Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 369-бап. Қызметтiк жалғандық жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

369-бап. Қызметтiк жалғандық жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

369-бап. Қызметтiк жалғандық жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Қызметтiк жалғандық жасау, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның не лауазымды адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі не аталған құжаттарға олардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгiзуi не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруi, егер бұл іс-әрекеттер өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған болса, –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2-1. Құқық қорғау органының қызметкері жасаған дәл сол іс-әрекет –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2 Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекет, егер оны жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаса, –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекет, егер оны құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаса, –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның...

Толық оқу »

Соттардың қылмысқа қатыстылық пен қылмыстық құқық бұзушылыққа дем берушілік үшін жауаптылық туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 14 Нормативтік қаулысы.

Соттардың қылмысқа қатыстылық пен қылмыстық құқық бұзушылыққа дем берушілік үшін жауаптылық туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы...

Толық оқу »

Қызметтік жалғандықты жасағаны, яғни лауазымды адамның басқа ұйым үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында Ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін кінәлі деп танылды

Қызметтік жалғандықты жасағаны, яғни лауазымды адамның басқа ұйым үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында Ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін кінәлі деп...

Толық оқу »

Лауазымды тұлға бола тұра, қызметтік жалғандық жасағандығы үшін кінәлі деп танылған, атқарылған жұмысты қабылдап алу актісіне көрінеу жалған мәлімет енгізілгендігін және онда Добавить новуюкөрсетілген жұмыс түрлерінің толық жасалмағандығын біле тұра, құжаттарға қол қойып ақшаны негізсіз аударып, басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында ресми құжатқа көрінеу жалған мәлімет енгізіп,

Лауазымды тұлға бола тұра, қызметтік жалғандық жасағандығы үшін кінәлі деп танылған,атқарылған жұмысты қабылдап алу актісіне көрінеу жалған мәлімет енгізілгендігін және онда Д...

Толық оқу »

Адамның қызметтік жалғандыққа кінәсі туралы қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ

Адамның қызметтік жалғандыққа кінәсі туралы қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқБатыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі үкімімен: А., бұрын со...

Толық оқу »

13-бап. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы

13-бап. Қазақстан Республикасының қызметтік паспортыЖеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 369-бабына түсініктеме. Қызметтік жалғандық

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 369-бабына түсініктеме. Қызметтік жалғандық1. Қызметтік жалғандық, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам...

Толық оқу »