Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 74-бап. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

74-бап. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

74-бап. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 

      1. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өз құзыреті шегінде мынадай арнаулы іс-шараларды жүргізеді:

      1) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына байланысты психикасы, мінез-құлқы бұзылған (ауыратын) адамдарды анықтау, есепке қою және оңалту;

      2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану;

      3) динамикалық есепте тұрған адамға денсаулық сақтау ұйымдарында одан әрі профилактикалық байқау үшін медициналық зерттеп-қараудан өту қажеттігі туралы ресми алдын ала ескерту шығару;

      4) есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз сақтаудың, олардың айналымының, оларды тасудың, өткізу мен пайдаланудың, оларды тұтынудың, сондай-ақ алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру мен өткізудің алдын алу;

      5) психикаға белсенді әсер ететін заттардың әсерімен, масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, себептері мен жағдайларын анықтау және жою;

      6) жергілікті атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат берген сауда ұйымдары мен көпшілікті тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішетін немесе қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдағы адамгершілік нормаларын қорлайтындай масаң күйде болатын адамдарды анықтау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарының бұзылуын анықтау;

      8) құқық бұзушының не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды жүзеге асыру.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 330-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында масаң күйде жасалатын құқық бұзушылық профилактикасы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігіне баға беріледі.

      3. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру ішкі істер органдарына жүктеледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

18-бап. Масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

18-бап. Масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Алкогольдi, есiрткi, психотроптық зат...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мас күйінде болуы кезіндегі қылмыстық жауаптылығы

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мас күйінде болуы кезіндегі қылмыстық жауаптылығыҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 18-бабы алкогольд...

Толық оқу »

18-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы

18-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы Алкогольді, есірткіні немесе басқа да мас...

Толық оқу »

440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жергiлiктi атқарушы...

Толық оқу »

619-1-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің мас күйінде жүрген жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу

619-1-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің мас күйінде жүрген жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу 1. Көлік құралда...

Толық оқу »

619-1-бап. Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

619-1-бап. Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Көлiк құралдарының техникалық жа...

Толық оқу »

440-бапқа түсініктеме. Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің мас күйінде пайда болуы

440-бапқа түсініктеме. Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің мас күйінде пайда болуы 1. К...

Толық оқу »

Мас күйіндегі жүргізушінің көлік құралын басқару жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс

Мас күйіндегі жүргізушінің көлік құралын басқару жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс2025 жылғы 15 Шілдеде 7528-25-00-3/25880 б. К., адвокат С. Д. Нығметовқа қатысты...

Толық оқу »