Мүлікке тыйым салу, тұрғын үйді бағалау, сауда-саттыққа шығару қаулыларын заңсыз деп тану
27.11.2023ж. №6001-23-00-6ап/1318
Талап қоюшы: А.Н.
Жауапкер: ЖСО «Н»
Даудың мәні: атқарушылық іс жүргізуді қозғау, мүлікке тыйым салу, тұрғын үйді бағалау, сауда-саттыққа шығару қаулыларын заңсыз деп тану, сауда-саттық қорытындысы хаттамасының күшін жою, жылжымайтын мүлікті бағалау қорытындысын жарамсыз деп тану, сатып алу-сату шартының күшін жойып, меншік құқығын тіркеуді қалпына келтіру туралы Жауапкер келтірген кассациялық шағымы бойынша қайта қарау
ІСТІҢ МӘНІ: Қ. қалалық сотының 2010 жылғы 19 қаңтардағы сырттай шешімімен А.Н. дан «К» АҚ-ның пайдасына 11 840 348 теңге несие берешегі мен 355 210 теңге баж алымы өндіріліп, өндіру А.Н.-ның кепілге қойған Қ. қаласы, С. тұрғын ауданы, 34 квартал, 9 участок мекен-жайындағы мүлкіне аударылған. 2010 жылдың 19 наурызында А.Н.-ның қарыз берешегін кепілге қойылған мүлкінен өндіріп алу туралы атқару парағын орындауға жолдаған.
Сот шешімін орындау мақсатында ЖСО 2015 жылғы 24 қарашадағы қаулысымен атқарушылық іс жүргізу өндірісі қозғалып, тиісті атқарушылық әрекеттер жүргізілген, яғни борышкердің мүлкіне тыйым салынып, бағалау жүргізіліп, жылжымайтын мүлік сауда-саттыққа шығарылып, нәтижесінде 2016 жылғы 14 сәуірдегі электрондық аукцион қорытындысымен Р.А. жеңімпаз деп танылған. 2016 жылғы 20 сәуірде сатып алу-сату шарты жасалып, аталған жылжымайтын мүлік Р.А.-ға сатылған. Бұдан кейін А.Н. ЖСО әрекетіне және аукцион қорытындысын даулап сотқа жүгініп, нәтижесінде сот шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.
Сот актілері:
1-і саты: талап қою қанағаттандырудан бас тартылды.
Апелляция: сот шешімі өзгертілген.
Талаптың атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысын заңсыз деп танудан бас тартқан бӛлігінің күші жойылып, бұл бөлікте талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданып, жеке сот 16 орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы 2015 жылғы 24 қарашадағы атқарушылық іс жүргізуді қозғау қаулысы заңсыз деп танылған. Сот шешімнің өзге бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Кассация: сот алқасының қаулысының күші жойылып, бірінші сатыдағы сот сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылсын.
Қорытынды: Бірінші сатыдағы сот, сот орындаушысы Н.Қ.-пен атқарушылық іс жүргізу өндірісі қозғалған кезде заң талаптары бұзылмағанын және оның дауланып отырған әрекеттері заң талаптарына сәйкес жасалған деп тұжырымдаған. Апелляциялық сатыдағы сот алқасы бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келіспей, сот орындаушысы Н.Қ.-тың дауланып отырған әрекеттері заң талаптарына қайшы келетінін, себебі 2010 жылғы 19 қаңтардағы соттың сырттай шешімі бойынша берешекті өндіру туралы және кепіл мүліктен өндіру туралы екі бөлек атқару парағы берілгенін, яғни бір берешек соманы өндіруге қатысты екі атқару парағы беріліп, екі өндірістің қатар жүруі заң талаптарына қайшы екенін негізге алған.
Сонымен қатар, атқару құжатының орындауға ұсыну мерзімі өтіп кеткенін негіздеген. Апелляциялық саты сотының мұндай тұжырымдарын заңды әрі негізді деп санауға болмайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76 бабының 3 тармағына сәйкес соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.
«Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 5-тармағының талаптарына сәйкес, шешiм iс жүргiзу құқығының нормалары сақтала отырып және осы құқықтық қатынасқа қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестiкте шығарылғанда немесе ұқсас қатынасты реттейтiн заңның қажеттi негiздерiн қолданғанда не азаматтық заңнаманың жалпы бастауларынан және мәнiнен, адалдық, парасаттылық пен әдiлдiк талаптарынан туындағанда, заңды болып табылады.
Іс құжаттарына қарағанда, 2010 жылғы 19 қаңтардағы сырттай шешімімен А.Н.-ан «К» АҚ-ның пайдасына 11 840 348 теңге несие берешегі мен 355 210 теңге баж алымы өндіріліп, өндіру А.Н.-ның кепілге қойған Қ. қаласы, С. тұрғын ауданы, 34 квартал, 9 участок мекен-жайындағы мүлкіне аударылған.
Осыған байланысты сот борышкер А.Н.-ның берешек соммасын мүлкінен ӛндіру туралы атқару парағын 2010 жылғы 19 мамырда №5116/6284 санды шығыс хатымен уақытылы орындауға жолдаған. Апелляциялық алқа сотының бір іс бойынша екі атқару парағы беріліп, екі өндіріс қатар жүргізілген деген тұжырымы негізсіз, себебі заңды күшіне енген соттың сырттай шешімі бойынша А.Н.-ның өндірілуге тиіс қарыз соммасы кепілге қойылған мүлкіне аударылған.
Осы сот шешімін орындау сот орындаушысы Н.Қ.-тың тікелей міндеті болғандықтан, 2015 жылдың 24 қарашада атқарушылық іс жүргізу ӛндірісін қозғап, өз күзіреті шегінде әрекеттер жасаған.
Атқару парағын орындауға берілген үш жылғы мерзім өтіп кеткен деген апелляциялық алқа сотының тұжырымы да негізсіз, себебі іс құжаттарына жеке сот орындаушысы К.Д.-ның 2013 жылғы 14 маусымдағы А.Н.-ның қарызын мүлкінен өндіру туралы атқару құжаты қайтарылғаны туралы қаулы тіркелген.
Заңның 12-бабының 2-тармағы бойынша (2015 жылғы қазан айындағы редакциясы) үзiлiстен кейін мерзiмнiң ӛтуi қайтадан басталады, бұл ретте үзiлiске дейiнгi өткен уақыт жаңа мерзiмге есептелмейдi. Үзiлiстен кейiнгi жаңа мерзiм атқарушылық құжат бойынша ӛндiрiп алу толық немесе iшiнара жүргiзiлмей, ол өндiрiп алушыға қайтарылған күннен бастап есептеледi.
Бұл мән-жайлар апелляциялық алқа сотының назарынан тыс қалған. Сонымен қатар, атқарушылық іс ӛндірісінің қозғалуының заңдылығы Қ. қалалық сотымен 2016 жылғы 25 тамызда А.Н.-ның жеке сот орындаушы А.Қ. тың әрекеттеріне дау келтіру туралы талабы бойынша қабылданған сот актілерімен және Қ. қалалық сотының 2018 жылғы 5 қарашадағы ұйғарымымен А.Н.-ның жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша 19 ақпан 2010 жылғы қарыз соммасын өндіру және кепілге салынған мүліктен өндіру туралы сырттай шешімнің күшін жоюды сұраған арызы қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымдарымен тиісті құқықтық баға берілгенін ескерген жӛн.
ӘРПК-нің 5-бабына сәйкес, әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
Сот алқасы, бірінші сатыдағы соттың А.Н.-ның талап арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы тұжырымдары іс бойынша анықталған нақты мән-жайларға және ақылға қонымды, парасатты және мӛлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы