Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 158-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

158-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

158-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі     

      1. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін тасымалдаушы кеден органына, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай осы Кодекстің 155-бабының 1-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.  

      2. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарамастан, тасымалдаушы не осы баптың 8-тармағына сәйкес өзге тұлға: 

      1) тауарларға арналған декларацияны немесе оның көшірмесін, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны немесе оның көшірмесін, осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты транзиттік декларацияны не тауарларға арналған осындай декларация, электрондық сауда тауарларына арналған декларация немесе транзиттік декларация, егер осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылмайтын болса, тауарларға арналған декларация, электрондық сауда тауарларына арналған декларация немесе транзиттік декларация туралы мәліметтерді не тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге де құжатты; 

      2) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынады. 

      3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кету үшін транзиттік декларация: 

      1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы келу орнында орналасқан жөнелтуші кеден органынан кету орнында орналасқан межелі кеден органына дейін тасымалданған; 

      2) осы Кодекстің 225-бабының 7-тармағына сәйкес тауарларды жеткізу орындарының өзгеруіне байланысты кету орнында орналасқан кеден органына жеткізілген; 

      3) осы Кодекстің 45-тарауына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты ұсынылады. 

      4. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін: 

      1) бұл шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы орнын ауыстыру жерлерінен кетпеген; 

      2) бұл шетелдік тауарлар әуе кемесінде тұрған және осы Кодекстің 222-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмаған жағдайларда ұсынылмайды. 

      5. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес ұсынылуға жататын мәліметтер тасымалдаушы ұсынған құжаттарда болмайтын не егер тауарларға арналған декларация, транзиттік декларация және (немесе) тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылмайтын жағдайда, тасымалдаушы жетіспейтін мәліметтерді қамтитын өзге құжаттарды ұсынуға не еркін нысанда өтініш беру арқылы жетіспейтін мәліметтерді және (немесе) ұсынылмайтын құжаттар туралы мәліметтерді мәлімдеуге құқылы. 

      6. Халықаралық пошта жөнелтілімдері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушы осындай пошта жөнелтілімдеріне қатысты оларды тасымалдаған кезде халықаралық пошта жөнелтілімдерімен ілесіп жүретін, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған құжаттарды және осы Кодекстің 369-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәліметтерді ұсынады. 

      7. Тасымалдаушының атынан осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғалар ұсынуы мүмкін. 

      8. Тауарларды су көлігімен тасымалдаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді декларант немесе экспедитор ұсынуы мүмкін. 

      9. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсатымен жол беріледі. 

      Жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсаты кеден органының цифрлық жүйесін пайдалана отырып және кедендік декларацияда не оның көшірмесінде не тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге құжатта және көліктік (тасымалдау) құжаттарда кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді. 

      Егер тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларация ұсынылмайтын болса, кеден органының тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаты кеден органының цифрлық жүйесін пайдалана отырып және көліктік (тасымалдау) құжаттарда кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді. 

      Кеден органының цифрлық жүйесі мен тасымалдаушының цифрлық жүйесінің өзара іс-қимылы болған жағдайда, көліктік (тасымалдау) құжаттар электрондық түрде берілген кезде кеден органының тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсатын ресімдеу тасымалдаушыға осындай рұқсат туралы электрондық нысанда хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады. 

      Иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсаты осындай тауарларды шығару болып табылады. 

      10. Кеден органының иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаты туралы мәліметтер кеден органдарының цифрлық жүйелеріне енгізіледі. 

      11. Тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай Комиссия белгілі бір кезең ішінде дәл сол бір халықаралық тасымалдау көлік құралымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тұрақты өткізілген кезде тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін тасымалдаушының құжаттар мен мәліметтерді ұсыну ерекшеліктерін айқындауға құқылы. 

      12. Осы баптың 9-тармағын қоспағанда, осы тараудың ережелері жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкететін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды. 

      Жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкететін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін осындай тауарларға қатысты кедендік операциялар осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес жасалады. 

      13. Осы тараудың ережелері: 

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан портқа кірмей немесе әуежайға қонбай, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағын кесіп өтетін су және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға; 

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы су және әуе кемелерімен тасымалданатын шетелдік тауарларға; 

      3) құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылмайды. 

 

 

 

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 2 шiлдедегi № 333-VIII ҚРЗ 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

343-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

343-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Мыналар:      1) жеке пайдалануға арнал...

Толық оқу »

232-бап. Тауарларды жеткізу орнына тауарларды жеткізгеннен кейін жасалатын кедендік операциялар Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

232-бап. Тауарларды жеткізу орнына тауарларды жеткізгеннен кейін жасалатын кедендік операциялар Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Межелі кеден...

Толық оқу »

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жә...

Толық оқу »

Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы

Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы...

Толық оқу »

429-бап. Кедендік алып жүру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

429-бап. Кедендік алып жүру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1 Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың...

Толық оқу »

361-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау және шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

361-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау және шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Еуразиялық экономикалық...

Толық оқу »

413-бап. Кедендік жете тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

413-бап. Кедендік жете тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кедендік жете тексеру тауарлардың қаптамасын, көлік құралдарының жүкжайларын...

Толық оқу »

202-бап. Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

202-бап. Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден ко...

Толық оқу »

228-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырудың және оларды мұндай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

228-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырудың және оларды мұндай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі...

Толық оқу »

25-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және шешімнің қолданыс мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

25-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және шешімнің қолданыс мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      1. Тауарларды сыныптау тур...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулерді өзара тану туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен к...

Толық оқу »

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмге толықтырулар хаттаманы бекіту туралы

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмге толықтырулар хаттаманы бекіту туралыҚазақс...

Толық оқу »

52-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеу Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

52-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеуАрнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы      1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның б...

Толық оқу »

2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi з...

Толық оқу »

2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан...

Толық оқу »

460-бап. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

460-бап. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Уәкілетті орган зиятке...

Толық оқу »

509-бап. Кеден қоймалары және олардың типтері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

509-бап. Кеден қоймалары және олардың типтері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды са...

Толық оқу »

184-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

184-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1....

Толық оқу »

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Рес...

Толық оқу »

Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралы

Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 494-IV Заңы      2011 жылғ...

Толық оқу »

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы "Кеден одағы туралы" келісімді ратификациялау туралы

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы "Кеден одағы туралы" келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасы...

Толық оқу »

176-бап. Кедендік декларация Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

176-бап. Кедендік декларация Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияның мынадай түрлері қолданыла...

Толық оқу »