Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 62-бап. Салықтық міндеттемені орындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

62-бап. Салықтық міндеттемені орындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

62-бап. Салықтық міндеттемені орындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық міндеттемені орындауды өзі дербес жүзеге асырады. 

     2. Салық төлеуші салықтық міндеттемені орындау үшін мынадай әрекеттер жасайды: 

     1) салық органында тіркеу есебіне тұрады; 

     2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді; 

     3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салықтық база мен салықтық мөлшерлемелерді негізге ала отырып, салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің сомаларын есептейді; 

     4) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептейді; 

     5) салықтық нысандарды және осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарды жасайды және салық органдарына ұсынады; 

     6) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомаларын, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді; 

     7) осы Кодексте көзделген жағдайларда өсімпұлдар мен айыппұлдардың есепке жазылған сомаларын төлейді. 

     3. Салықтық міндеттемені орындау үшін салық агенті мынадай әрекеттер жасайды: 

     1) төлем көзінен ұсталатын салықтардың сомаларын есептейді; 

     2) салықтық есептілікті және осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарды жасайды және салық органдарына ұсынады; 

     3) төлем көзінен ұсталатын салықтардың есептелген және есепке жазылған сомаларын ұстайды және аударады; 

     4) әрбір салық төлеуші бойынша есепке жазылған және төленген кірістердің, төлем көзінен ұсталатын, ұсталған және бюджетке аударылған салықтарды есепке алуды жүргізеді; 

     5) осы Кодексте көзделген жағдайларда өсімпұлдар мен айыппұлдардың есепке жазылған сомаларын төлейді. 

     4. Салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені, Қазақстан Республикасының заңнамасында төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютамен төлеу тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындайды. 

     5. Салық төлеушінің салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі, сондай-ақ салық агентінің салықты аудару (төлеу) бойынша салықтық міндеттемесі: 

     1) қолма-қол ақшасыз нысанда: 

     банк ұйымы міндеттеме сомасына төлем тапсырмасын орындауға алған; 

     төлем жүзеге асырылған, оның ішінде осы тармақшаның екінші абзацында көзделмеген төлем құралы арқылы есепке жатқызу арқылы жүзеге асырылған күннен бастап; 

     2) қолма-қол ақша нысанында – көрсетілген сомаларды: 

     банк ұйымдарына; 

     уәкілетті мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып есептеледі. 

     6. Осы баптың 5-тармағында көзделген ережелерге қарамастан, салық агенті салықты ұстап қалу арқылы орындайтын, салық төлеушінің салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалды деп есептеледі. 

     Салық агенті салықты ұстап қалмай өз қаражаты есебінен орындайтын салық төлеушінің ұстап қалуға жататын салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемесі осы баптың 5-тармағына сәйкес орындалды деп есептеледі. 

     7. Салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені және әлеуметтік міндеттемені орындау кезінде ақша жөнелтуші төлем құжаттарында салық төлеушінің тегін, атын және әкесінің атын немесе атауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірін көрсетеді. 

     8. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттеме осы Кодекске сәйкес есепке жатқызу жүргізу арқылы орындалуы мүмкін. 

     9. Осы баптың 5-тармағына сәйкес айқындалатын күн салықты, бюджетке төленетін төлемді, әлеуметтік төлемді, өсімпұлдарды және айыппұлды төлеу күні деп танылады. 

     10. Салықтық берешекті өтеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: 

     1) бересі сомасы; 

     2) есепке жазылған өсімпұлдар; 

     3) айыппұлдар сомасы.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

62-бап. Заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салықтық міндеттемені орындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жеріндегі салық органына жазбаша хабарлайды.  

      Беру актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:  

      1) таратудың салықтық есептілігін;  

      2) беру актісін ұсынады. 

      Таратудың салықтық есептілігі бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердың түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша осындай есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме туындаған салықтық кезеңнің басынан бастап оны салық органына ұсынған күнге дейінгі кезең үшін жасалады. 

      Таратудың салықтық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттеме бірігу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген әрбір заңды тұлғаға, қосылу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қосылған заңды тұлғаға жүктеледі. 

      Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі. 

      Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде мұндай тұлға бөлу балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жеріндегі салық органына көрсетілген балансты ұсынады. 

      2. Таратудың салықтық есептілігін ұсынуды қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.  

      3. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеуге құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      4. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі оның салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуге негіз болып табылмайды.  

      5. Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс.  

      Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға есепке жатқызылуға тиіс.  

      6. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтық берешек болмаған кезде:  

      1) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады;  

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде осы Кодекстің 101-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.  

      7. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығын төлеуші - қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада қайта ұйымдастырылу күніне жиналып қалған қосылған құн салығының асып кетуі оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жатады. 

      Бұл ретте бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жататын қосылған құн салығының асып кетуі құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілетін негізгі құралдардың қалдық құнының үлесіне пропорционалды түрде айқындалады. 

      Негізгі құралдардың қалдық құны бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның бөлу балансы негізінде айқындалады. 

      Осы тармақ бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған жағдайда қолданылады. 

      8. Салық органы заңды тұлғаны мынадай жолмен қайта ұйымдастыру туралы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде: 

      1) бірігу – жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына беру актісінің негізінде береді;  

      2) қосылу – қосылған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны аталған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына беру актісінің негізінде береді;  

      3) бөлініп шығу – жаңадан құрылған заңды тұлғаны бөліп шығарған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына бөлу балансының негізінде береді.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

218-бап. Үлестi меншiктегi мүлiктiң бөлiнуi және одан үлестi бөлiп шығару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

218-бап. Үлестi меншiктегi мүлiктiң бөлiнуi және одан үлестi бөлiп шығару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Үлестi меншiктегi мүлiк оған қатысушылар арасындағы ке...

Толық оқу »

221-бап. Бiрлескен меншiктегi мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

221-бап. Бiрлескен меншiктегi мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Ортақ меншiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында...

Толық оқу »

221-бапқа түсініктеме. Бірлескен меншіктегі мүлікті бөлу және одан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлесін бөлу

221-бапқа түсініктеме. Бірлескен меншіктегі мүлікті бөлу және одан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлесін бөлу Бірлескен меншікке қатысушылардың бірлескен меншік қ...

Толық оқу »

218-бапқа түсініктеме. Үлестік меншіктегі мүлікті бөлу және одан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлесін бөлу

218-бапқа түсініктеме. Үлестік меншіктегі мүлікті бөлу және одан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлесін бөлу Түсіндірме мақала ортақ үлестік меншіктегі мүліктің бө...

Толық оқу »

509-бап. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Налогового Кодекса Республики Казахстан

509-бап. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Налогового Кодекс...

Толық оқу »

231-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

231-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Егер үстем...

Толық оқу »

125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі    ...

Толық оқу »

125-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу

125-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау...

Толық оқу »

45-бап. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу Орман кодексі Қазақстан Республикасының

45-бап. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу Орман кодексі Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

57-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi (ортақ үлестiк жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлісу және одан үлестi бөлiп шығару Жер кодексі Қазақстан Республикасының

57-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi (ортақ үлестiк жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлісу және одан үлестi бөлiп шығару Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Ортақ үлес...

Толық оқу »