406-бап. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау қосымша немесе қосалқы өлшемшарт түрлері пайдаланыла отырып, өлшемшарттардың негізгі түрлері негізінде жүргізіледі.
2. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттары –халық денсаулығы жай-күйінің және қоршаған орта сапасының нашарлауын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.
3. Төтенше экологиялық жағдай аймағын немесе экологиялық зілзала аймағын айқындау қолайсыз экологиялық ахуалдың неғұрлым жоғары дәрежесін көрсететін бір немесе бірнеше негізгі және қосымша көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.
4. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын әзірлеу кезінде қоғамдық экологиялық бақылау нәтижелері бар болса, солар ескеріледі.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы