Лауазымды тұлға бола тұра, қызметтік жалғандық жасағандығы үшін кінәлі деп танылған, атқарылған жұмысты қабылдап алу актісіне көрінеу жалған мәлімет енгізілгендігін және онда Добавить новуюкөрсетілген жұмыс түрлерінің толық жасалмағандығын біле тұра, құжаттарға қол қойып ақшаны негізсіз аударып, басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында ресми құжатқа көрінеу жалған мәлімет енгізіп,
Қадағалаушы сот алқасы төменгі сатыдағы соттардың сотталушының ресми құжатқа көрінеу жалған мәлімет енгізіп қызметтік жалғандық жасады деген қорытындыларын негізсіз және заңсыз деп танып оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі қысқартты. Алматы облысы Алакөл аудандық сотының 2014 жылғы 26 мамырдағы үкімімен: Т. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 314-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе қаражатпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырып, 1 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп саналып, 1 жыл сынақ мерзімі белгіленген. Алматы облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 24 шілдедегі қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған.
Алматы облыстық соты кассациялық сот алқасының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен сот актілері өзгеріссіз қалдырылған. Сот үкімімен сотталған Т. лауазымды тұлға бола тұра, яғни 2013 жылғы 28 қазанда «Алакөл аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы қызметін атқарып, мердігер жеке кәсіпкер Б.-мен Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылында мал қорымын және биотермиялық шұңқырды жасау жұмыстарын орындау туралы шартта көрсетілген жұмыстың толық жасалмағандығына қарамастан, 2013 жылдың қыркүйек айында атқарылған жұмыстың құны туралы анықтамаға және 2013 жылдың қыркүйек айына атқарылған жұмысты қабылдап алу актісіне көрінеу жалған мәлімет енгізілгендігін және онда көрсетілген жұмыс түрлерінің толық жасалмағандығын біле тұра, құжаттарға қол қойып, мердігердің есеп шотына 1 496 250 теңге ақшаны негізсіз аударып, басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында ресми құжатқа көрінеу жалған мәлімет енгізіп, қызметтік жалғандық жасағандығы үшін кінәлі деп танылған. Адвокат У. өз өтінішінде сотталған Т.-ға қатысты сот үкімімен келіспейтіндігін, соттың үкімдегі тұжырымы іске тіркелген дәлелдемелерге және сотта анықталған мән-жайларға сәйкес келмейтінін, сот тергеуі жанжақты жүргізілмегендігін және айғақтар мен дәлелдемелерге объективті түрде баға беріліп қаралмағандығын, Т.-ның бұл қылмысқа мүлдем қатысы жоқ екендігін көрсетіп, оған қатысты сот актілерінің күшін жойып, әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұраған.
Сотталған Т.-ның берген өтінішінде өзіне қатысты сот үкімімен келіспейтіндігін, себебі жеке кәсіпкер Б.-ға немесе басқа да бір адамдарға қандай да бір артықшылықтар немесе пайда алып беру туралы ойы болмағандығын, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының атқарылғандығын, алайда қар жауып, күн суық болғандықтан, яғни ауа райының қолайсыздығынан бұл жұмыстар кейінге қалдырылғандығын, одан соң жұмыстардың толық атқарылғандығын, ешкімге ешқандай залал келмегендігін көрсетіп, өзіне қатысты сот актілерінің күшін жойып, әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұраған. Сотталған Т.-ның және адвокат У.-дың өтініштерінде келтірген уәждерді қолдаған түсініктерін, прокурордың сотталған Т.-ға қатысты сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған пікірін тыңдап, өтініште келтірілген уәждерді талқылап, қылмыстық істегі дәлелдемелерді жан-жақты тексеріп, қадағалаушы сот алқасы сотталған Т. жөніндегі сот үкімі мен қаулылары төмендегі мән-жайлардың негізінде күші жойылуға жатады деген тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 314-бабында көрсетілген қылмыстың мәні – түпнұсқа құжаттың мазмұнын өзгертуге не жалған жасанды ресми құжатты түгелдей жасау немесе беру болып табылады. Жалған құжат жасау субъективтік жағынан алғанда тікелей ниетпен жасалады және пайдакүнемдік мақсаттың немесе өзге де жеке мүдденің болуын қалайды, сондай-ақ қызметтік жалғандық, егер аталған қылмысты адам пайдакүнемдік мақсатта немесе өзінің, өзгенің мүддесі үшін жасалған болса ғана қылмыстық жауапкершілік туындайтындығы көрсетілген. Демек, бұл қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі – ол өзіне, басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында ресми құжатқа көрінеу жалған мәлімет енгізуі болып табылады және бұл қылмыс тек тікелей ниетпен ғана жасалады.
