Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІМЕН ҚАРАЛУҒА ЖАТПАЙТЫН КЕДЕНДІК ДАУЛАР

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІМЕН ҚАРАЛУҒА ЖАТПАЙТЫН КЕДЕНДІК ДАУЛАР

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІМЕН ҚАРАЛУҒА ЖАТПАЙТЫН КЕДЕНДІК ДАУЛАР

ӘРПК-нің 3-бабының жетінші бөлігіне сәйкес, іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.

«АҚ Павлодар облысы бойынша МКД» РММ-не қатысты кедендік декларацияларды тексеру және хабарламалар жіберу жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану, хабарламаларды жарамсыз деп тану және олардың күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 21 қаңтардағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды. Аталған шешім Павлодар облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 14 маусымдағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылды.

Дауды шешу және талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту кезінде жергілікті соттар Кеден кодексінің 393, 394, 409-баптарының ережелерін басшылыққа ала отырып, жауапкер кедендік бақылауды тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияны тексеру нысанында жүргізген деген қорытындыға келді. Талап қоюшы кедендік бақылаудың тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолдану арқылы тағайындалғаны туралы «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етілген.

Кеден кодексінің 411-бабына сәйкес, тексеру жүргізілетіні және оның нәтижелері туралы белгіленген нысанда хабарлама жіберу талап етілмеген, өйткені мұндай талаптар тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік және өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруге қатысты қолданылады.

Талап қоюға сәйкес, Серіктестік жауапкердің Кеден кодексінің 411-бабының талаптарына сәйкес тиісті хабарлама жібермей кедендік бақылау жүргізу жөніндегі әрекеттерін заңсыз деп тануды талап еткен. Белгіленген нысандағы хабарламаның орнына жауапкер кеден заңнамасында көзделмеген және құқықтық салдар туындатпайтын хабарламалар жіберген.

Сот алқасы анықтағандай және тараптар дауламағандай, жауапкер Кеден кодексінің 411-бабы тәртібімен тексеру жүргізбеген, тексеруді тағайындау және оның нәтижелері туралы актілер шығарылмаған.

Кеден кодексінің 393-бабының 7-тармағына сәйкес, кедендік және өзге де құжаттар мен (немесе) мәліметтерді тексеру нысанындағы, сондай-ақ өзге де нысандардағы немесе кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын кедендік бақылауды кеден органдары кеден органдарының лауазымды адамдарының қатысуынсыз, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізе алады.

Алдын ала кедендік декларациялау және мерзімдік кедендік декларациялау кезінде Кеден кодексінің 394-бабының бесінші абзацында көрсетілген кедендік бақылау объектілеріне қатысты кедендік бақылау кедендік декларация тіркелген сәттен бастап жүргізіледі.

Кеден кодексінің 394-бабының бесінші абзацында кедендік бақылау объектілеріне Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік және өзге де заңнамасына сәйкес кеден органдарына ұсынылуы көзделген кедендік және өзге де құжаттар, сондай-ақ осы құжаттарда қамтылған мәліметтер жататыны көрсетілген.

Кеден кодексінің 409-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, кедендік және өзге де құжаттар мен (немесе) мәліметтерді тексеру кедендік декларацияның дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын кедендік бақылау нысаны болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ӘҚБтК) 802-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға осы баптың үшінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы негіз болып табылады.

ӘҚБтК-нің 535-бабының диспозициясында декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртібін бұзғаны, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік декларацияны толтыру және тауарларды кедендік декларациялау тәртібіне қойылатын талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

Декларанттың декларацияны толтыру тәртібін бұзу фактісі бойынша жауапкер ӘҚБтК-нің 535-бабының екінші бөлігі бойынша хаттамалар жасағаны және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мамандандырылған ауданаралық соттар 2021 жылғы 25 және 27 мамырда қаулылар шығарғаны анықталды.

ӘҚБтК-нің 827-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекетімен (әрекетсіздігімен) және (немесе) шешімімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау кезіндегі заң бұзушылықтарға, өзге де әрекеттерге (әрекетсіздікке) және шешімдерге қатысты жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағым беруге құқылы.

Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға қатысты шағым (наразылық) бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау осы тәртіпке жатпайды. Шағымдар әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалып отырған органға (лауазымды адамға), сотқа беріледі. Аталған орган (лауазымды адам) шағым келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде оны жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе тиісті сотқа жіберуге міндетті.

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, кедендік декларациялардың дұрыс толтырылуын тексеру түрінде кедендік бақылауды жүзеге асырудың құқықтық салдары лауазымды адамның хаттама жасауынан және декларантты әкімшілік жауаптылыққа тартуынан көрінеді.

Демек, кеден органдарының лауазымды адамдарының кедендік декларацияларды тексеру және хаттама жасау жөніндегі әрекеттеріне ӘҚБтК-нің 44-тарауында белгіленген тәртіппен шағым жасалуға тиіс.

Департаменттің ӘҚБтК-нің 897-бабы тәртібімен хабарламалар жіберу жөніндегі әрекеттері, сондай-ақ хабарламаларды жарамсыз деп тану және олардың күшін жою туралы талаптар да ӘРПК тәртібімен шағымданудың нысанасы бола алмайды. Өйткені хабарламалар ауыртпалық салатын әкімшілік актілер болып табылмайды, хабардар ету сипатында болады және талап қоюшы үшін құқықтық салдар туындатпайды.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жергілікті соттардың сот актілері күшін жойып, талап қою талап қоюшыға қайтарылды (6001-22-00-6ап/1999).

Нормативтік база

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК);
  3. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – КК);
  4. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (бұдан әрі – ЕАЭО КК);
  5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 7 «Соттардың кеден заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы;
  6. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі);
  7. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – КК);
  8. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ӘҚБтК);
  9. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
  10. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт);
  11. ЕАЭО құқығын құрайтын актілер (бұдан әрі – кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер);
  12. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері туралы» шешімі.

Қолданылған қысқартулар

ЖС ӘІСК – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

ӘІСК – облыстық және оларға теңестірілген соттардың әкімшілік істер жөніндегі сот алқалары;

МАӘС – ел өңірлеріндегі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар;

ММ – мемлекеттік мекеме;

РММ – республикалық мемлекеттік мекеме;

МКК – Мемлекеттік кірістер комитеті;

МКД – Мемлекеттік кірістер департаменті;

МКБ – Мемлекеттік кірістер басқармасы;

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

ЖК – жеке кәсіпкер.

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

343-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

343-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Мыналар:      1) жеке пайдалануға арнал...

Толық оқу »

232-бап. Тауарларды жеткізу орнына тауарларды жеткізгеннен кейін жасалатын кедендік операциялар Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

232-бап. Тауарларды жеткізу орнына тауарларды жеткізгеннен кейін жасалатын кедендік операциялар Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Межелі кеден...

Толық оқу »

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жә...

Толық оқу »

Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы

Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы...

Толық оқу »

429-бап. Кедендік алып жүру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

429-бап. Кедендік алып жүру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1 Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың...

Толық оқу »

361-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау және шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

361-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау және шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Еуразиялық экономикалық...

Толық оқу »

413-бап. Кедендік жете тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

413-бап. Кедендік жете тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кедендік жете тексеру тауарлардың қаптамасын, көлік құралдарының жүкжайларын...

Толық оқу »

Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты бекіту туралы

Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты бекіту туралыҚазақстан Республикасының 1999 жылғы 24 маусымдағы N 403-I Заңы.      РҚАО-ның ескертпесі!      Келі...

Толық оқу »

202-бап. Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

202-бап. Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден ко...

Толық оқу »

228-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырудың және оларды мұндай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

228-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырудың және оларды мұндай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі...

Толық оқу »

25-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және шешімнің қолданыс мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

25-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және шешімнің қолданыс мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      1. Тауарларды сыныптау тур...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулерді өзара тану туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен к...

Толық оқу »

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмге толықтырулар хаттаманы бекіту туралы

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмге толықтырулар хаттаманы бекіту туралыҚазақс...

Толық оқу »

52-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеу Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

52-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеуАрнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы      1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның б...

Толық оқу »

2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi з...

Толық оқу »

2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан...

Толық оқу »

158-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

158-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік...

Толық оқу »

460-бап. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

460-бап. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Уәкілетті орган зиятке...

Толық оқу »

509-бап. Кеден қоймалары және олардың типтері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

509-бап. Кеден қоймалары және олардың типтері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды са...

Толық оқу »

184-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

184-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1....

Толық оқу »

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Рес...

Толық оқу »

Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралы

Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 494-IV Заңы      2011 жылғ...

Толық оқу »

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы "Кеден одағы туралы" келісімді ратификациялау туралы

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы "Кеден одағы туралы" келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасы...

Толық оқу »

176-бап. Кедендік декларация Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

176-бап. Кедендік декларация Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияның мынадай түрлері қолданыла...

Толық оқу »