46-23-бап. Арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұсталатын, ұстауға алынған адамдардың құқықтары мен міндеттері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң
Ескерту. 46-23-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ұстауға алынған адамдар:
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы үй-жайда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда ұстау режимі туралы ақпарат алуға;
2) арнаулы үй-жайда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
3) материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қызмет көрсетуді алуға;
4) полиция, әскери полиция органдарының басшысына, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу мәселелері бойынша жүгінуге құқығы бар.
2. Арнаулы үй-жайларға, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға орналастырылған адамдар тиісінше полиция органының, әскери полиция органының басшысы бекітетін арнаулы үй-жайдың, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдың ішкі тәртіптеме қағидаларын орындауға міндетті.
Ескерту. 46-23-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы.
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы