Ауызша келісім бойынша ақша қаражаттарын өндіру бойынша
2024 жылғы 25 қыркүйек № 7599-24-00-2а/10075 Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында төрағалық етуші алқа төрағасы Н.Б.Бекназаров, судьялар А.А.Абилова, І.А.Алихан бола тұра, талап қоюшының өкілі Ж.Шаймұханбетұлының, жауапкердің өкілі Г.Саржановтың қатысуымен, Алматы қалалық сотының ғимаратында видеобайланыс арқылы өткізілген ашық сот мәжілісінде талап қоюшы М Қ А тің жауапкер К С Т чтен ақша қаражатын өндіру туралы талап қоюымен электронды түрде қозғалған азаматтық іс бойынша Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі шешіміне талап қоюшының апелляциялық шағымымен келіп түскен азаматтық істі қарап, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі шешімімен аталған талап арыз ішінара қанағаттандырылған.
Сот келесідей шешім етті: жауапкер С.Т. К ан талап қоюшы Қ.А. М тің пайдасына ақшалай қаражат 8 300 теңге, заң көмегіне кеткен шығын 830 теңге, мемлекеттік баж 83 теңге өндірілсін.
Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. Іс материалдары бойынша келесі мән жайлар анықталды. Тала қоюшы Қ.А.М пен жауапкер С.Т.Квтың арасында ауызша келісім жасалған.
Келісім бойынша жаупкер талап қоюшыдан 09 қазан 2023 жылы 3 320 жәшік (21 810 кг) жүзім және 450 жәшік (1670 кг) анар өнімдерін сатуға алған.
Тауар сатылған соң, одан түскен қаражатты талап қоюшыға қайтару қажет. Талап қоюшының пайымдауы бойынша, қайтаруға жататын тауардың сомасы 7 000 000 теңгені құрайды. Жауапкер 4 000 000 теңге қаражатты қайтарған, 3 000 000 теңге берешек қалған.
Осыған орай, талап арызда жауапкерден 3 000 000 теңге берешекті және сот шығындарын өндіруді сұрайды. Бірінші сатыдағы сот талап қоюшы Қ.А.Мың қойған талабын ішінара қанағаттандыруға жатады деп тауып, берешектің 8 300 теңгесін ғана өндірген, сонымен қатар өндірілген сомаға байланысты сот шығындарын өтеген. Сот шешімімен келіспей, талап қоюшы апелляциялық шағым жолдаған.
Шағымда сот мүдделі тұлға жеке кәсіпкер Мы сот шешім шығару үшін кеңесуге кеткеннен кейін ғана сот процесіне тартқанын, оған тиісті түрде сот хабарламасын бермегендігін, жаупкердің берешегі бар екендігі іс материалдарынан көрініп тұрғанын, оны ескермей сот түсініксіз түрде 8 300 теңге ғана өндіргенін көрсетеді.
Сот отырысында талап қоюшы апелляциялық шағымды толығымен қанағаттандырып, сот шешімінің күшін жоюды және аталған істі мәні бойынша қайта қарауды сұраған. Жауапкердің өкілі апелляциялық шағыммен келіспей, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұрады.
Апелляциялық алқа сот отырысына қатысушылардың түсініктемесін тыңдап, іс құжаттарын толығымен зерттеп, апелляциялық шағымда келтірілген дәйектерді талқылап, сот шешімі өзгеріссіз қалдыруға жатады деген қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 272 бабына сәйкес мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.
Талап арызда жауапкердің өзіне алған міндеттемесін толығымен орындамағаны көрсетіледі. Алайда, талап қоюшының бұл уәжі іс матариалдарымен расталмаған. Қазақстан Республикасының азаматтық процесстік кодексінің 65 бабының 3 бөлігіне сай (одан әрі - АПК) істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс мән-жайларының ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуы мүмкін емес.
Тараптардың арасында жасалаған келісім жазбаша түрде жасалмаған, тек ауызша жасалған. Жауапкер тауарды сатуға алғандығын жоққа шығармайды, іс матариалдарымен бұндай қарым қатынас расталады.
Бірақ, іс материалдарында жауапкердің алған тауары үшін 7 000 000 теңге қайтаруға жататындығы өз дәлелін таппаған.
Бұндай міндеттеме көрсетілмеген, жауапкер бұл соманы растамайды. Жауапкердің пайымдауынша жалпы сатылатын тауардың сомасы 7 000 000 теңге кұрауы керек, алайда бұл соманың ішінде шығындар бар. Яғни, тауарды тасымалдау үшін кеткен шығын, сатумен байланысты және басқа да шығындар.
Соның ішінде талап қоюшыға өзінің 4 000 000 теңге қайтарғанын көрсетеді. Демек, іс бойынша жауапкердің талап қоюшыға тауар үшін 7 000 000 теңге қайтаруы керек екендігі, немесе 4 000 000 теңге бергеннен кейін қосымша 3 000 000 берешек қалғанын көрсететін нақты дәлел жоқ.
Апелляциялық сатыдағы сотта жаупкердің өкілі талап қоюшыға 8 300 теңге қарыз екендігін мойындап, оны растады.
Демек бірінші сатыдағы соттың бұл соманы өндіруі, тек жауапкердің мойындауымен негізделген. Талап қоюдың қалған бөлігі өз дәлелін таппаған.
АПК 72-ші бабының талаптарына сай әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды өздері дәлелдеуі тиіс.
Алайда, іс материалдарынан көрініп тұрғандай, талап қоюшы өзінің уәжін дәлелдейтін құжаттарды сотқа табыстамаған, талап қоюдың негізді екендігін көрсететін дәлелді ұсынбаған.
Сонымен қатар, апелляциялық шағымдағы бірінші сатыдағы соттың үшінші тұлғаның жеке кәсіпкер Макатованы сотқа шақырмай, оның құқығын бұзғаны жөніндегі уәжі негізсіз болып табылады.
Іс материалдарынан талап қоюшы тауарды ЖК М сатып алғандығы және осы тауар одан әрі жауапкерге берілгені көрінеді. ЖК Макатовамен талап қоюшының арасында жазбаша келісім шарт жасалған, оның мәтінінде жауапкердің белгілі-бір міндеттемесі бар екендігі көрінбейді. Келісім шартта тек талап қоюшының тауарды сатып алғандығы көрсетілген.
Яғни, талап қоюшы тауарды ЖК М сатып алып, одан кейін оны өз иелігі бойынша жауапкерге сату үшін берген. Бұл орайда, бірінші сатының шығарған шешімі ЖК Маның құқығы мен заңды мүддесіне ешбір әсер етпейді, оған қатысты шешім шығарылмаған.
Сондықтан да, көрсетілген уәж негізсіз болып табылады. АПК –ң 427 бабының 3 бөлігіне сай мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылмайды.
Материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы, егер осы бұзушылық дұрыс шешім қабылдамауға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіз болып табылады.
ЖК Мың сотқа шақырылмауы заңды және негізді сот актісін бұзуға формальды себеп болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот іс бойынша жиналған дәйектерге дұрыс баға беріп, заңды шешім шығарған деп есптейді.
Шешімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер жоқ, апелляциялық шағым қанағаттандыруға жатпайды.
АПК 434 бабының 2 бөлігінің 3) тармағына сай қаралып отырған азаматтық іс кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайды.
Қазақстан Республикасының азаматтық процесстік кодексінің 424, 425, 426 бабтарын басшылыққа алып, сот алқасы ҚАУЛЫ ЕТТІ: Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі осы азаматтық іс бойынша шығарылған шешімі өзгеріссіз, талап қоюшының апелляциялық шағымы қанағаттандырылусыз қалдырылсын.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Talap aryz M
17 рет жүктеп алынды -
Uygarym Ma v K. kabyld. uprosch.
21 рет жүктеп алынды -
Қарсы пікірге толықтырулар мен өзгертлерер
19 рет жүктеп алынды -
Қаулы апеляция
22 рет жүктеп алынды -
Өтінішхат дауды жалпы тәртіппен қарау туралы
19 рет жүктеп алынды -
Пікір қаражатты өндіру туралы талап арызға
17 рет жүктеп алынды -
ПІКІР Талапкердің Апеляциялық шағымына қарсы
20 рет жүктеп алынды -
Уйгарым Мажитов К. жалпы тартипте карау
19 рет жүктеп алынды