Төрелік дау шешімдері бойынша атқару парағын беруден бас тарту және беру
АПК-нің 504-бабына сәйкес атқару парағын беруден бас тарту және беру осы Кодекстің 20-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
АПК-нің 253-бабының тоғызыншы бӛлігіне сәйкес арызды қарау нәтижелері бойынша сот тӛрелік шешімді келтіру және орындау туралы және атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы дереу орындалуға тиіс.
АПК-нің 504-бабына сәйкес атқару парағын беруден бас тарту және беру осы Кодекстің 20-тарауында кӛзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады деп кӛзделген.
Бұл ретте бас тарту Нью-Йорк Конвенциясының 5-бабында кӛзделген негіздер бойынша ғана мүмкін болады.
Атқару парағын беруден бас тарту Нью-Йорк конвенциясында кӛзделген нақты негізді кӛрсете отырып, дәлелді болуға тиіс.
Ӛтінішті қарау нәтижелері бойынша сот мыналарды шығарады:
- қайтару туралы ұйғарым;
- сот шешімін тану және орындауға рұқсат беру және атқару парағын беру туралы ұйғарым;
- халықаралық шартта кӛрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы ұйғарым.
Жалпы алғанда, соттар негізінен Нью-Йорк Конвенциясының ережелерін дұрыс қолданады және шетелдік тӛрелік шешімді орындаудан бас тартқан жағдайда, аталған Конвенцияның ережелеріне сілтеме жасай отырып, бас тартуды негіздейді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
_3C22~1
13 рет жүктеп алынды