260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн, номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы