58-бап. Тапсырма бойынша өкілдік ету Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Мына тұлғалар:
1) адвокаттар;
2) мыналар:
заңды тұлғалардың істері бойынша – осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері, ал мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша – осы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;
өзге заңды тұлғалардың істері бойынша, егер мұндай заңды тұлғалар сол бір тұлғаның бақылауында (тікелей немесе жанама) болса, заңды тұлғалардың жұмыскерлері;
3) кәсіптік одақтардың – құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша уәкілетті өкілдері;
4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті өкілдері;
4-1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
5) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;
6) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған адамды қоспағанда, өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады.
3. Адвокат өкілдік ету кезінде адвокат куәлігіне және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаға сәйкес қажетті процестік әрекеттерді жасауға құқылы. Адвокаттың осы Кодекстің 60-бабының бірінші бөлігінде санамаланған процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері сенімхатта көрсетілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы