454-бап. Кідіртілген тауарларды және оларға арналған құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кідіртілген тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары күнтізбелік отыз күн бойы, ал тез бұзылатын тауарларды – жиырма төрт сағат бойы сақтайды.
2. Кеден органы осы Кодекстің 32-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кідірткен тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары күнтізбелік үш күн бойы сақтайды.
3. Кідіртілген тауарларды және оларға арналған құжаттарды сақтау мерзімі олар кідіртілген күннен бастап есептеледі.
4. Тез бұзылатын тауарлардың тізбесі осы Кодекстің 147-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы