228-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырудың және оларды мұндай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
1. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) осы кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтату мақсатында оларды кейін кедендік рәсіммен аяқтау кезінде уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі болып табылады. Тауарларды сәйкестендіру мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес немесе осы Кодекстің 227-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалған жағдайларда уақытша әкетілген тауарларды алмастыруға жол беру талaп етілмейді.
2) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулердің сақталуы болып табылады.
2. Уақытша тауарлар әкетудің кедендік рәсіміне сәйкес:
1) кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін сақтау;
2) осы Кодекстің 230-бабында белгіленген уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулерді сақталу шарттары болып табылады.
2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы