471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бюджетке аударуына жататын салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің сомаларын осы бөлiкте көрсетiлген органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға, нотариустарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салықтық бақылау нәтижелері бойынша анықталған және бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды орындамауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, нотариустарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының осы бапта пайдаланылатын ұғымы мен терминдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында пайдаланылатындай мағынада ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы