1) соттың шақыруы бойынша келуге;
2) толық және дұрыс аударманы жүзеге асыруға;
3) әкімшілік іске қатысушыларға олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аударылып табыс етілетін құжаттардағы аударманың дұрыстығын өз қолтаңбасымен куәландыруға;
4) әкімшілік істің мән-жайлары туралы мәліметтерді және аудармашы ретінде тартылуына байланысты өзіне белгілі болған өзге де деректерді жария етпеуге;
5) сот отырысы кезінде тәртіп сақтауға міндетті.
4. Аудармашы көрінеу дұрыс емес аударма жасаған жағдайда, заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы