831-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Ескерту. 831-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаулы шығарған сотқа жiберiледi, ол шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келіп түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды iстiң барлық материалдарымен бірге жоғары тұрған сотқа жiберуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстің 830-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы iс бойынша қаулыға шағым жасалған, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген жағдайларда, сот қаулыға фактіні анықтау бөлігінде сот отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қоса береді.
3. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Судьяның әкiмшiлiк қамаққа алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты жоғары тұрған сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты алынған күнi жіберілуге жатады.
5. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 831-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы