550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып өткiзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Осы Кодекстің 555-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кіріс органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтамауға негіз болатын құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсына отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен немесе уақытша сақтау қоймасына орналастыру, сондай-ақ қолдан жасалған сәйкестендіру құралын не басқа тауарлар мен көлік құралдарына қатысты төлнұсқа сәйкестендіру құралын пайдалану , егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және (немесе) көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы