Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 74-5-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

74-5-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

74-5-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы -Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы Заңы күші жойылды Қабылданған 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ  Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі  туралы Заңымен.  

      1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы рұқсатының не уәкілетті органның рұқсаты болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органы мәлімдемесінің (қызметті ерікті түрде тоқтату) негізінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шешімі бойынша;

      2) уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімінің немесе осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда сот шешімінің (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтату рәсімдерінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.

      Қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кредиторлар комитетінің құрамын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының ұсынуы бойынша уәкілетті орган бекітеді. Кредиторлар комитетін қалыптастырудың және оның қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      Өтінішхатқа Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті органы бекіткен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын активтер мен міндеттемелер туралы есеп және тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату осы Заңның 69-бабының 2, 2-1 және 5-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы тарату комиссиясын құрады.

      Қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік жеті күн ішінде оны уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімі аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен архивке тапсыруға және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының барлық кредиторының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін пайдаланады.

      4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату уәкілетті органның осы Заңда көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айыруына байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін банк қызметін жүргізуге арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуды сондай-ақ сот уәкілетті мемлекеттік органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы өтінішіне (талап қоюына) байланысты жүргізеді.

      Соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі осы бапта белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату рәсімін жүргізу үшін уәкілетті органға жіберіледі. Соттың осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылады.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды, ол Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүзеге асырады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап:

      1) мыналарға:

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының пайдасына түскен ақшаны есепке жатқызуға;

      банктік шоттары жабылған тұлғалардың пайдасына түскен және түсетін ақшаны, сондай-ақ қате көрсетулер бойынша түскен және түсетін ақшаны қайтаруға;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын лицензиядан айырғаннан кейін клиенттің Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің алдында берешегінің болмауы немесе клиенттің Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің алдындағы бар берешегін өтеуі шартымен клиенттердің өздерінің банктік шоттарына түскен ақшаны аудару жөніндегі нұсқауларын орындау бойынша шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы клиенттерінің және филиалдың өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері тоқтатылады, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі және жұмыстан шығарылады;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің құрылтайшылары (қатысушылары), органдары, басшы қызметкерлер Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне билік етуге құқылы болмайды;

      4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының талаптары, оның ішінде даусыз тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының банктік шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қатысты соттардың бұрын қабылданған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

      6) негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу жөніндегі міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және өзге де мәмілелерге сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының борышкерлері орындайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі осы Заңның 73-бабының 3, 4, 4-1, 5 және 6-тармақтарына және 74-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібі, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      Тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және олармен кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып жасасқан келісімде реттеледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және тартылған өзге де қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының он еселенген ең төмен мөлшері сомасынан аспауға тиіс.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының конкурстық тарату массасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының конкурстық тарату массасына инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік кірмейді. Көрсетілген мүлік, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелер тарату комиссиясының басқа ислам банкіне немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалына беруіне жатады.

      Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оларға қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлкін және инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының активтерін, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерін және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаны пайдалануға құқылы.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының активтері, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын осы Заңның 26-бабы 2-2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға бұрын ұсынылған жазбаша міндеттемеге (растауға) сәйкес қанағаттандырады.

      Уәкілетті орган тарату туралы есепті бекітеді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен архивке тапсыруға және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиалдың есептік тіркеуден шығарылғаны туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) негіздері бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      1) осы баптың 5-тармағы он төртінші бөлігінің ережелері қолданылмайды;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы осы Заңның 74-2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы активтерінің, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаның есебінен жүргізеді;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін тарату рәсімінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алмасу уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасында ақпарат алмасу туралы келісімде көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Уәкілетті орган қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды осы Заңның 74-4-бабына сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

57-бапқа түсініктеме. Заңды тұлға-Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің банкроты қызметін тоқтату

57-бапқа түсініктеме. Заңды тұлға-Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің банкроты қызметін тоқтату Банкрот қарыздардан босатылғаннан және кредиторлардың талаптары қанағат...

Толық оқу »

22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметiн тоқтату  Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Заңы

22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметiн тоқтатуЭлектрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Заңы -Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексін...

Толық оқу »

38-бап. Дара кәсiпкердің қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

38-бап. Дара кәсiпкердің қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Дара кәсiпкердiң қызметi ерiктi түрде не мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Ко...

Толық оқу »

72-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру  (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату Сақтандыру қызметі туралы Заңы

72-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату Сақтандыру қызметі туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасы бейр...

Толық оқу »

69-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін тоқтату  Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

69-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін тоқтату Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы      1. Осы Заңның 61, 68-ба...

Толық оқу »

49-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

49-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Егер қожалықтың қызметiн жалғастырғысы келетiн бiрде-бiр қожалық...

Толық оқу »

104-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметін тоқтату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

104-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметін тоқтату ҚазақстанРеспубликасындағыбанктержәнебанкқызметітуралы Заңы      1. Банкті басқару жөніндегі уақытша әк...

Толық оқу »

109-бап. Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлеу тәртібімен тоқтату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

109-бап. Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлеу тәртібімен тоқтату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген және тала...

Толық оқу »

57-бап. Банкрот болған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

57-бап. Банкрот болған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Заңды тұлғаны соттың банкрот деп тануы оның таратылуына әкелiп соқтырад...

Толық оқу »

66-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін тоқтату Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

66-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін тоқтату Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Көппәтерлі тұрғын үй құрылысының аяқталуы Қазақстан Республикасының сәулет,...

Толық оқу »

56-бап. Куәландырушы орталық қызметінің тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

56-бап. Куәландырушы орталық қызметінің тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі      1. Куәландырушы орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында бел...

Толық оқу »