60-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі осы тарауда айқындалады.
2. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді уәкілетті орган айқындаған кеден органдары (бұдан әрі осы тарауда – кеден органы) қабылдайды.
3. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім нақты елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауардың әрбір атауы бойынша қабылданады.
4. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің нысанын, оны толтыру және тауардың шығарылған жері туралы осындай алдын ала шешімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.
5. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді алған тұлға оны жоғалтып алған жағдайда, кеден органы тауардың шығарылған жері туралы жоғалтылған алдын ала шешім туралы мәлімет қамтылған өтініш негізінде, кеден органына өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай тұлғаға тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің телнұсқасын береді.
Телнұсқа берілген кезде алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым алынбайды.
Телнұсқаны алу үшін өтініш иесі тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдаған кеден органына электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде, еркін нысанда өтініш жібереді.
Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің телнұсқасында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің түпнұсқасында қамтылған барлық мәліметтер, оның ішінде тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі мен қабылданған күні көрсетіледі және "Телнұсқа" деген белгі қойылады.
Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім түпнұсқасының қолданыс мерзімі тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім телнұсқасының қолданыс мерзімі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы