56-бап. Куәландырушы орталық қызметінің тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі
1. Куәландырушы орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
2. Өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда куәландырушы орталық қызметі тоқтатылғанға дейін күнтізбелік тоқсан күн бұрын ол қызмет көрсететін цифрлық жүйелердің барлық қатысушыларын және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.
3. Куәландырушы орталықтың қызметі тоқтатылған кезде ол берген электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттары және электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегерлері туралы мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегерімен келісу бойынша басқа куәландырушы орталықтарға беріледі.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттары және басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері өз қолданысын тоқта тады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы