109-бап. Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлеу тәртібімен тоқтату Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген және талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) салықтық есептілікті дербес ұсынбаған;
2) экспорттық-импорттық операциялар жасамаған;
3) банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
4) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
5) басқа заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы болып табылмайтын;
6) салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрмаған;
7) жеке тұлғаларға мүлік, көлік құралдары салығын, жер салығын салу объектілерін қоспағанда, меншік құқығында көрсетілген салықтарды салу объектілері жоқ;
8) әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
9) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі жоқ салық төлеушінің қызметі мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылуға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері:
1) салықтық мониторингке жататын;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметті жүзеге асыратын;
3) камералдық бақылау нәтижелері, салықтық тексерулер бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған немесе түсініктеме беру арқылы орындалған хабарламасы бар салық төлеушіге – мұндай бұзушылықтар болған кезде;
4) өзіне қатысты сот орындаушылары және (немесе) басқа да уәкілетті органдар шаралар (қамауға алу, шектеулер) қолданған;
5) ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мақсаттары үшін валюталық бақылау рәсімдері аяқталмаған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың тарапы болып табылатын немесе болып табылған;
6) талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған салық төлеушіге қолданылмайды.
Салық төлеушіні әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізу кезінде ескерілген мерзім қызметті мәжбүрлеп тоқтату кезінде қаралатын кезеңге қосылады.
2. Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатуды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес заңды күшіне енген сот актісінің негізінде салық органы жүргізеді.
Қызметі мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылған салық төлеуші заңды күшіне енген сот актісінің негізінде салықтық тіркеу тәртібімен салық органының тіркеу есебінен шығарылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы