417-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты және Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін жасауы және сараптама ұйымының тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі қағидаларды бұза отырып, тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін беруі –
тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар аттестаттарының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сараптама ұйымдарына үш айға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. - ҚР Заңымен алынып тасталды.
2. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тарту –
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Тауар шығарылған елді, айқындау жөніндегі қағидаларды бұза отырып, уәкілетті ұйымның тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруі –
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу үшiн сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын бұрмаланған және (немесе) анық емес құжаттарды ұсыну –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы