Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 11-II. 

      Қазақстан Республикасы Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылсын. 

Қазақстан Республикасының  

 

 

 Президенті  

 

 

  

      Француз тілінен аударылған 

Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенция 

      (2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты) 

      Осы Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер, 

      Шетелдiк ресми құжаттарды дипломаттық немесе консульдық заңдастыру талаптарын жоюға ниет бiлдiре отырып, 

      Осыған байланысты Конвенция жасасуды шештi және мына төмендегi ережелерге келiстi: 

1-бап 

      Осы Конвенция уағдаласушы мемлекеттердің бiрiнiң аумағында жасалған және екiншi уағдаласушы мемлекеттің аумағына ұсынылуы тиiс ресми құжаттарға қолданылады. 

      Осы Конвенцияның тұрғысында ресми құжаттар ретiнде: 

      а) прокуратурадан, соттың хатшысынан немесе соттың атқарушысынан шығатын құжаттарды қоса алғанда мемлекеттің құзырына бағынатын органнан немесе лауазымды тұлғадан шығатын құжаттар; 

      b) әкiмшiлiк құжаттар; 

      с) нотариалдық актiлер; 

      d) тiркеу туралы белгi сияқты ресми белгiлер; белгiлi бiр күндi растайтын визалар; нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау қарастырылады. 

      Сонымен бiрге, осы Конвенция: 

      а) дипломаттық немесе консульдық агенттер жасаған құжаттарға; 

      b) коммерциялық немесе кедендiк операцияларға тiкелей қатысы бар әкiмшiлiктiк құжаттарға қолданылмайды. 

2-бап 

      Уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы осы Конвенция қолданылатын және өзiнiң аумағына ұсынылуы тиiс құжаттарды заңдастырудан босатады. Осы Конвенцияның тұрғысында заңдастыру қолдардың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландыру үшiн құжат аумағына ұсынылуы тиiс елдiң дипломаттық немесе консульдық агенттерi пайдаланатын шартты рәсiм ғана ұғылады. 

3-бап 

      Қолдардың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландыру үшiн талап етiлуi мүмкiн болатын бiрден-бiр шарттылық бұл құжат жасалған елдің құзыреттi органының 4-бапта көзделген апостильдi қоюы болып табылады.  

      Алайда, осының алдындағы абзацта айтылған функцияларды орындау, егер құжат ұсынылған мемлекетте қолданылып жүрген заң, тәртiп немесе дәстүр не екi немесе бiрнеше Уағдаласушы мемлекеттердiң арасындағы уағдаластық аталған рәсiмдi тоқтатса немесе оңайлатса немесе құжатты заңдастырудан босатса талап етiле алмайды. 

4-бап 

      3-баптың бiрiншi абзацында көзделген апостиль құжаттың өзiне немесе құжатпен бiрге берiлген жеке параққа қойылады; ол осы Конвенцияға қоса берiлген үлгіге сәйкес келуi тиiс.  

      Алайда, ол оны берген органның ресми тiлiнде жасалуы мүмкiн. Ондағы тармақтар да екi тiлде жазылуы мүмкiн. "Ароstіllе (Coinvention de la Haye du 5 octobre 1961)" деген тақырып француз тiлiнде болуы тиiс. 

5-бап 

      Апостиль қол қоюшы адамның немесе құжатты кез келген ұсынушының ұсынысы бойынша қойылады. 

       Лайықты түрде толтырылған ол қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады.  

      Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды талап етпейдi. 

6-бап 

      Әрбiр Уағдаласушы мемлекет олардың ресми функцияларын ескере отырып 3-баптың бiрiншi абзацында көзделген апостильдi қоюға өкiлеттiк берiлетiн органдарды тағайындайды.  

      Ол бұл тағайындау туралы өзiнiң бекiту грамотасын немесе қосылу туралы грамотаны немесе оның қолданылуын тарату туралы өтiнiштi сақтауға тапсырған сәтте Нидерландының Сыртқы iстер министрлiгiне хабарлайды. Ол Министрлiкке бұл органдарды тағайындаудағы кез келген өзгерiстер туралы да құлақтандырады. 

7-бап 

      6-бапқа сәйкес тағайындалған көрсетiлген органдардың әрқайсысы ол бұл ретте: 

       а) апостильдің реттiк нөмiрi мен қол қойылған күнiн;  

       b) ресми құжатқа қол қойған адамның тегiн және оның кiм екендiгiн, ал қол қойылмаған құжаттарға қатысты - мөр немесе мөртаңба қойған органға сiлтеменi көрсете отырып қойылған апостильдердi тiркейтiн жазбалар кiтабын немесе картотекасын жүргiзуi тиiс.  

      Апостильдi қойған орган кез келген мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша онда жасалған жазбалар жазбалар кiтабына немесе картотекаға енгiзiлген мәлiметтермен сәйкес келетiндiгін тексеруге мiндеттi. 

8-бап 

      Егер екi немесе бiрнеше уағдаласушы мемлекеттердiң арасында қолдарды, мөрлердi немесе мөртаңбаларды куәландыру үшiн белгiлi бiр шарттылықтарды талап ететiн ереженi қамтитын шарт, конвенция немесе келiсiм жасалған болса, осы Конвенция тек, егер оларда көрсетiлген шарттылықтар 3 және 4-баптарда көзделген шарттылықтан неғұрлым қатаң болып табылатын жағдайда ғана бұл ережелерден бас тартуды көздейдi.  

9-бап 

      Әрбiр уағдаласушы мемлекет оның дипломаттық немесе консульдық агенттерi осы Конвенция ондайдан босататын жағдайларды заңдастыруды жүргiзбеу үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. 

10-бап 

      Осы Конвенция халықаралық жеке құқық жөнiндегi Гаага конференциясының тоғызыншы сессиясына ұсынылған мемлекеттердің, сондай-ақ Ирландияның, Исландияның, Лихтенштейннің және Түркияның қол қоюы үшiн ашық.  

      Ол бекiтуге жатады және бекiту грамоталары Нидерландының Сыртқы iстер министрлiгiне сақтауға тапсырылады. 

11-бап 

      Осы Конвенция 10-баптың екiншi абзацында көзделген үшiншi бекiту грамотасы сақтауға тапсырылғаннан кейiнгi алпысыншы күнi күшiне енедi. Конвенцияға қол қойған, оны кейiнiрек бекiткен әр мемлекет үшiн ол өзiнiң бекiту грамотасын сақтауға тапсырғаннан кейiнгi алпысыншы күнi күшiне енедi. 

12-бап 

      10-бапта өзi туралы сөз болмаған кез келген мемлекет 11-баптың бiрiншi абзацына сәйкес ол күшiне енгеннен кейiн осы Конвенцияға қосыла алады. Қосылу туралы құжат Нидерландының Сыртқы iстер министрлiгiне сақтауға тапсырылады. Қосылу тек 15-баптың "d" тармағында көзделген құлақтандыруды алғаннан кейiн алты айдың iшiнде оған қарсы наразылық айтпаған қосылушы мемлекеттер мен уағдаласушы мемлекеттердiң арасындағы қатынастарға жарамды.  

      Конвенция қосылушы мемлекеттер мен қосылуға қарсы наразылық ұсынбаған мемлекеттердiң арасында осының алдындағы абзацта көрсетiлген алты айлық мерзiм аяқталғаннан кейiнгi алпысыншы күнi күшiне енедi. 

13-бап 

      Кез келген мемлекет қол қою, бекiту немесе қосылу сәтiнде осы Конвенцияны ол халықаралық деңгейде бiлдiретiн барлық аумақтарға не бұл аумақтардың бiрiне немесе кейбiреуiне қолданылатындығын мәлiмдей алады. Бұл мәлiмдеме осы мемлекет үшiн Конвенция күшiне енген сәттен бастап жарамды деп есептеледi.  

       Одан әрi Нидерландының Сыртқы iстер министрлiгi оның қолданылуының кез келген нақты таралуы туралы құлақтандырылады.  

      Егер қолданылуының таралуы туралы мәлiмдеменi Конвенцияға қол қойған және бекiткен мемлекет жасаса, соңғысы 11-баптың ережесіне сәйкес онда көрсетiлген аумақтарға қатысты күшiне енедi. Егер таралуы туралы мәлімдеменi Конвенцияға қосылушы мемлекет жасаса соңғысы 12-баптың ережелерiне сәйкес онда көрсетiлген аумақтарға қатысты күшiне енедi. 

14-бап 

      Осы Конвенция 11-баптың бiрiншi абзацына сәйкес, оның iшінде кейiннен оны бекiтетiн немесе оған қосылатын мемлекеттерге қатысты да, ол күшіне енген күннен бастап бес жылдың iшiнде қолданылады.  

      Егер Конвенцияның күшi жойылмаса оның қолданылуы тараптардың үнсiз келiсiмiмен одан кейiнгi әрбiр бес жылға созылады. 

      Нидерландының Сыртқы iстер министрлiгi бес жылдық мерзiм аяқталғанға дейiнгi алты айдан кешiктiрiлмей күшiн жою туралы құлақтандырылады. 

      Күшiн жою Конвенцияның қолданылуы таралатын кейбiр аумақтармен шектелуi мүмкiн. 

      Күшiн жоюдың ол туралы құлақтандырған мемлекетке қатысты ғана күшi болады. 

      Конвенция басқа уағдаласушы мемлекеттерге қатысты күшiнде қалады. 

15-бап 

      Нидерландының Сыртқы iстер министрлiгi 10-бапта айтылған мемлекеттерге, сондай-ақ 12-баптың ережелеріне сәйкес қосылушы мемлекеттерге: 

      а) 6-баптың екiншi абзацында айтылған құлақтандырулар туралы; 

      b) 10-бапта айтылған қол қоюлар мен бекiтулер туралы; 

      с) 11-баптың бiрiншi абзацының ережелерiне сәйкес осы Конвенцияның күшiне енген күнi туралы; 

      d) 12-бапта айтылған қосылулар мен қарсылық бiлдiрулер туралы және қосылудың күшiне енген күнi туралы; 

      е) 13-бапта айтылған қолданудың таралуы туралы және оның күшiне енген күнi туралы; 

      f) 14-баптың үшiншi абзацында айтылған күшiн жоюлар туралы хабарлайды. 

      Осыны куәландырып лайықты түрде уәкiлеттiк берiлген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды. 

      1961 жылғы 5-қазанда Гаагада француз және ағылшын тiлдерiнде (мәтiндердің арасында алшақтық болған жағайда французша мәтiнге басымдық берiледi), Нидерланд Үкiметiнің архивіне сақтауға Тапсырылатын және расталған көшірмесі дипломаттық арналар бойынша халықаралық жеке құқық жөнiндегi Гаага конференциясының тоғызыншы сесиясына ұсынылған әр мемлекетке, сондай-ақ Ирландияға, Исландияға, Лихтенштейнге және Түркияға жолданатын бiр данада жасалды. 

      Конвенцияға қатысушы мемлекеттер 

      (1992 жылғы наурыздағы жағдайы бойынша) 

      1. Антигуа мен Барбуда 

      2. Аргентина 

      3. Австрия 

      4. Багам аралдары 

      5. Бельгия 

      6. Ботсвана 

      7. Бруней 

      8. Ұлыбритания 

      9. Венргия 

      10. Греция 

      11. Израиль 

      12. Италия 

      13. Испания 

      14. Кипр 

      15. Лесотто 

      16. Лихтенштейн 

      17. Люксембург 

      18. Малави 

      19. Мальта 

      20. Мавритания 

      21. Маршал аралдары 

      22. Нидерланды 

      23. Норвегия 

      24. Панама 

      25. Португалия 

      26. Ресей Федерациясы 

      27. Свазиленд 

      28. Сейшель аралдары 

      29. Суринам 

      30. АҚШ 

      31. Тонга 

      32. Түркия 

      33. Фиджи 

      34. Финляндия 

      35. Франция 

      36. ФРГ 

      37. Швейцария 

      38. Югославия 

      39. Жапония 

      Конвенцияға қосымша (g990011) 

      Апостильдің үлгісі 

            Апостиль екі жағы 9 сантиметрден кем емес төрт бұрышты нысанда болады. __________________________________________________ 

      APOSTILLE 

                (Coinvention de la Haye du 5 octobre 1961) 

      1. Ел _____________________________________________ 

            Осы ресми құжатқа 

      2._________________________________________ ретінде 

      3. қол қойды (тегі) _______________________________ 

      4. мөрмен/мөртаңбамен бекітілді (мекеменің атауы) ___________________________________________________ 

                        Куәландырылды 

      5.__________________ 6. Күні ______________________ 

      7. (куәландырушы органның атауы)___________________ ___________________________________________________ 

      8. N ______________________________________________ 

      9. мөр/мөртаңба ________________10. қолы _________ 

      Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру 

      талаптарын жою туралы конвенцияға қосылудың құралы 

            1961 жылғы 5 қазанда Гаага қаласында орындалған шетелдік ресми құжаттарға арналған заңсыздандыру талаптарын жою туралы конвенцияны (бұдан әрі "Конвенция") назарға ала отырып. 

            Сондай-ақ Конвенцияның ол күшіне енгеннен кейін Нидерланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп құралдары іске қосу жолымен 11-баптың бірінші параграфына сәйкес қосыла алатындықтан. 

            Және ___________ Үкіметі Конвенцияның қатысушысы болуды шешкендіктен. 

            Қазіргі уақытта ___________ Үкіметі шетелдік ресми құжаттарға арналған заңдастыру талаптарын жою турлы конвенцияны қарап осымен Конвенцияға қосылады және ондағы қамтылған ережелерді орындауға міндеттенеді. 

            Осыны дәлелдеп, Мен, ________________________________ , ________________________Сыртқы істер министрі қосылу құралына қол қойдым және өзімнің қызметтік мөріммен бекіттім. 

            Орындалды ___________(жері) ____________________(күні) қолы 

      Депозитарлық рәсімдер 

      (Нидерланд Корольдігінің Үкіметіне сақтауға 

      берілген көпжақты Шарттар) 

      А. Шарттарға қол қою және грамоталарды сақтауға тапсыру рәсiмi 

      1. Дайындық Дайындықты Сыртқы iстер министрлiгiнiң Шарттар бөлiмi жүргiзуi тиiс (тел.070-3484918). 

      2. Рәсiм Рәсiм Шарттар бөлiмi бастығының немесе оны алмастыратын ресми адамның қатысуымен Шарттар бөлiмiнде жүргiзiлетiн болады. 

       3. Оңайлатылған депозит  

       Бекiту, қосылу және т.б. құралдарын сақтауға тапсыруға қатысты Шарттар бөлiмiнде ресми рәсiмнiң немесе құралды берудiң арасындағы таңдау мүдделi Елшілiкте қалады.  

       4. Құралды Шарттар бөлiмiне жолдау  

       Жоғарыдағы 3 параграфта айтылған екiншi нұсқаны таңдаған жағдайда Елшiлiктерден құралды бұл арна бойынша берiлген құжаттың жоғалуы тәуекелiнен басқа ол Шарттар бөлiмiне сол күнi түспеуi мүмкiн болғандықтан сыртқы немесе iшкi почта бойынша жөнелтпей Шарттар бөлiмiндегі ресми адамның жеке қолына тапсыру сұралады.  

       В. Депозитарийлiк практика  

       5. Шарттылықтарды орындауға құқығы бар орган Нидерланд Корольдiгi ұстанатын, Шарттар туралы Заң бойынша айтарлықтай дәрежеде Вена Конвенциясы кодтандырған халықаралық практикаға сәйкес Шарттарға қатысты мемлекеттің атынан орындалатын шарттылықтар Мемлекеттiң Басшысынан, Yкiметтің Басшысынан немесе Сыртқы iстер министрiнен немесе жоғарыда айтылған үш билiк органының бiрi өкiлеттiк берген адамнан шығуы тиiс.  

       6. 5 параграфты орындау жөнiндегi шарттылықтар Жоғарыда сипатталған практика қол қоюға, бекiтуге, мақұлдауға, қабылдауға, қосылуға және күшiн жоюға қатысты.  

