669-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-бөліктің екінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу –
он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктеріне көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Соттың әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілетін адамның бақылау жасала отырып, өздігінен кетуі үшін соттың шешімінде көрсетілген мерзім өткен кезден бастап отыз тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде анықталған жағдайда, ол осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы