Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 80-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталдағы үлесiнiң басқа адамға ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

80-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталдағы үлесiнiң басқа адамға ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

80-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталдағы үлесiнiң басқа адамға ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

      1. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушысы, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, серiктестiктiң жарғылық капиталындағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн өз қалауынша осы серiктестiктiң бiр немесе бiрнеше қатысушысына сатуға немесе басқа түрде беруге құқылы.

      2. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында не заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушының өз үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi адамдарға беруiне болады.

      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар, осы Кодексте және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалар алдында үлестi немесе оның бiр бөлiгiн сатып алуға басым құқықты пайдаланады. Егер құрылтай құжаттарында немесе серiктестiкке қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, үлестi (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға басым құқықты қатысушылар серiктестiктiң жарғылық капиталындағы өз үлестерiнiң мөлшерiне барабар жүзеге асырады.

      Үлесті (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға басым құқықты бұза отырып сатқан кезде жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң кез келген қатысушысы сатылған күннен бастап үш ай iшiнде өзiне сатып алушының құқықтары мен мiндеттерiн аударуды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.

      3. Егер жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтай құжаттарына сәйкес қатысушының үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi жақтарға беру мүмкiн болмаса, ал серiктестiктiң басқа қатысушылары оны сатып алудан бас тартса, серiктестiк қатысушыға оның нақты құнын төлеуге не оған сондай құнға сәйкес заттай мүлiк беруге мiндеттi.

      4. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушысының үлесi оны толық төлеп болғанға дейiн оның төленген бөлiгi мөлшерiнде ғана бөлiп берiлуi мүмкiн.

      5. Қатысушының үлесiн (оның бiр бөлiгiн) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң өзi сатып алған ретте ол оны басқа қатысушыларға немесе үшiншi жаққа заң құжаттары мен серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген мерзiм мен тәртiп бойынша сатуға не өзiнiң жарғылық капиталын азайтуға мiндеттi. Осы кезең iшiнде түскен таза табысты бөлу, сондай-ақ жоғары органда дауыс беру жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң сатып алған үлесi есептелмей жүргiзiледi.

      6. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында мұндай ауысуға тек серiктестiктiң қалған қатысушыларының келiсiмiмен ғана рұқсат етiлетiндiгi көзделмесе, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлес серiктестiктiң қатысушысы болған азаматтардың мұрагерлерiне және заңды тұлғалардың құқықты мирасқорларына ауысады. Үлестiң ауысуына келiсiм беруден бас тарту серiктестiктi қатысушының мұрагерлерiне (мирасқорларына) заң құжаттары мен серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп пен жағдайлар бойынша үлестiң нақты құнын төлеуге немесе оларға құны сондай заттай мүлiк беру мiндетiне әкелiп соқтырады.

      Заң актiлерiнде үлестiң заңды тұлғалардың құқықтық мұрагерлерiне ауысу ерекшелiктерi көзделуi мүмкiн.

 

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

35-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестің мұрагерлік бойынша ауысуы Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

35-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестің мұрагерлік бойынша ауысуы Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер...

Толық оқу »

18-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң (үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

18-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң (үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы      1. Толық серiктестiкке қатысушы өз үлесiн (үлесiнiң б...

Толық оқу »

80-бапқа түсініктеме. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестің Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің басқа тұлғасына ауысуы

80-бапқа түсініктеме. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестің Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің басқа тұлғасына ауысуы Түсініктеме бері...

Толық оқу »

66-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі толық серіктестігіне қатысушының үлесінің (үлесінің бір бөлігінің) ауысуы

66-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі толық серіктестігіне қатысушының үлесінің (үлесінің бір бөлігінің) ауысуы МК толық серіктестікке қатысушыға с...

Толық оқу »

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестің басқа тұлғаға өтуі

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестің басқа тұлғаға өтуі📘 I. Институттың жалпы сипаттамасыЖШС-нің жарғылық капиталындағы үлестің өтуі — бұл қа...

Толық оқу »