38-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы
Мемлекеттiк наградалар мен оларға қоса берiлген құжаттар жоғалған жағдайда наградталғандар өздерiнiң наградаларға құқығын сақтайды.
Жоғалғандардың орнына "Алтын Қыран" орденiнiң, Алтын жұлдыздың, ордендердiң, медальдар мен омырауға тағатын ерекшелiк белгiлерiнiң дубликаттары, әдетте, берiлмейдi. Ерекшелiк ретiнде олар Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның шешiмiмен өрт, жер сiлкiну және басқа да дүлей апаттар салдарынан жоғалған, яғни наградталған адам оларды жоғалудан сақтап қала алмаған жағдайда ғана берiледi.
Наградтау туралы құжаттар жоғалған жағдайда олардың дубликаттары жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшi бойынша Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның шешiмiмен берiледi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы