Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 413-бап. Кедендік жете тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

413-бап. Кедендік жете тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 413-бап. Кедендік жете тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Кедендік жете тексеру тауарлардың қаптамасын, көлік құралдарының жүкжайларын (бөлекжайларын), ыдыстарды, контейнерлерді немесе тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен және (немесе) оларға қолданылған кедендік пломбаларды, мөрлерді немесе өзге сәйкестендіру құралдарын жоюмен, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектеумен, демонтаждаумен немесе өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзумен тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына және жеке тұлғалардың багажына қатысты қарап-тексеру жүргізуді және өзге де әрекеттер жасауды білдіретін кедендік бақылау нысаны болып табылады. 

      2. Кедендік жете тексеру кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында жүргізіледі. 

      Кедендік жете тексеруді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

      3. Кеден органы декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаны, егер осы тұлғалар анықталса, хабарламаны алуы фактісін растауға мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен кедендік жете тексеруді жүргізу орны мен уақыты туралы хабардар етеді. Кедендік жете тексеруді жүргізу уақытын тағайындау кезінде мұндай адамдардың келуінің ақылға қонымды мерзімдері ескеріледі. Бұл ретте декларанттың, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалардың келуіне арналған мерзімдерде осы Кодекстің 193-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу мерзімдері есепке алынуға тиіс. 

      4. Осы баптың 6-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде өз бастамалары бойынша қатысуға құқылы. 

      5. Кеден органының талап етуі бойынша декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған кезде көлік құралын басқаратын жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады. 

      6. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері болмаған кезде кедендік жете тексеруді кеден органы мынадай: 

      1) көрсетілген тұлғалар келмеген не мұндай тұлғалар анықталмаған жағдайларда; 

      2) ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге, қоршаған ортаға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық мәдени игілік объектілерінің сақталуына қауіп төнген және кейінге қалдыруға болмайтын өзге мән-жайлар пайда болған, оның ішінде тауарлар тез тұтанатын заттар, жарылу қауіптілігі бар заттар, жарылғыш, улайтын, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, есірткі, психотроптық, қатты әсер ететін, улы, уытты, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да сондай тауарлар болып табылатынын көрсететін белгілері болған, сондай-ақ тауарлар жағымсыз иіс таратқан; 

      3) тауарлар халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілген; 

      4) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуді көздейтін кедендік рәсім немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттар бұзыла отырып, олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қалдырылған жағдайларда, жүргізуге құқылы. 

      7. Кедендік жете тексеру осы баптың 6-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда екі куәгердің қатысуымен, ал осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда – тағайындалған пошта байланысы операторы өкілінің қатысуымен, ал ол болмаған кезде – екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі. 

      8. Кедендік жете тексеруді жүргізу нәтижелері, осы Кодекстің 401-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанын Комиссия айқындаған кедендік жете тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді. 

      9. Кедендік жете тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі: 

      1) кедендік жете тексеруді жүргізген кеден органының лауазымды адамдары және оны жүргізген кезде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер; 

      2) декларанттың немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаның қатысуынсыз кедендік жете тексеруді жүргізу себептері; 

      3) кедендік жете тексеру нәтижелері; 

      4) акт нысанында көзделген өзге де мәліметтер. 

      10. Кедендік жете тексеру актісі екі данада жасалады, олардың біреуі декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаға не олардың өкілдеріне, егер бұл тұлғалар бұзушылық анықталған жағдайда анықталса, немесе оның талап етуі бойынша тапсырылады (жіберіледі). 

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

343-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

343-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Мыналар:      1) жеке пайдалануға арнал...

Толық оқу »

232-бап. Тауарларды жеткізу орнына тауарларды жеткізгеннен кейін жасалатын кедендік операциялар Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

232-бап. Тауарларды жеткізу орнына тауарларды жеткізгеннен кейін жасалатын кедендік операциялар Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Межелі кеден...

Толық оқу »

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жә...

Толық оқу »

Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы

Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы...

Толық оқу »

429-бап. Кедендік алып жүру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

429-бап. Кедендік алып жүру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1 Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың...

Толық оқу »

361-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау және шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

361-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау және шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Еуразиялық экономикалық...

Толық оқу »

202-бап. Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

202-бап. Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден ко...

Толық оқу »

228-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырудың және оларды мұндай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

228-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырудың және оларды мұндай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі...

Толық оқу »

25-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және шешімнің қолданыс мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

25-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және шешімнің қолданыс мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      1. Тауарларды сыныптау тур...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулерді өзара тану туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен к...

Толық оқу »

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмге толықтырулар хаттаманы бекіту туралы

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмге толықтырулар хаттаманы бекіту туралыҚазақс...

Толық оқу »

52-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеу Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

52-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеуАрнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы      1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның б...

Толық оқу »

2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi з...

Толық оқу »

2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан...

Толық оқу »

158-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

158-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік...

Толық оқу »

460-бап. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

460-бап. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Уәкілетті орган зиятке...

Толық оқу »

509-бап. Кеден қоймалары және олардың типтері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

509-бап. Кеден қоймалары және олардың типтері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды са...

Толық оқу »

184-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

184-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1....

Толық оқу »

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Рес...

Толық оқу »

Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралы

Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 494-IV Заңы      2011 жылғ...

Толық оқу »

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы "Кеден одағы туралы" келісімді ратификациялау туралы

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы "Кеден одағы туралы" келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасы...

Толық оқу »

176-бап. Кедендік декларация Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

176-бап. Кедендік декларация Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияның мынадай түрлері қолданыла...

Толық оқу »