Лауазымды тұлға бола тұра, қызметтік жалғандық жасағандығы үшін кінәлі деп танылған
Алайда, тергеу орындары Т.-ға қатысты айып тағу қаулысы мен айыптау қорытындысында, сондай-ақ соттардың сот актілерінде келтірілген айыптарында Т.-ның әрекетінен басқа адамдар немесе ұйымдардың қандай пайда мен артықшылықтар алғандығын нақтыламай, өздерінің уәждерін сараптаманың орындалмаған жұмыс көлемінің құны 1 455 526 теңге деген қорытындысына ғана негіздеп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 314-бабының диспозициясын көрсетумен шектелген. Сотталған Т.-ның басты сот талқылауында берген жауаптарын негізге алсақ, 2013 жылдың қазан айында қар жауып, ауа райы күрт суытқан, яғни форс-мажор жағдайы орын алған. Осыған байланысты шарттың 9-бөлігінің 9.1-тармағына сай, тиісті міндеттемелерді орындау үшін оның мерзімін ұзарту туралы 2013 жылдың 3 желтоқсанында Б.-мен қосымша келісім жасалып, жұмыстың аяқталу мерзімі 2014 жылдың 29 мамырына дейін ұзартылған. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Б.-ның жасаған жұмысына байланысты, яғни мал қорымы мен биотермиялық шұңқыр салғаны үшін оған тиесілі қаражат аударғанын, ал қалған жұмыстарды шартта көрсетілген мерзім ішінде бітіріп беретіндігі жөніндегі Б.-ның кепілхаты болғанын атап көрсеткен. Іс құжаттарына қарағанда, мердігер жеке кәсіпкер Б.-ның мекеме басшысы Т.-ның атына жазған 2013 жылғы 25 қазандағы кепілхатында құрылыс жұмыстарын 2013 жылдың 28 қарашасына дейін бітіретіндігін және құрылыс материалдарын сатып алу үшін 1 496 250 теңге сомасында қаражат бөлуді сұраған. Сондай-ақ 2013 жылғы 9 желтоқсандағы кепілхатында, құрылыс жұмыстарының аяқталмай қалған бөлігін 2014 жылдың сәуір немесе мамыр айының соңына дейін бітіріп беретіндігі, алайда аталған жұмыс аяқталмаған жағдайда жауапкершілік тартуға дайын екендігін көрсеткен. Мердігер мен тапсырыс берушінің арасындағы 2013 жылғы 2 қыркүйектегі шартқа 2013 жылдың 3 желтоқсанында қосымша шарт жасалған және оның талаптары бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2014 жылдың 29 мамырына дейін ұзартылған. Сонымен қатар Алакөл ауданы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысының 2014 жылғы 12 мамырда берген анықтамаларында, әкімдік тарапынан Т.-ға ешқандай талап-тілектерінің жоқ екендерін, себебі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандығын және қосымша шартта көрсетілген мерзімнің аяғына, яғни 2014 жылдың 29 мамырына дейін аяқталатындығын көрсеткен. Мердігер Б.-мен Алакөл ауданы Теректі ауылындағы мал қорымы және биотермиялық шұңқырды жасау жұмыстары толық орындалуына байланысты, Алакөл ауданы әкімдігінің қабылдау комиссияның 2014 жылғы 16 мамырдағы қабылдау актісімен аталған объекті қолданысқа қабылданған. Демек, осы аталған жағдайлардан төмендегі сатыдағы соттардың Т.-ның лауазымды адам бола тұра, басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында ресми құжатқа көрінеу жалған мәлімет енгізіп, қызметтік жалғандық жасады деген қорытындылары қылмыстық іске тіркелген дәлелдемелерге және сотта анықталған мәнжайларға сәйкес келмейтіндігі, яғни негізсіз жасалғандығын көрсетеді. Жоғарыда көрсетілген негіздерге байланысты қадағалаушы сот алқасы Т. жөніндегі сот актілерінің күшін жойып, оның әрекетінде қылмыстың құрамы болмағандықтан, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды. Сонымен қатар Т.-ның қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылуына байланысты, оған келтірілген зиянды өтету құқығын танып, адвокат У.-дың және сотталған Т.-ның өтініштері қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Лауазымды тұлға бола тұра, қызметтік жалғандық жасағандығы үшін кінәлі деп танылған
348 рет жүктеп алынды -
Лауазымды тұлға бола тұра, қызметтік жалғандық жасағандығы үшін кінәлі деп танылған
289 рет жүктеп алынды