43-бап. Қылмыстық iстердi бiрiктiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайласып жасаған бірнеше адамға қатысты қылмыстық iстер, бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты істер, сондай-ақ осы қылмыстарды күнi бұрын уәде бермей жасырғандығы немесе олар туралы айтпағандығы үшін күдік келтірілетін, айыпталатын адамға қатысты істер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрілуi мүмкiн.
Бір іс жүргізуде пара алу, пара беру, парақорлықта делдалдық ету немесе параға коммерциялық сатып алу жөніндегі өзара байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істер де біріктірілуі мүмкін.
2. Күдікті анықталмаған, бірақ бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты бір адам немесе адамдар тобы жасады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайларда да қылмыстық істерді біріктіруге жол беріледі.
3. Қылмыстық істердi бiрiктiру қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде жүргізіледі. Қылмыстық қудалау органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға және қорғаушы тарапқа жіберіледі.
4. Мыналар:
1) әртүрлі адамдарға қатысты бірдей күдіктенулер, айыптаулар;
2) жекеше айыптау ісі қаралып жатқан жағдайлардан басқа, бір-біріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған адамдарға қатысты күдіктенулер, айыптаулар;
3) біреуі бойынша қылмыстық қудалау – жекеше тәртіппен, ал екіншісі бойынша – жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын істер;
4) бірге қаралуы істі объективті қарауға кедергі келтіруі мүмкін барлық басқа да күдіктенулер, айыптаулар бір іс жүргізуге біріктірілмеуге тиіс.
5. Алып тасталды – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқығы адамдарға өздеріне қатысты бiрiктiрiлген iстер бойынша ғана тиесiлi болады.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы