Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 8-бап. Дауды төреліктің шешуіне беру Төрелік туралы Заңы

8-бап. Дауды төреліктің шешуіне беру Төрелік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Дауды төреліктің шешуіне беру Төрелік туралы Заңы 

      1. Тараптар арасында жасалған төрелік келісім болған кезде дауды төреліктің қарауына беруге болады. 

      2. Төрелік келісімді тараптар арасында қандай да бір нақты азаматтық-құқықтық қатынас бойынша туындаған немесе туындауы мүмкін дауларға қатысты тараптар жасауы мүмкін. 

      3. Соттың қарауында жатқан дауға қатысты төрелік келісім аталған сот дау бойынша шешім қабылдағанға дейін жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. 

      4. Талаптарын тараптардың бірі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда айқындаған және басқа тарап ұсынылған шартқа тұтастай қосылуы (қосылу шарты) арқылы ғана қабылдауы мүмкін болған шарт бойынша, сондай-ақ коммерциялық ұйым мен дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға арасындағы қарыз шарты бойынша дауды шешу туралы төрелік келісім, егер мұндай келісім талап қою үшін негіздер туындағаннан кейін жасалса, жарамды болады. 

      5. Төрелікке тараптардың келісімі бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған даулар берілуі мүмкін. 

      6. Егер тараптар өзге жөнінде уағдаласпаса, дауды тұрақты әрекет ететін төрелікке беру кезінде тұрақты әрекет ететін төреліктің регламенті төрелік келісімнің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырылады. 

      7. Төрелік келісімнің қолданысы тараптар оны қандай тәртіппен жасасса, сондай тәртіппен тоқтатылуы мүмкін. 

      8. Кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың мүдделері қозғалатын даулар, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен олардың қарыз алушы-жеке тұлғалары арасындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша, оңалту және банкроттық туралы, табиғи монополиялар субъектілері мен олардың тұтынушылары арасындағы, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы даулар төреліктің қарауына жатпайды. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары қарыз алушы-жеке тұлғалармен жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша берілген құқықтар (талаптар) бойынша коллекторлық агенттіктерге қолданылады. 

      9. Төрелік жеке мүліктік емес қатынастардан туындайтын, мүлікке байланысты емес дауларды қарауға құқылы емес. 

      10. Төрелік бір жағынан Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары және екінші жағынан мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар арасындағы дауларды тиісті саланың уәкілетті органының (республикалық мүлікке қатысты) немесе жергілікті атқарушы органның (коммуналдық мүлікке қатысты) келісімі болмаған жағдайда қарауға құқылы емес. 

      Төрелік келісім жасауға ниеттенген мемлекеттік органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық мүлікке қатысты) немесе жергілікті атқарушы органға (коммуналдық мүлікке қатысты) төрелік талқылауға жұмсалатын шығыстардың болжамды сомаларын көрсетіп, осындай келісім жасауға келісім беру туралы сұрау салу жолдауға тиіс. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган күнтізбелік он бес күн ішінде сұрау салуды қарауға және кері қайтарып алынбайтын келісім беру немесе келісім беруден уәжді бас тарту туралы жазбаша хабарлама жолдауға міндетті. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган сұрау салуды қараған кезде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен мүдделерін ескеруге тиіс. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ. 

       МАЗМҰНЫ 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында төрелік қызмет процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төрелік шешімдерді танудың және орындаудың тәртібі мен шарттарын реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

24-бапқа түсініктемелер. Дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен шешу. Дауды Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі төрелігінің шешуіне беру

24-бапқа түсініктемелер. Дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен шешу. Дауды Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі төрелігінің шешуі...

Толық оқу »

253-бап. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

253-бап. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Егер төрелік шешiм онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған...

Толық оқу »

11-бап. Қазақстанның Төрелік палатасын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Төрелік туралы Заңы

11-бап. Қазақстанның Төрелік палатасын құру, қайта ұйымдастыру және таратуТөрелік туралы Заңы      1. Қазақстанның Төрелік палатасы (бұдан әрі – Төрелік палата) – Қазақстан Ре...

Толық оқу »

482-бап. Шет мемлекеттің төрелiк талқылауға қатысты иммунитеттен бас тартуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

482-бап. Шет мемлекеттің төрелiк талқылауға қатысты иммунитеттен бас тартуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Егер шет мемлекет туындаған немесе болашақ...

Толық оқу »

50-бап. Төрелік шешiмдi түзету және түсiндiру. Қосымша төрелік шешiм Төрелік туралы Заңы

50-бап. Төрелік шешiмдi түзету және түсiндiру. Қосымша төрелік шешiмТөрелік туралы Заңы      1. Егер тараптар келісімімен немесе регламентте өзге мерзiм белгіленбесе, төрелiк...

Толық оқу »

Төрелік шешімге дау айту төрелік шешім оны орындау нәтижесінде заңмен тікелей тыйым салынған не мемлекеттің егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ірі әлеуметтік топтардың мүдделерін қозғайтын әрекеттер жасалған жағдайда ғана жария тәртіпті бұзады деп танылуы мүмкін

Төрелік шешімге дау айту төрелік шешім оны орындау нәтижесінде заңмен тікелей тыйым салынған не мемлекеттің егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ірі әлеуметті...

Толық оқу »

24-бап. Дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен шешу. Дауды төреліктің, "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының шешуіне беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

24-бап. Дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен шешу. Дауды төреліктің, "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының шешуіне беру Қазақстан Республика...

Толық оқу »

10-бап. Төрелiк келiсiм және даудың мәнi бойынша сотқа талап қоюды ұсыну Төрелік туралы Заңы

10-бап. Төрелiк келiсiм және даудың мәнi бойынша сотқа талап қоюды ұсынуТөрелік туралы Заңы      Төрелiк талқылау нысанасы бойынша талап қою берiлген сот, егер төрелік келiсiм...

Толық оқу »

Төрелік шешімнің күшін жою | төрелік талқылаудағы заңды қорғау | төрелік сотта ұсыну

Төрелік шешімнің күшін жою | төрелік талқылаудағы заңды қорғау | төрелік сотта ұсынуАлматы қаласының №2 аудандық соты төрағалық етуші судья Т. К. Садықовтың құрамында, сот оты...

Толық оқу »

Төрелік шешімдеріне шағымдану апелляциялық алқа елеулі және өрескел болып табылатын бұзушылықтарға жол берді, бұл шартта тараптар айқындаған даудың төрелік ведомстволық бағыныстылығының "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген құзыретін бұзуға әкелді

Төрелік шешімдеріне шағымдану апелляциялық алқа елеулі және өрескел болып табылатын бұзушылықтарға жол берді, бұл шартта тараптар айқындаған даудың төрелік ведомстволық бағыны...

Толық оқу »

464-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

464-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты төрелік тал...

Толық оқу »

56-бап. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатумен байланысты шығыстарды өндіріп алу Төрелік туралы Заңы

56-бап. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатумен байланысты шығыстарды өндіріп алуТөрелік туралы Заңы      Төрелік шешiмді мәжбүрлеп орындатуға байланысты қосымша шығыстар шешiмд...

Толық оқу »

Достыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы келісімді бекіту туралы

Достыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы келісімді бекіту туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

Аудандық сотқа төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішАлматы қаласы Бостандық аудандық сотынаҚазақстан Республикасы, Алматы қ., 050043, Орбита 2-шағын аудан, д . 20 А.жауапке...

Толық оқу »

51-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарау Төрелік туралы Заңы

51-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарауТөрелік туралы Заңы      1. Төрелік шешiм төрелік келiсiм тараптарының бiрiнiң немесе құқықтары жаңадан а...

Толық оқу »

501-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

501-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Татуласу келісі...

Толық оқу »