Интернет-дүкенін әзірлеу бойынша соманы қайтару туралы
2024 жылғы 25 маусым №7527-24-00-2/3645 Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының құрамында төрағалық етуші судья Г.С.Касымбаева хатшылыққа Қ.Елшібайды ала отырып ашық сот отырысында талап қою арызы бойынша азаматтық істі қарады: ТАЛАП ҚОЮШЫ: «BM » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ЖАУАПКЕР: «MBG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке кәсіпкер ОА Bа «Bа» ТАЛАП ҚОЮШЫНЫҢ ТАЛАБЫ: соманы қайтару туралы
«BM » ЖШС мен «MBG» ЖШС арасында 2023 жылғы 9 наурыздағы №743 шарт жасалды, оның талаптары бойынша тапсырыс беруші осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктерге сәйкес интернет-дүкенді әзірлеуге нұсқау береді, ал орындаушы осы нұсқауды өз міндетіне алады. Шарттың 2 бөліміне сәйкес осы шарт бойынша жұмыстың құны: 2 700 000 теңге, төлем теңгемен жүргізіледі.
Алғашқы төлем жұмыстың жалпы құнының 30% құрайды, яғни 810 000 теңге, шартқа қол қойылған күннен бастап 3 банктік күн ішінде төленеді. Екінші жарна жұмыстың жалпы құнының 40% құрайды, яғни 1 080 000 теңге, мобильді қосымшаның барлық беттерінің дизайнын бекітуді растайтын аралық актіге қол қойғаннан кейін 3 банктік күн ішінде жүзеге асырады. Үшінші жарна жұмыстың жалпы құнының 30% құрайды, яғни 810 000 теңге, барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін және тараптар жұмыстың аяқталғаны туралы актіге қол қойғаннан кейін төленеді.
Талап қоюшымен 10 наурыз 2023 жылғы түбіртекке сәйкес, жауапкер ЖК Bаның пайдасына 810 000 теңге төленген. Талап қоюшы сотқа талап қою арызымен жүгініп, Интернет-дүкенді дамыту бойынша жұмыс барысында жауапкермен https://..ay.kz/, https://broker....ay.kz/ сайттарынан көшіру және плагиаттың айқын элементтері бар, сапасыз жұмыс орындалды деп көрсеткен.
Сонымен қатар, жауапкер интернет дүкенді жасау үшін қолданылған барлық материалдарды https://..pay.kz/, https://broker...pay.kz сайттарынан көшіріп алған.
Онымен қоймай, жауапкер барлық істі тезірік бітіріп жауып тастау үшін өте сапасыз жұмыс жасалған.
Сонымен қатар, интернет желісіндегі жауапкер туралы өте теріс әрі жағымсыз кері пікірлер бар екенін талап қоюшы төлем жасалғанан кейін ғана көзі жетті. Сол себепті соттан жауапкер «MBG» ЖШС-нен немесе ЖК Bадан 810 000 теңге соманы қайтарып алуды сұрауда.
Жауапкер талап арызға қарсы пікірінде жасалған шарттың талаптарына сәйкес тапсырыс берушінің келісімі мен ескертулері мен шағымдары whats app хат-хабарларында не электрондық пошта арқылы көрсетіледі, алайда, осы байланыс құралдарының ешқайсысында қызмет көрсету сапасы жағынан да, қызмет көрсету мерзімі жағынан да қандай да бір ескерту көрсетілмеген. Тапсырыс беруші талап-арызда өзінің ұстанымын растайтын ешқандай дәлел келтірмеген, тек интернет желісіндегі жағымсыз пікірлерді оқығаннан кейін оның орындаушыға деген теріс көзқарасы бар екенін мәлімдеген.
Сол себепті талап арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұрайды. Сот отырысында талап қоюшының өкілдері, талап қоюды қолдап, қанағаттандыруды сұрады.
Сот отырысында жауапкердің өкілі талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. Жауапкер ЖК Bа сот отырысына қатыспады, қатыспау себебін хабарламады, сот істі Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 196-бабына сәйкес қарауды жөн көрді.
Сот жақтарға олардың бітімгершілікке келу құқықтарын түсіндірген, алайда, жақтар бітімгершілікке келу мүмкіншілігін пайдаланбады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (әрі қарай-АК) 271 бабына сай, мiндеттемелер шарттан пайда болады.
АК-нің 272, 277-баптарына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше және уақытылы орындалуға тиiс.
Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.
АК-нің 386-бабына сәйкес, шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады (осы Кодекстiң 393 бабы). АК-нің 349-бабының 1-тармағына сәйкес мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) - тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы «Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» №2 нормативтік қаулысының 9-тармағына сәйкес істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиісті мән жайы ешқандай да басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес (мысалы, егер мәміленің нақты жағдайлары бойынша дау туындайтын болса, ол келісім шартпен дәлелденеді).
Шарттың 2.1-тармаққа сәйкес, жұмыстардың құны: 2 700 000 теңгені құрайды. Шарттың 2.2-тармағына сәйкес бірінші жарна осы шарт бойынша жұмыстардың жалпы құнының 30% құрайды ол 810 000 теңге.
Тапсырыс беруші шартқа қол қойылған күннен бастап 3 банктік күн ішінде төлеуге міндеттенген. Талап қоюшы түбіртекке және кіріс кассалық ордерге сәйкес 810 000 теңге мөлшерінде бірінші жарнаны төлеген. Шарттың 3.9 талаптарына сәйкес, тапсырыс берушінің келісімі мен ескертулері мен шағымдары whats app хат-хабарларында не эл арқылы көрсетіледі пошта.
Алайда, осы байланыс құралдарының ешқайсысында қызмет көрсету сапасы жағынан да, қызмет көрсету мерзімі жағынан да қандай да бір ескерту көрсетілмеген (қызметтің келісімі бойынша топта көрсетілген барлық хат-хабарлар қоса беріледі).
Шарттың 5.6 тармағына сәйкес, шарттың жұмысында кемшіліктер болған жағдайда тараптар екіжақты акт жасауы тиіс.
Сот отырысында талап қоюшы жауапкер шарт бойынша нақты қандай бөлікті бұзғаны туралы дәлелдеме, жауапкерге сотқа дейін қандай шағым келтіргені туралы құжат берген жоқ.
Жұмыс және оны тапсыру кезінде тапсырыс беруші қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне қандай да бір шағым көрсетпеді, керісінше, WhatsApp тобындағы хат-хабарлар талап қоюшының үлгімен келіскеніне дәлел болады.
АПК-нің 72 бабына сәйкес, әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғану құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелерді және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімдерде келтіруге тиіс.
Талап қоюшы тарпынан сотқа жауапкердің міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны дәлелдейтін ешбір құжат ұсынылған жоқ.
Сонымен қатар, шарттың 3.9. тармағына сәйкес, тапсырыс берушіден макеттердің барлық түзетулері қабылданады және тек электронды және құрылымдық нысанда орындаушының info@....kz электрондық поштасына немесе WhatsApp Messenger арқылы жіберіледі.
Үшінші тараптың байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберілген ескертулер олардың бар екенін растайтын ресми құжат болып табылмайды, сондықтан орындаушы қабылдамайды немесе ескермейді. Талап қоюшы тарапынан жауапкерге жоғарыда көрсетілген шарттың талабына сәйкес хабарламалар жіберілгені туралы дәлелдемелер сотқа ұсынылмады, керісінше хат алмасу кезінде талап қоюшы бірінші кезең бойынша жұмыс үлгісін мақұлдағаны ескеріледі.
Істің мұндай тұрғысында, сот, талап қою арызын қанағаттандырудан бас тартуға жатады. АПК-нің 113-бабына сәйкес, талап қоюшы «BM » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жауапкер «MBG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына өкілдің көмегіне төлеген сот шығыны 100 000 теңге өндіру керек.
АПК-нің 223- 226-баптарын басшылыққа ала отырып, сот ШЕШІМ ЕТТІ: Талап қоюшы «BM » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкерлер «MBG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, жеке кәсіпкер ОА Bаға «Bа» берген 810 000 теңгені қайтарып алу туралы талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Талап қоюшы «BM » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жауапкер «MBG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына өкілдің көмегіне төлеген сот шығыны 100 000 теңге өндірілсін.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
3645.docx
2 рет жүктеп алынды -
ARYZ SHAGYMDAMA (1)
2 рет жүктеп алынды -
Өтінішхат адвокаттың көмегі үшін төленген ақыны өндіру жайлы
2 рет жүктеп алынды -
Өтінішхат қосымша материалдарды іске тіркеу
2 рет жүктеп алынды -
Пікір Отзыв
2 рет жүктеп алынды