Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 58-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

58-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

58-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы куәландыратын және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы немесе әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген жағдайларда – тауар әкетілетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы берген, белгілі бір нысандағы құжат болып табылады.

      Тауардың шығарылған жері туралы сертификатқа, оның ішінде оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленеді.

      2. Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификатта тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында қолданылуы белгіленген өлшемшарттардан өзгеше өлшемшарттарға негізделсе, тауардың шығарылған жері туралы мұндай сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.

      3. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген кезде, егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат келісімшарттың талаптары бойынша, тауарлар әкелінетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) қағидалары бойынша қажет болса немесе егер тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың болуы әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында көзделсе, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары немесе уәкілетті ұйымдары тауардың шығарылған жері туралы сертификат береді.

      Тауардың шығарылған жері туралы сертификат берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары немесе уәкілетті ұйымдары оның көшірмесін және өздерінің негізінде тауардың шығарылған жері айқындалған өзге құжаттарды тауардың шығарылған жері туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтауға міндетті.

      4. Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар бұзыла отырып ресімделсе, тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

417-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты және Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

417-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты және Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу Әкімшілік...

Толық оқу »

60-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

60-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі 1. Тауардың шығарылған жері туралы алдын...

Толық оқу »

57-бап. Тауардың шығарылған жері туралы декларация Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

57-бап. Тауардың шығарылған жері туралы декларация Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі 1. Тауарға қатысы бар және тауар шығарылған елдің (елдер тобыны...

Толық оқу »

63-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату немесе оны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

63-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату немесе оны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу т...

Толық оқу »

61-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

61-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі 1. Кеден органы тауардың шығарылған...

Толық оқу »

62-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау мерзімі және оның қолданыс мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

62-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау мерзімі және оның қолданыс мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі 1. Тауардың шы...

Толық оқу »