Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 81-бап. Аудармашы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

81-бап. Аудармашы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

81-бап. Аудармашы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Аударма жасау үшiн білу қажет тiлдi меңгерген және күдікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайларда, сол сияқты жазбаша құжаттарды аудару үшiн тергеу және сот әрекеттерiне қатысуға тартылған, iске мүдделi емес адам аудармашы ретiнде шақырылады.

      2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган адамды аудармашы етiп тағайындау туралы қаулы шығарады.

      3. Аудармашының:

      1) аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысатын адамдарға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға;

      2) жүргiзуiне өзi қатысқан тергеу әрекеттерінің немесе өзге де процестік әрекеттердiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын ескертулер жасауға;

      3) егер оның аудару үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға;

      4) қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттерiне шағым келтіруге;

      5) егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзінің тергеу әрекеттеріне және өзге де процестік әрекеттерге қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға;

      6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге құқығы бар.

      4. Аудармашы:

      1) қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге;

      2) өзiне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға;

      3) өзінің қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тiлiндегi немесе олар бiлетiн тiлдегi аудармасымен бірге табыс етілетін процестік құжаттарда аударманың дұрыстығын өзiнiң қолымен куәландыруға;

      4) аудармашы ретiнде тартылуына байланысты өзiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi немесе өзге де деректердi жария етпеуге;

      5) тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.

      5. Дәлелді себептерсіз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн аудармашыға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін. Көрінеу дұрыс аудармаған жағдайда аудармашы қылмыстық жауаптылықта болады.

      6. Осы баптың қағидалары сөйлеу және (немесе) есту қабілетінен толық айырылған адамдардың ым-белгiлерiн түсiнетiн және iс бойынша iс жүргiзуге қатысу үшiн шақырылған адамға қолданылады.

 

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

230-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жеке күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану

230-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жеке күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану 1. Жеке күзет қызметі басшысының...

Толық оқу »

30-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

30-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүрг...

Толық оқу »

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1...

Толық оқу »

327-бап. Қылмыстық iстi тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

327-бап. Қылмыстық iстi тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Судья алдын ала тыңдау барысында немесе басты сот талқылауында істі осы Кодекстi...

Толық оқу »

327-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің қылмыстық ісін тоқтату

327-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің қылмыстық ісін тоқтатуСудья алдын ала тыңдау барысында немесе бас сот талқылауында осы Кодекстің 3...

Толық оқу »

329-бап. Құжаттардың көшiрмелерiн табыс ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

329-бап. Құжаттардың көшiрмелерiн табыс ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Егер сот отырысын тағайындау туралы мәселенi шешу кезiнде бұлтартпау ш...

Толық оқу »

329-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі құжаттарының көшірмелерін тапсыру

329-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі құжаттарының көшірмелерін тапсыруЕгер сот отырысын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде бұлтар...

Толық оқу »

404-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі үкімінің көшірмесін тапсыру

404-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексі үкімінің көшірмесін тапсыруБес тәуліктен кешіктірмей, ал үлкен көлемде он бес тәуліктен кешіктірмейүк...

Толық оқу »

404-бап. Үкiмнің көшiрмесiн табыс ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

404-бап. Үкiмнің көшiрмесiн табыс ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Үкiм жарияланғаннан кейiн – бес тәулiктен кешiктiрмей, ал көлемі үлкен болға...

Толық оқу »

420-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің апелляциялық (жеке) шағымдары мен наразылықтарын беру туралы хабарлама

420-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің апелляциялық (жеке) шағымдары мен наразылықтарын беру туралы хабарламаАпелляциялық (жеке) шағым н...

Толық оқу »

323-бап. Соттың істі прокурорға жіберуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

323-бап. Соттың істі прокурорға жіберуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік...

Толық оқу »

323-бапқа түсініктеме. Істі соттың Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің прокурорына Жолдауы

323-бапқа түсініктеме. Істі соттың Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің прокурорына ЖолдауыБас сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-проце...

Толық оқу »

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысы.

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысы. Біркелкі сот п...

Толық оқу »