       Ескертулердi, уақытша қолдану немесе аймақтық қолдану, уәкiлеттi өкiмет органдарын тағайындау туралы құлақтандыруларды немесе тиiстi Шартты орындау немесе оны құқықтар мен мiндеттерге қатысты өзгерту мақсатындағы кез келген басқа да актiнi жасау және керi қайтарып алу Елшiлiк (Басшысының) хатының немесе Нотасының негiзiнде жасалуы қажет.  

       Бүкiл құрал ағылшын немесе француз тiлiнде жасалуы немесе ағылшын немесе француз тiлдерiндегi ресми аудармасы қоса берiлуі тиiс.  

       7. Сақтауға тапсыру жөнiнде өкiлеттiктер беру  

       Егер бекiту, қосылу және т.б. құралы Мемлекет Басшысының, Yкiмет Басшысының немесе Сыртқы iстер министрiнiң қолы қойылып жасалса және бұл құрал толық мөлшерде Үкiметтiң өзiне Шарт бойынша мiндеттеме алу ниетiн анық бiлдiрсе, назарға қабылданады; бұл жағдайда өкiлге құралды сақтауға тапсыру үшін өкiлеттiк беретiн қосымша құжат мiндеттi емес.  

       8. Кабельдiк және телекстiк байланыс (шұғыл жағдайларда)  

      Бар практикаға сәйкес шұғыл жағдайларда Шарттар Бөлiмiнің Бастығы төмендегi жағдайларды әдеттегi актiлердiң немесе құралдардың күшi барлардың орнына кабельдiк, телекстiк және факсимильдiк хабар қабылдайды: 

      а. Әдетте мемлекеттің атынан халықаралық деңгейде өзiне мiндеттеме алуға уәкiлеттендiрiлген ретiнде (жоғарыдағы 5 параграфты қараңыз) қаралатын билiктiң үш органының бiрiнiң кабельдiк, телекстiк немесе факсимильдiк хабары осы билiк органының атауын қамтуы тиiс және ағылшын немесе француз тiлдерiнде орындалуы қажет. 

      б. Алынған кабельдiк, телекстiк немесе факсимильдiк хабар дұрыс ресiмдеуге жатады, ал бұл құжаттың лайықты нысанда таяу уақытта жолдануы тиiс екендiгiн бiлдiредi. 

      9. Хат-хабар 

      Елшiлiктерден депозитарлық мәселелер бойынша барлық хаттар мен ноталарды Сыртқы iстер министрлiгiнің Шарттар бөлiмiне жолдау сұралады. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

383-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды иемдену немесе өткiзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын...

Толық оқу »

562-бап. Ресми құжаттардың жарамдылығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

562-бап. Ресми құжаттардың жарамдылығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өті...

Толық оқу »

975-бап. Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

975-бап. Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен бе...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу т...

Толық оқу »

2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы

2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуд...

Толық оқу »

323-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ресми құжаттары мен мемлекеттік наградаларын сатып алу немесе өткізу

323-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ресми құжаттары мен мемлекеттік наградаларын сатып алу немесе өткізу Құқықтар беретін немесе міндетте...

Толық оқу »

Алдын ала сөз байласу және алаяқтық бойынша адамдар тобының қылмыс жасауына, яғни аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлауына мүдделі жеке куәлікті, ресми құжаттарды қолдан жасау және дайындау

Алдын ала сөз байласу және алаяқтық бойынша адамдар тобының қылмыс жасауына, яғни аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлауына мүдделі...

Толық оқу »

325-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жалған құжаттарын, мөртабандарын, мөрлерін, бланкілерін, мемлекеттік наградаларын қолдан жасау, дайындау немесе өткізу

325-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жалған құжаттарын, мөртабандарын, мөрлерін, бланкілерін, мемлекеттік наградаларын қолдан жасау, дайынд...

Толық оқу »

3-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

  3-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы      Мемлекетт...

Толық оқу »

6-бап. Қазақстан Республикасының кез келген орденiмен наградталған адамдар осы орденнiң иегерлерi деп аталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

  6-бап. Қазақстан Республикасының кез келген орденiмен наградталған адамдар осы орденнiң иегерлерi деп аталады.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы ЗаңыҚа...

Толық оқу »

8-бап. "Алтын Қыран" (Золотой Орел) орденi Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады.      II. Ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

         8-бап. "Алтын Қыран" (Золотой Орел) орденi Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады.   II. Ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiлер...

Толық оқу »

17-1-бап. "Еңбек Даңқы" орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да салалардың жұмыскерлері кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жемісті еңбегі үшін, сондай-ақ тиісті салалардағы жоғары көрсеткіштері үшін наградталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

17-1-бап. "Еңбек Даңқы" орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да салалардың жұмыскерлері кәс...

Толық оқу »

10-бап. "Халық қаhарманы" (Народный герой) атағы Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi.  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

10-бап. "Халық қаhарманы" (Народный герой) атағы Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берi...

Толық оқу »

12-2-бап. "Барыс" орденімен наградтау:  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

12-2-бап. "Барыс" орденімен наградтау: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы      - Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісін...

Толық оқу »

16-бап. "Достық" орденiмен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөнiндегi жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

   16-бап. "Достық" орденiмен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөнiндегi жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген...

Толық оқу »

12-бап. Отан орденiмен азаматта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

  12-бап. Отан орденiмен азаматта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы"Отан" орденiмен азаматтар:       - мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi;      -...

Толық оқу »

10-1-бап. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

     10-1-бап. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. Қазақстан Республи...

Толық оқу »

22-бап. "Шапағат" медалiмен азаматтар белсендi және жемiстi қызметi, мейiр-шапағаты мен қайырымдылығы үшiн наградталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

   22-бап. "Шапағат" медалiмен азаматтар белсендi және жемiстi қызметi, мейiр-шапағаты мен қайырымдылығы үшiн наградталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары т...

Толық оқу »

25-бап. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

25-бап. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы Қазақстан Республикасының құрметті атақтары:    – "Қазақстанн...

Толық оқу »

16-1-бап. "Ел бірлігі" орденімен азаматтар ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін наградталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

16-1-бап. "Ел бірлігі" орденімен азаматтар ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін наградталады. Қазақстан Республикасының ме...

Толық оқу »

23-бап. Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдарының мәндiлiгi жағынан реттiлiгi Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртiп бойынша белгiленедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

  23-бап. Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдарының мәндiлiгi жағынан реттiлiгi Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтынтәртiп бойынша белгiленедi. Қазақст...

Толық оқу »

29-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы  "Күмiс алқа" алқасымен Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады

   29-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы "Күмiс алқа" алқасымен Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, алты бала туған және тәрбиелеп өсiрге...

Толық оқу »

32-бап. Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, Алтын жұлдыз сол жақ омырауға ордендер мен медальдардың үстiнен тағылады.   VIII. Ордендердi, медальдарды және басқа да ерекшелiк белгiлерiн тағып жүру тәртiбi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

         32-бап. Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, Алтын жұлдыз сол жақ омырауға ордендер мен медальдардың үстiнен тағылады. VIII. Ордендердi, мед...

Толық оқу »

30-бап. "Алтын алқа" және "Күмiс алқа" алқаларының Қазақстан Республикасының ордендерi мәртебесi болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

30-бап. "Алтын алқа" және "Күмiс алқа" алқаларының Қазақстан Республикасының ордендерi мәртебесi болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы ЗаңыҚазақстан...

Толық оқу »

38-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

38-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы...

Толық оқу »

37-бап. "Күміс алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналарға жеңілдіктер жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен белгіленуі мүмкін.  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

     37-бап. "Күміс алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналарға жеңілдіктер жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен белгіленуі мүмкін. Қазақстан Республикасының мемлекеттi...

Толық оқу »

34-бап. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері "Отан" орденіне немесе "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне ие болған азаматтарды наградтау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабына жазылады. IХ. Мемлекеттiк наградалардың және олармен наградталған адамдардың мәртебесi  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

      34-бап. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері "Отан" орденіне немесе "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне ие болған азаматта...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 383-бабы. Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 383-бабы. Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу туралы түсініктеме1. Құқықтар беретін немесе мінде...

Толық оқу »