Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Төрелік келісімдерді өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану

Төрелік келісімдерді өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Төрелік келісімдерді өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану

Соттар тараптар дауларды төрелікте шешуді көздейтін төрелік келісімдер жасасқандықтан, төрелік келісімдерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюларды қайтарады және қараусыз қалдырады.

Мысалы, Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрі – СМЭС) 2025 жылғы 8 сәуірдегі ұйғарымымен, апелляциялық сатыдағы соттың өзгеріссіз қалдыруымен, «T» ЖШС-нің «А» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-не қатысты төрелік ескертпені жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қайтарылған.

Бұл жағдайда сот АПК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес талап қоюды, мәні бойынша, дұрыс қайтарған, өйткені дауларды АХҚО жанындағы Халықаралық төрелік орталығында қарау туралы төрелік келісім бар. Алайда сот сот актісінде «Төрелік туралы» заңның 20-бабына қате сілтеме жасаған, себебі «Төрелік туралы» заң АХҚО жанындағы Халықаралық төрелік орталығына қолданылмайды. Тиісінше, аталған нормаға сілтеме жасауға негіз болмаған.

Соттар АПК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес К.-ның «L» ЖШС-не қатысты қызмет көрсету шартын, төрелік келісімді жарамсыз деп тану және соманы төлеу туралы талап қоюын (Алматы қаласының Бостандық аудандық соты), «G» ЖШС-нің (Г) «С» АҚ мен «S» ЖШС-не қатысты шарттағы төрелік ескертпені жарамсыз деп тану туралы талап қоюын (Астана қаласының СМЭС) қайтарған, себебі дауларды төрелікте қарау туралы жарамды төрелік келісімдер болған.

Төрелік келісімнің болуына байланысты АПК-нің 279-бабының 5) тармақшасына сәйкес С. және басқалардың «M» ЖШС мен «O» ЖШС-не қатысты мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қараусыз қалдырылған (Астана қаласының МСГД).

Аталған талап қоюларды қайтару және қараусыз қалдыру кезінде соттар сот актілеріндегі өз тұжырымдарын «Төрелік туралы» заңның 20-бабына сілтеме жасай отырып, дұрыс негіздеген.

Төрелік келісімдерді өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану туралы дауларды қарау кезінде соттар «Төрелік туралы» заңның нормаларын қолдануы қажет.

Мәселен, ҚР АК-нің 401-бабының 1-тармағына сәйкес, егер осы Кодексте, басқа да заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады.

ҚР АК-нің 401-бабының 2-тармағында тараптардың бірінің талап етуі бойынша шарт сот шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін болатын жағдайлар белгіленген:

  1. екінші тарап шартты елеулі түрде бұзған кезде;
  2. осы Кодексте, басқа да заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген өзге де жағдайларда.

ҚР АК-нің 401-бабының 3-тармағына сәйкес, шартты орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда (шарттан тиісінше ішінара немесе толық бас тарту – осы Кодекстің 404-бабы) шарт өзгертілген немесе бұзылған болып есептеледі.

Осылайша, аталған заң нормасын сөзбе-сөз түсіндіру шартты өзгерту мен бұзудың ҚР АК-де белгіленген тәртіптен өзгеше тәртіппен де жүзеге асырылуы мүмкін екенін білдіреді.

Төрелік келісім өзінің құқықтық табиғаты бойынша азаматтық-құқықтық шарт болып табылады, алайда оның төрелік талқылаудың ерекшеліктеріне (қағидаттарына) байланысты өзіндік сипаттары бар.

Сондықтан төрелік келісімге қатысты «Төрелік туралы» заңда оны өзгертудің және бұзудың ҚР АК-нің 401-бабында белгіленген жалпы тәртіптен өзгеше тәртібі көзделген.

«Төрелік туралы» заңның 8-бабының 7-тармағына сәйкес, төрелік келісімнің қолданысы ол жасалған тәртіппен тараптардың келісімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.

«Төрелік туралы» заңның 9-бабының 1-тармағында төрелік келісімнің міндетті түрде жазбаша нысанда жасалуы туралы талаптар қамтылған.

Төрелік келісімді жасасу тәртібі «Төрелік туралы» заңның 9-бабында бекітілген.

«Төрелік туралы» заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес, төрелік келісім, егер ол тараптар қол қойған құжатта төрелік ескертпе түрінде қамтылса не хаттармен, жеделхаттармен, телефонограммалармен, факстармен, электрондық құжаттармен немесе тараптарды және олардың ерік білдіру мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттармен алмасу арқылы жасалса, жазбаша нысанда жасалған болып есептеледі.

Аталған норманың 2-тармағына сәйкес, егер төрелік келісім талап қою мен талап қоюға берілген пікірді алмасу арқылы жасалса және онда тараптардың бірі келісімнің бар екенін мәлімдесе, ал екінші тарап оған қарсы болмаса, төрелік келісім жазбаша нысанда жасалған болып есептеледі.

Сонымен қатар, төрелік келісімді жасасудың өзге тәртібі аталған баптың 3-тармағында көзделген. Атап айтқанда, шартқа дауды төреліктің шешуіне беру туралы талапты қамтитын құжатқа сілтемені енгізу арқылы төрелік келісім жасалуы мүмкін. Бұл ретте шарт жазбаша нысанда жасалуға және көрсетілген сілтеме төрелік келісімді шарттың бір бөлігіне айналдыратындай болуға тиіс.

Осылайша, төрелік келісімнің қолданысын тоқтату үшін тараптар оны жасасқан тәртіппен тиісті жазбаша келісім жасасуы қажет.

Төрелік келісімнің қолданысын сотқа талап қою және жауапкердің осы талап қоюға қатысты пікір беруі арқылы тоқтатуға жол беріледі, бұл ретте жауапкер дауды сотта қарауға қарсылық білдірмеуге тиіс.

Жалпы ереже бойынша, жарамды төрелік келісім болған жағдайда сот дауды қарауға құқылы емес.

АПК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес, егер заңда өзгеше көзделмесе, тараптар арасында осы дауды төреліктің шешуіне беру туралы заңға сәйкес келісім жасалған жағдайда судья талап қоюды қайтарады.

АПК-нің 279-бабының 5) тармақшасына сәйкес, егер заңда өзгеше көзделмесе, тараптар арасында дауды төреліктің немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешуіне беру туралы заңға сәйкес келісім жасалған жағдайда сот талап қоюды қараусыз қалдырады.

«Заңда өзгеше көзделмесе» деген ереже «Төрелік туралы» заңның 10-бабында көзделген. Аталған бапқа сәйкес, төрелік талқылаудың нысанасы бойынша талап қою берілген сот, егер тараптардың кез келгені бұл туралы өтініш жасаса, даудың мәні бойынша өзінің алғашқы өтінішін бергенге дейін тараптарды төрелікке жіберуге тиіс, егер төрелік келісім жарамсыз, күшін жойған немесе орындалуы мүмкін емес деп таппаса.

Тараптардың бірі төрелік талқылаудың нысанасы бойынша сотқа талап қою берген жағдайда жауапкер дауды сотта қарауға қарсылық білдіре алады, бірақ бұған міндетті емес. Әдетте, мұндай қарсылық жауапкердің даудың мәні бойынша өзінің алғашқы өтінішін бергенге дейін ұсынылатын талап қоюды қараусыз қалдыру туралы өтінішхат түрінде беріледі. Бұл ретте істі сотта қарауға қарсылық дауды сотта қарамау туралы өтінішті қамтуға тиіс.

ҚР АК-нің 401-бабының ережелері төрелік келісімді өзгертуге және бұзуға қолданылмайды.

Төрелік келісімді тоқтатуға, өзгертуге немесе жарамсыз деп тануға қатысты дауларды шешу төреліктің құзыретіне жатады.

Мәселен, «Төрелік туралы» заңның 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес, төрелік талқылау, оның ішінде төрелік келісімнің дербестік қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылады. Бұл қағидат төрелік ескертпенің күшін жою, оны өзгерту немесе жарамсыз деп тану негізгі келісімнің тоқтатылуына, өзгертілуіне немесе жарамсыз деп танылуына әкеп соқпайтынын білдіреді. Тиісінше, негізгі келісімнің күшін жою, оны өзгерту немесе жарамсыз деп тану төрелік ескертпенің тоқтатылуына, өзгертілуіне немесе жарамсыз деп танылуына әкеп соқпайды.

«Төрелік туралы» заңның 20-бабының 1-тармағының мәнінен төрелік өзінің юрисдикциясының бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені дербес шешетіні анық көрінеді.

Мысалы, Алматы қаласының СМЭС-інің 2025 жылғы 17 ақпандағы шешімімен, апелляциялық сатыдағы соттың өзгеріссіз қалдыруымен, «К» ЖК-нің «I» ЖШС-не қатысты төрелік ескертпені жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылған.

Іс бойынша тараптар арасында 2023 жылғы 1 қыркүйекте жабдықты жеткізу және монтаждау туралы шарт жасалғаны анықталған. Оның 7.2-тармағында дау туындаған жағдайда оны Алматы қаласындағы «АВАЛЬ» халықаралық төрелік сотында қарау көзделген төрелік ескертпе қамтылған.

Талап қоюшы аталған ескертпені жарамсыз деп санайды, өйткені ол заң талаптарын бұзады.

Жергілікті соттар дауды шешу кезінде тараптар жасасқан шарттың еркін жасалғанын және төрелік ескертпенің жарамсыздығының белгілері жоқ екенін негізге алған.

Сот мәмілені жарамсыз деп тану үшін оны жасасу сәтінде заңнама талаптарының бұзылғаны немесе мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру еркіндігіне, нысанына, мазмұнына және субъектілеріне қойылатын талаптардың бұзылғаны анықталуға тиіс екенін көрсеткен. Алайда талап қоюшы мұндай дәлелдемелерді ұсынбаған.

Жергілікті соттар ҚР АК-нің 157–159-баптарында көзделген жарамсыздық белгілері болмағандықтан, даулы төрелік ескертпе шартын жарамсыз деп тануға негіздер жоқ деген қорытындыға келген.

Сондай-ақ Қарағанды облысының СМЭС-інің 2025 жылғы 30 шілдедегі шешімімен «S» ЖШС-нің «К» ЖШС-не қатысты шарттың 5.8-тармағын және шарттың 7-бөлімін төрелік ескертпе бөлігінде жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылған.

Іс бойынша тараптар арасында 2024 жылғы 22 ақпанда жұмыстарды орындау туралы шарт жасалғаны анықталған. Шарттың 7.2-тармағында келіссөздер арқылы реттелмеген, осы шарттан туындайтын немесе онымен байланысты барлық даулар, келіспеушіліктер және/немесе талаптар, оның ішінде шартты жасасуға, өзгертуге (толықтыруға), орындауға, бұзуға, бұзуына, тоқтатуға және/немесе жарамсыздығына қатысты даулар Астана қаласында орналасқан тұрақты жұмыс істейтін «Өнеркәсіптік төрелік сотында» оның қолданыстағы регламентіне сәйкес түпкілікті реттелуге және шешілуге тиіс екені көзделген.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, шарттың тараптар арасында жазбаша нысанда жасалғанын, тараптар қол қойғанын, елеулі талаптарды қамтитынын және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келетінін негізге алған, өйткені талап қоюшы шарт талаптарымен келісіп, оны жасасуға өз еркін білдірген.

Бұл ретте сот талап қоюшы төрелік ескертпенің жарамсыздығын растайтын дәлелдемелерді ұсынбағандықтан, төрелік келісім жарамды деген қорытындыға келген.

Екі іс бойынша да сот «Төрелік туралы» заңның 20-бабының ережелерін қолданбаған. Аталған баптан төрелік ескертпе болған жағдайда төреліктің өзіне берілген дауды қарауға өкілеттігінің (юрисдикциясының) бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешуге құқылы екені туындайды.

Осы норманың ережелері әлемдік тәжірибеден, оның ішінде ЮНСИТРАЛ-дың халықаралық коммерциялық төрелік туралы Үлгілік заңынан алынған. Бұл норма бастапқыда төрелік келісім жасасқанымен, кейіннен туындаған дауды шешу туралы талап қоюмен төрелікке жүгінбей, сотқа талап қою беретін жосықсыз тараптың мұндай әрекетіне жол бермейді.

Осыған байланысты төрелік ескертпені жарамсыз деп тану туралы талап қоюлар түскен жағдайларда сот АПК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 7) тармақшасы негізінде талап қоюды қайтарады не АПК-нің 279-бабының 5) тармақшасы негізінде талап қоюды қараусыз қалдырып, тарапқа төрелікке жүгіну құқығын түсіндіреді. Өйткені «Төрелік туралы» заңның 20-бабына сәйкес, төрелік келісімнің жарамсыздығы туралы тараптардың бірі мәлімдеген жағдайда да, ең алдымен, төреліктің құзыретінің бар-жоғы туралы мәселені төреліктің өзі шешуге тиіс.

Егер төрелік даудың өзінің құзыретіне жататыны туралы қорытындыға келсе, онда төрелік шешім шығарады. Бұл шешім төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беру арқылы сотта қайта қаралуы мүмкін, өйткені сот төреліктің құзыретінің бар-жоғын тексеруге құқылы. Мұндай тексеру төрелік келісімнің жарамды немесе жарамсыз екендігі туралы мәселені зерттеуді де қамтиды (АПК-нің 465-бабының 3-тармағы). Оның үстіне, төрелік ескертпенің жарамсыздығы «Төрелік туралы» заңның 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында төрелік шешімнің күшін жою негізі ретінде тікелей көзделген.

Қосылу шарты мен қарыз шарты бойынша төрелік келісімге қатысты мәселелер ерекше назар аударуды қажет етеді.

«Төрелік туралы» заңның 10-бабына сәйкес, төрелік талқылаудың нысанасы бойынша талап қою берілген сот, егер тараптардың кез келгені бұл туралы өтініш жасаса, даудың мәні бойынша өзінің алғашқы өтінішін бергенге дейін тараптарды төрелікке жіберуге тиіс, егер төрелік келісім жарамсыз, күшін жойған немесе орындалуы мүмкін емес деп таппаса.

Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талап қоюдың берілуіне қарамастан, сот төрелік талқылаудың нысанасы оған жататыны туралы мәселені қарастырып жатқан кезде төрелік талқылау басталуы немесе жалғастырылуы, сондай-ақ төрелік шешім шығарылуы мүмкін.

Аталған норма төрелік келісімнің жойылмайтын кемшілігіне байланысты төрелік дауды қарай алмайтын патологиялық төрелік келісімдер мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Мұндай даулар сотта қаралуға тиіс.

«Төрелік туралы» заңның 10-бабында тараптар арасында төрелік келісім жасалғанына қарамастан, даудың төрелікте қаралуы мүмкін болмайтын үш жағдай көзделген:

  1. төрелік келісім жарамсыз болса;
  2. күшін жойса;
  3. орындалуы мүмкін болмаса.

Бұл тізбе түпкілікті болып табылады және кеңейтілмейді.

«Төрелік туралы» заңның 8-бабының 4-тармағында қосылу шартына енгізілген төрелік келісімге қатысты ерекше талап белгіленген:

– ол талап қоюды беруге негіздер туындағаннан кейін жасалған жағдайда ғана жарамды болады. Тиісті түсіндірмелер Нормативтік қаулының 14-тармағында берілген.

2025 жылғы 30 сәуірде Алматы қаласының Медеу аудандық соты А.-ның «E» ЖШС-не қатысты туристік қызмет көрсету шартын, қосымша келісімді, 2023 жылғы 21 мамырдағы төрелік келісімді жарамсыз деп тану және залалды өндіріп алу туралы талап қоюын қанағаттандырған.

Іс материалдарынан 2023 жылғы 21 мамырда тараптар арасында туристік қызмет көрсету шарты жасалғаны көрінеді. Оған сәйкес, орындаушы клиентке (және Шарттың 2-қосымшасында көрсетілген тұлғаларға) саяхат кезеңінде оның (олардың) қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті туристік қызметтер көрсетуге міндеттенген.

Шарттың 10.1-тармағында дауларды қолданыстағы регламентке сәйкес тұрақты жұмыс істейтін Еуразиялық экономикалық кеңістіктің Халықаралық төрелігінде шешу талаптары көзделген.

А. жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген кезде туристік қызмет көрсету шарты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтінін көрсеткен. Атап айтқанда, туристік қызмет көрсету шартынан дауларды сотта қарау тәртібі туралы ережені алып тастап, оны төрелік ескертпемен ауыстыру заңды бұзу болып табылатынын атап өткен.

Сот талап қоюды толық көлемде қанағаттандырған.

Осы іс бойынша дау қосылу шартынан туындаған (бұл туралы 2023 жылғы 10 ақпандағы Жоғарғы Соттың 2019–2022 жылдардағы төрелік шешімдерді тану, орындау және олардың күшін жою туралы сот практикасын жинақтауында егжей-тегжейлі түсіндірілген).

ҚР АК-нің 389-бабының 1-тармағына сәйкес, қосылу шарты деп талаптары тараптардың бірі формулярларда немесе өзге де стандартты нысандарда айқындаған және екінші тарап ұсынылған шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдай алатын шарт танылады.

Қосылу шартының мәтініне енгізілген төрелік келісім оған қосылатын тарапты еркін ерік білдіру мүмкіндігінен айырған.

Осылайша, талап қоюды беруге негіздер туындағанға дейін туристік қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартқа енгізілген төрелік келісім ҚР АК-нің 158-бабының 1-тармағына сәйкес, мазмұны төрелік туралы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле ретінде жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Талап қоюдан көрініп тұрғандай, талап қоюшы төрелік келісімді жарамсыз деп тану туралы талаптан бөлек, талап қоюдың мәні бойынша тағы 4 талап қойған, оның ішінде шартты жарамсыз деп тануды сұраған.

Осы іс бойынша талап қоюшының сотқа талап қоюмен жүгінуіне байланысты, ол тек даудың мәні бойынша талап қою бергені дұрыс болар еді (сотта төрелік келісімді жарамсыз деп тану туралы талап қаралуға жатпайды, бұл төреліктің құзыретіне жатады). Ал талап қоюда «Төрелік туралы» заңның 8-бабының 4-тармағына және 10-бабына сілтеме жасай отырып, төрелік ескертпенің жарамсыздығын негіздеу қажет еді.

Мұндай жағдайда сот сот актісінің уәждеу бөлігінде аталған заң нормаларына сілтеме жасай отырып, төрелік ескертпенің жарамсыздығы туралы мәселені шешіп, тек талап қоюдың мәні бойынша шешім шығарар еді.

Тағы бір мысал. Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы ұйғарымымен Павлодар облысы Тереңкөл ауданы сотының 2025 жылғы 1 сәуірдегі «C» коллекторлық агенттігі» ЖШС-нің К.-ға қатысты берешекті өндіріп алу туралы талап қоюын қайтару жөніндегі ұйғарымы күшін жойған.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қайтаруды қарыз шартының 6.3-тармағында көзделген төрелік ескертпенің болуына байланысты Еуразиялық экономикалық төрелікке жүгіну қажеттілігімен негіздеген.

«Төрелік туралы» заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес, коммерциялық ұйым мен дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға арасында жасалған қарыз шарты бойынша дауды шешу туралы төрелік келісім талап қоюды беруге негіздер туындағаннан кейін жасалған жағдайда ғана жарамды болады.

Нормативтік қаулының 15-тармағында бұл нормалар 2019 жылғы 2 ақпаннан кейін жасалған төрелік келісімдерге қолданылатыны түсіндірілген, өйткені заңда оның кері күші туралы ереже көзделмеген (ҚР АК-нің 4-бабы, «Құқықтық актілер туралы» заңның 43-бабының 1, 2-тармақтары).

Қаралып отырған жағдайда шарт 2020 жылғы 20 наурызда жасалған, ал берешек 2020 жылғы 20 сәуірден бастап пайда болған. Сондықтан қарыз шартынан туындайтын дауды төрелікте шешу үшін дау туындағаннан кейін төрелік келісім жасалуға тиіс, ол қосымша келісіммен ресімделуі мүмкін.

Апелляциялық сатыдағы сот төрелік ескертпе қарыз шартына талап қоюды беруге негіздер туындағанға дейін енгізілгендіктен, аталған дау сотта қаралуға тиіс деген қорытындыға келген.

Апелляциялық алқа сот актісінің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберді.

Ұқсас негіздер бойынша «I» халықаралық төрелік сотының 2024 жылғы 26 сәуірдегі «М» ЖШС-нің Д.-ға қатысты берешекті өндіріп алу туралы талабы бойынша шығарылған төрелік шешімінің (Алматы қалалық соты), Еуразиялық экономикалық төрелік сотының 2024 жылғы 16 ақпандағы «А» коллекторлық агенттігі» ЖШС-нің (КА) М.-ға қатысты берешекті өндіріп алу туралы талабы бойынша шығарылған төрелік шешімінің (Алматы қалалық соты), «Imperium» халықаралық төрелік сотының 2024 жылғы 4 маусымдағы «М» ЖШС-нің А.-ға қатысты берешекті өндіріп алу туралы талабы бойынша шығарылған төрелік шешімінің (Қарағанды облыстық соты) күші жойылған.

Талдау жүргізу және іс материалдарын зерделеу барысында, атап айтқанда, жоғарыда көрсетілген іс бойынша талап қоюмен танысу кезінде сотқа жүгінген тараптың талап қоюда «Төрелік туралы» заңның 10-бабына сілтеме жасамағаны анықталды (төрелік талқылаудың нысанасы бойынша талап қою берілген сот, егер тараптардың кез келгені бұл туралы өтініш жасаса, даудың мәні бойынша өзінің алғашқы өтінішін бергенге дейін тараптарды төрелікке жіберуге тиіс, егер төрелік келісім жарамсыз, күшін жойған немесе орындалуы мүмкін емес деп таппаса). Төрелік келісім болған жағдайда сотқа талап қоюмен жүгінген кезде бұл қажетті шарт болып табылады. Аталған норманың мәнінен төрелік келісім болғанның өзінде тарап даудың мәні бойынша сотқа талап қою бере алатыны, алайда сот мұндай талап қоюды «Төрелік туралы» заңның 10-бабының талаптарын сақтай отырып қарай алатыны туындайды.

Сондықтан төрелік ескертпе болған жағдайда сотқа талап қою түсіп, тарап онда «Төрелік туралы» заңның 10-бабына сілтеме жасаса, сот мұндай талап қоюды өз өндірісіне қабылдап, мәні бойынша қарауға тиіс. Бұл ретте сот төрелік келісімнің болуына қарамастан, дауды не себепті қарап жатқанын негіздеуі қажет. Яғни төрелік ескертпе болған жағдайда сот дауды қарай алатын үш жағдай бар: төрелік келісім жарамсыз, күшін жойған немесе орындалуы мүмкін емес («Төрелік туралы» заңның 10-бабы, бұл туралы жоғарыда егжей-тегжейлі айтылған). Егер сот бұл мән-жайларды анықтамаса, талап қою қайтарылуға немесе қараусыз қалдырылуға тиіс.

Төрелік ескертпе болған жағдайда сотқа талап қою түсіп, тарап онда «Төрелік туралы» заңның 10-бабына сілтеме жасамаса және сотта осы баптың ережелерін ескере отырып, тиісті уәждер келтірмесе, сот мұндай талап қоюды қайтаруға немесе қараусыз қалдыруға және ұйғарымда «Төрелік туралы» заңның 20-бабының ережелерін түсіндіре отырып, тараптарды төрелікке жіберуге тиіс.

«Төрелік туралы» заңның 20-бабына сәйкес, төрелік өзінің құзыреті туралы мәселені шешеді, яғни төрелік келісімге баға береді: оның жарамды немесе жарамсыз екенін анықтайды.

Егер төрелік төрелік келісім жарамсыз деген қорытындыға келсе, бұл туралы ұйғарым шығарады. Осыдан кейін тарап даудың мәні бойынша сотқа талап қоюмен жүгіне алады.

Егер төрелік даудың өзінің құзыретіне жататыны туралы қорытындыға келсе, онда төрелік шешім шығарады. Тарап бұл шешімге АПК-нің 465-бабының 3-тармағына сәйкес өтінішхат беру арқылы сотта шағым жасай алады. Сот төрелік келісімнің жарамдылығына баға беріп, іс бойынша анықталған мән-жайларға қарай заңды әрі негізді сот актісін шығаруға тиіс.

 

 

 

  

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

464-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

464-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты төрелік тал...

Толық оқу »

501-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

501-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Татуласу келісі...

Толық оқу »

Достыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы келісімді бекіту туралы

Достыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы келісімді бекіту туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

503-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындау

503-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындау1. Е...

Толық оқу »

482-бап. Шет мемлекеттің төрелiк талқылауға қатысты иммунитеттен бас тартуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

482-бап. Шет мемлекеттің төрелiк талқылауға қатысты иммунитеттен бас тартуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Егер шет мемлекет туындаған немесе болашақ...

Толық оқу »

1958 жылғы Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы

1958 жылғы Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы...

Толық оқу »

503-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

503-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Егер осы Кодек...

Толық оқу »

53-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат Төрелік туралы Заңы

53-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатТөрелік туралы Заңы      1. Төрелік шешімнің күшiн жою туралы өтiнiшхат Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнам...

Толық оқу »

Негізгі нормативтік құқықтық актілер төрелік шешімдерді тану, орындау және олардың күшін жою туралы

Негізгі нормативтік құқықтық актілер төрелік шешімдерді тану, орындау және олардың күшін жою туралыҚазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы (бұдан әрі -...

Толық оқу »

14-бап. Халықаралық төрелік орталығы "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

14-бап. Халықаралық төрелік орталығы "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 1. Халықаралық төрелік орталығы тараптар арасында...

Толық оқу »

501-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау

501-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау1. Б...

Толық оқу »

Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішті қарау кезінде қабылданған шешімнің заңдылығын бағалау және оны мәні бойынша қайта қарау арқылы өз құзыретінен тыс шықты

Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішті қарау кезінде қабылданған шешімнің заңдылығын бағалау және оны мәні бойынша қайта қарау арқылы өз құзыретінен тыс шықты"J" компа...

Толық оқу »

Астана қаласының төрелік сотына төрелік шешімнің түпнұсқасын беру туралы өтініш

Астана қаласының төрелік сотына төрелік шешімнің түпнұсқасын беру туралы өтінішАстана қаласының төрелік сотыБСН: 160640012709Қазақстан Республикасы Астана қ., Гейдар к-сіӘлиев...

Толық оқу »

57-бап. Төрелiк шешiмдi танудан және (немесе) орындаудан бас тарту Төрелік туралы Заңы

57-бап. Төрелiк шешiмдi танудан және (немесе) орындаудан бас тарту Төрелік туралы Заңы      1. Сот мына негiздер бойынша:      1) өзіне қарсы төрелік шешім қабылданған тарап с...

Толық оқу »

56-бап. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатумен байланысты шығыстарды өндіріп алу Төрелік туралы Заңы

56-бап. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатумен байланысты шығыстарды өндіріп алуТөрелік туралы Заңы      Төрелік шешiмді мәжбүрлеп орындатуға байланысты қосымша шығыстар шешiмд...

Толық оқу »

482-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік талқылауына қатысты шет мемлекеттің иммунитеттен бас тартуы

482-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік талқылауына қатысты шет мемлекеттің иммунитеттен бас тартуыЕгер шет мемлекет төрелікте...

Толық оқу »

Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатпен, атқару парағын беру туралы арызбен сотқа жүгінген адамдардың өкілеттіктері

Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатпен, атқару парағын беру туралы арызбен сотқа жүгінген адамдардың өкілеттіктеріТөрелікте талап қою және дауды шешу кезінде өкілдерді...

Толық оқу »

35-бап. Істі төрелік талқылауға дайындау, дауларды қарау және шешу мерзімдері Төрелік туралы Заңы

35-бап. Істі төрелік талқылауға дайындау, дауларды қарау және шешу мерзімдеріТөрелік туралы Заңы      1. Егер регламентте немесе тараптардың келісімінде өзге мерзім белгіленбе...

Толық оқу »

Төрелік шешімге дау айту төрелік шешім оны орындау нәтижесінде заңмен тікелей тыйым салынған не мемлекеттің егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ірі әлеуметтік топтардың мүдделерін қозғайтын әрекеттер жасалған жағдайда ғана жария тәртіпті бұзады деп танылуы мүмкін

Төрелік шешімге дау айту төрелік шешім оны орындау нәтижесінде заңмен тікелей тыйым салынған не мемлекеттің егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ірі әлеуметті...

Толық оқу »

54-бап. Қазақстан Республикасында төрелiк шешiмді тану және орындау Төрелік туралы Заңы

54-бап. Қазақстан Республикасында төрелiк шешiмді тану және орындауТөрелік туралы Заңы      1. Төрелiк шешiм мiндеттi деп танылады және сотқа жазбаша арыз берiлген кезде Қазақ...

Толық оқу »

Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқасына

Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқасынаНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі еке...

Толық оқу »

51-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарау Төрелік туралы Заңы

51-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарауТөрелік туралы Заңы      1. Төрелік шешiм төрелік келiсiм тараптарының бiрiнiң немесе құқықтары жаңадан а...

Толық оқу »

253-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік шешімін мәжбүрлеп орындау

253-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік шешімін мәжбүрлеп орындау1. Егер төрелік шешім онда белгіленген мерзімде өз еркімен ор...

Толық оқу »

50-бап. Төрелік шешiмдi түзету және түсiндiру. Қосымша төрелік шешiм Төрелік туралы Заңы

50-бап. Төрелік шешiмдi түзету және түсiндiру. Қосымша төрелік шешiмТөрелік туралы Заңы      1. Егер тараптар келісімімен немесе регламентте өзге мерзiм белгіленбесе, төрелiк...

Толық оқу »

Сырттай төрелік шешім

Сырттай төрелік шешім Тӛреліктердің сырттай тӛрелік шешім шығаруы бар. Заңда сырттай тӛрелік шешім деген ұғым жоқ, бірақ тиісті түрдехабарланған жауапкер болмаған кезде дауды...

Толық оқу »

Борыш сомасын өндіріп алу туралы даулар | төрелік сот шешімінің күшін жою | төрелік даулар бойынша заң қызметтері

Борыш сомасын өндіріп алу туралы даулар | төрелік сот шешімінің күшін жою | төрелік даулар бойынша заң қызметтері02.09.2016 жылы төреші С. Е. Есеновтың құрамында, төрелік отыр...

Толық оқу »