127-бап. Преюдиция ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Соттың қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген үкімі, сондай-ақ қылмыстық істі мәні бойынша шешетін басқа да шешiмі анықталған мән-жайларға да, олардың соттың үкімі мен шешімі шығарылған адамға қатысты құқықтық бағалануына қатысты да барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi. Бұл ереже соттың үкімі мен басқа да шешiмдерiн кассациялық тәртіппен, сондай-ақ жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша тексеруге, олардың күшiн жоюға және оларды өзгертуге, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде кедергi болмайды.
2. Соттың азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмi сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргізетін орган үшiн оқиғаның немесе әрекеттiң орын алғаны не алмағаны туралы мәселе жөнiнде ғана мiндеттi және ол сотталушының кiнәлiлігі немесе кiнәсіздігі туралы түйіндерді алдын ала шешпеуге тиiс.
ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 23 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 127-бабының екінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.
3. Соттың заңды күшiне енген, өзінде талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкiмi сот үшiн оның азаматтық iсті қарауы кезiнде осы бөлiгінде мiндеттi.
4. Нақ сол күдік бойынша қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны туралы қаулыдан басқа, қылмыстық қудалау органы қаулысының сот үшiн мiндеттi күшi болмайды.
ҚР Конституциялық Сотының 05.07.2024 № 47-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 127-бабының төртінші бөлігі төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды: "Қылмыстық қудалау органы қаулысының сот үшін преюдициялық маңызы болмайды. "Нақ сол күдік бойынша қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны туралы қаулыдан басқа," деген ескертпені іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын және өзіне қатысты қылмыстық қудалау органының нақ сол күдік бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 8) тармағына сәйкес қабылданған, күші жойылмаған қаулысы бар адамды соттауға жол бермейтін мән-жай ретінде түсіну керек.".
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы