Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 

      1. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 294-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –  

      ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне салғырт қарауы немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқу және тәрбие беру процесі кезінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен жұмыскерлерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, – 

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      3-1. Алып тасталды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

      4. Білім беру ұйымдарының талаптарды: 

      1) білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау; 

      2) білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау; 

      3) білім алушыларды білім беру ұйымының үлгілері бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау; 

      4) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің үлгілік қағидаларын сақтамау; 

       5) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлерін лауазымдарға конкурстық орналастырудың үлгілік қағидаларын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық –  

      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      4-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған (кері қайтарып алынған), қолданысы тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мерзімде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы құрылтайшысының (құрылтайшыларының) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстыруды және олардың жеке істерін беруді және (немесе) білім алуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдардың жеке істерін, сондай-ақ алдыңғы жылдары білім беру ұйымында оқуын аяқтаған адамдардың жеке істерін және білім туралы құжаттарының көшірмелерін тиісті мемлекеттік архивке беруді қамтамасыз етпеуі –  

      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

      4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – 

      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

      5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі – 

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      6. Көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын өзге де бұзушылықтар – 

      лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      7. Осы баптың бірінші – алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – 

      рұқсат беру құжатынан айырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      7-1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, қызметін хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –  

      қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      7-2. Білім беру ұйымдарының балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, Интернет желісіне білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы – 

      лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

      7-3. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын: 

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту; 

2) педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру, сондай-ақ оған құжаттарды бір мезгілде қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жүргізу міндетін жүктеу;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексеру жүргізу; 

      4) педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеу; 

      5) мемлекеттік білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық – 

      ескерту жасауға алып келеді. 

      7-4. Осы баптың 7-3-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

      лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

      7-5. Мыналарды: 

      1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған; 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; 

      3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған; 

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ; 

      5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулері бар адамдарды педагогтің кәсіптік қызметіне жіберу – 

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

      7-6. Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде масс-медианы немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту – 

      жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

      7-7. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – 

      ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

      7-8. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

      жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 

      7-9. Осы баптың 7-7-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

      ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

      8. Сабақтар мен жарыстар өткізілетін орындарды спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау – 

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      9. Мемлекет меншігіне жататын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дәрежедегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын салмай тұрып жою, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгерту – 

      лауазымды адамдарға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      10. Спорттық іс-шараларға қатысушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру жөніндегі талаптарды сақтамау – 

      заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – 

      бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      12. Жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның спортшының келісіміне қарамастан, спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануынан не тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді спортшының пайдалануына немесе спортшыға қатысты пайдалануға жәрдемдесуден көрінген Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бұзуы – 

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

      Ескертпе. Осы бапта спортшының немесе спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға жәрдемдесу деп спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға ықпал ететін кез келген әрекеттер, оның ішінде кеңестер, нұсқаулар, ақпарат беру, тыйым салынған субстанцияларды, тыйым салынған әдістерді қолдану құралдарын беру, спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға кедергілерді жою, сондай-ақ спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалану іздерін жасыру түсініледі. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы сот актілерін орындау

Талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы сот актілерін орындауАтқарушылық іс жүргізу туралы заңның 9-бабының 4-1) тармақшасына...

Толық оқу »

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 1 Нормативті...

Толық оқу »

427-бап. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

427-бап. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қаза...

Толық оқу »

273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды ұсынбау, ұсынудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжатта...

Толық оқу »

199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекiні және темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды имитациялайтын тауарларды өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекiні және темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, те...

Толық оқу »

333-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін көлiк құралдарын және басқа да жылжымалы құралдарды шығару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

333-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін көлiк құралдарын және басқа да жылжымалы құралдарды шығару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақс...

Толық оқу »

885-бапқа түсініктеме. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін орындауға айыппұл төлеу қажеттігі туралы Нұсқаманы қолдану

885-бапқа түсініктеме. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін орындауға айыппұл төлеу қажеттігі туралы Нұсқ...

Толық оқу »

403-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

403-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі  1. Фитосанитариялық есептiлiк...

Толық оқу »

478-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

478-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі  1. Төтенше жағдай немесе со...

Толық оқу »

421-бап. Құрамында есiрткi бар егiстiктердi күзетудiқамтамасыз етуге шаралар қолданбау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

421-бап. Құрамында есiрткi бар егiстiктердi күзетудiқамтамасыз етуге шаралар қолданбау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Сора, көкнәр нем...

Толық оқу »

456-бап. Шығарылым деректерiн хабарлау тәртiбiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

   456-бап. Шығарылым деректерiн хабарлау тәртiбiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi...

Толық оқу »

424-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

424-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Қызметтiң осы түрiне арналған серти...

Толық оқу »

602-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

602-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы Әкімшілік...

Толық оқу »

539-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына есептiлiктi ұсынбау не анық емес есептілікті ұсыну және есепке алуды жүргiзу тәртiбiн сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

539-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына есептiлiктi ұсынбау не анық емес есептілікті ұсыну және есепке алуды жүргiзу тәртiбiн сақтамау Әкімшілік құқық бұ...

Толық оқу »

550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып өткiзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып өткiзу Әкімші...

Толық оқу »

565-1-бап. Азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

565-1-бап. Азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Авиациялық м...

Толық оқу »

597-бап. Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

597-бап. Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Осы баптың екінші, үшінші бөлі...

Толық оқу »

618-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

618-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды не...

Толық оқу »

665-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

665-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Прок...

Толық оқу »

693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодекс...

Толық оқу »

829-9-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезінде қабылданатын сот шешімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

829-9-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған о...

Толық оқу »

753-бап. Жәбiрленушiнiң өкiлi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

753-бап. Жәбiрленушiнiң өкiлi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iстi жүргiзу кезiнде жәбір...

Толық оқу »

158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Респу...

Толық оқу »

100-бап. Жеке немесе заңды тұлғаның берген шағымын оған зиянды болатындай етiп бағыттау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

100-бап. Жеке немесе заңды тұлғаның берген шағымын оған зиянды болатындай етiп бағыттау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі - ҚР Заңымен алынып...

Толық оқу »

202-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

202-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Ко...

Толық оқу »

217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша есептерді ұсыну тәртібін бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің бойынша есептерді ұсыну тәртібін бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Валюталық бақылау аге...

Толық оқу »

234-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

234-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі1. Республикалы...

Толық оқу »

410-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

410-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн, номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлi...

Толық оқу »

278-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

278-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі1. Салық...

Толық оқу »

321-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

321-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру Әкімшілік құқық бұзушылық...

Толық оқу »

440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жергiлiктi атқарушы...

Толық оқу »

892-бап. Ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

892-бап. Ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Ескерту. 892-баптың тақы...

Толық оқу »

443-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

443-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі    1. Қоғамдық тәртіпт...

Толық оқу »

898-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны орындау бойынша iс жүргiзудi аяқтау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

898-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны орындау бойынша iс жүргiзудi аяқтау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Айыппұл толық өндіріп алынған...

Толық оқу »

496-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

496-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі    1. Қазақстан Республикасының азаматты...

Толық оқу »

471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындама...

Толық оқу »

559-бап. Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

559-бап. Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі   1. Темiржол арқылы а...

Толық оқу »

567-бап. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідіртілген, орындалмаған кезде тасымалдаушының жолаушыға қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

     567-бап. Рейс мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауыӘкімшілік құқық бұзуш...

Толық оқу »

571-1-бап. Автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін), жол парағын ұсынбауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

571-1-бап. Автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін), жол парағын ұсынбауы Әкімшілі...

Толық оқу »

573-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

573-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Ре...

Толық оқу »

608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқ...

Толық оқу »