Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 163-бап. Мүлікке тыйым салуды санкциялау тәртібі УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

163-бап. Мүлікке тыйым салуды санкциялау тәртібі УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

163-бап. Мүлікке тыйым салуды санкциялау тәртібі УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

      1. Мүлікке тыйым салуды санкциялау құқығы –тергеу судьясына, ал осы Кодекстің 107-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда облыстық және оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі.

      2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның мүлiкке тыйым салуды қолдану жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулысы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жер бойынша не күдіктінің, айыпталушының мүлкі табылған жер бойынша тергеу судьясының жеке-дара қарауына жатады.

      3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Тергеу судьясы мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхатты қарап, мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

      Мүліктің ықтимал тәркіленуін қамтамасыз ету үшін мүлікке тыйым салу туралы мәселені шешу кезінде тергеу судьясы мүліктің күдіктіге, айыпталушыға тиесілі екенін және оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде пайдаланылғанын не қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын куәландыратын нақты мән-жайларды көрсетуге тиіс.

      Мүліктің қылмыстық жолмен алынғаны туралы анық деректер бар болған, бірақ бұл мүлікті анықтау мүмкін болмаған кезде тергеу судьясы оған құны бойынша баламалы басқа мүлікке тыйым салуға құқылы.

      5. Мүлiкке тыйым салу туралы қаулыда тыйым салынуға жататын мүлiк, сотқа дейінгі iс жүргiзу барысында оның қаншалықты анықталғаны, сондай-ақ азаматтық талап қоюды қамтамасыз етуде тыйым салу жеткiлiктi болатын мүлiктiң құны, іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мүлікті сақтау орны туралы мәлімет көрсетiлуге тиiс.

      Қажет болған кезде мүлікке тыйым салу туралы қаулы орындалуы үшін тиісті уәкілетті органға немесе ұйымға жіберілуі мүмкін.

      6. Тергеу судьясының мүлікке тыйым салу туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, күдіктіге немесе қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекетімен келтірілген зиян үшін жауаптылықта болатын тұлғаға, сондай-ақ прокурорға, азаматтық талапкерге, жәбірленушіге жіберіледі.

      7. Судьяның мүлікке тыйым салуды қолдану туралы қаулысын сот орындаушысы орындайды.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу судьясының мүлікке тыйым салуды қолдануды санкциялаудан бас тарту туралы қаулысы заңды күшіне енген күннен кейін он тәулік ішінде мүлікке билік етуге белгіленген шектеуді алып тастайды, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұрудың күшін жояды және (немесе) алып қойылған мүлікті иесіне қайтарады.

      8. Сот орындаушысы судьяның мүлiкке тыйым салу туралы қаулысын орындау үшін мүліктің бар-жоғын тексереді, оның тізімдемесін жасайды, билігінде осы мүлік жатқан тұлғаларға мүлікті талан-таражға салуға немесе онымен өзге де әрекеттер жасауға жол берілмейтіні туралы жазбаша түрде ескертеді не тыйым салынуы мүмкін мүліктің жоқ екені туралы акт жасайды.

      9. Мүлiкке тыйым салған кезде мүлiктiң құнын айқындайтын маман қатысуы мүмкін.

      10. Мүліктің меншiк иесi немесе иеленушiсі қандай нәрселерге бiрiншi кезекте тыйым салу қажеттiгiн ұсынуға құқылы.

      11. Тыйым салынған мүлiк алып қойылуы не тергеу судьясының қалауы бойынша жергiлiктi әкiмшiлiктiң, тұрғынжай-пайдалану ұйымының өкiлiне, осы мүлiктiң иеленушiсіне немесе өзге де тұлғаға сақтауға берiлуi мүмкiн, оларға мүлiктiң сақталуына жауапты екендігі ескертiлуге тиiс, бұл туралы қолхат алынады.

      12. Екінші деңгейдегі банктердегi, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы және кредиттік мекемелердегi шоттар мен салымдардағы ақшаға және өзге де құндылықтарға тыйым салу кезiнде осы шот бойынша шығыс операциялары тыйым салынған қаражат шегiнде тоқтатылады.

      13. Мүлікке тыйым салуға қажеттілік жойылған кезде бұл шараның күші жойылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде тергеу судьясы санкциялаған мүлiкке тыйым салудың күшін жою қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысы негізінде прокурордың келісімімен жүргізіледі.

     Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Уголовно-процессуальный кодекс, Уголовный кодекс, Комментарии к Уголовно-процессуальному кодексу, Нормативное постановление верховного суда, Уголовное законодательство, Нормативно правовые акты Республики Казахстан 

162-бап. Мүлікке тыйым салу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

162-бап. Мүлікке тыйым салу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Мүлікке тыйым салу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзе...

Толық оқу »

63-бап. Мүлiкке тыйым салу тәртiбi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

63-бап. Мүлiкке тыйым салу тәртiбiАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Мүлiкке тыйым салу кезiнде сот орындаушысы оның борышкерге тие...

Толық оқу »

Мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы сот қаулысына қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым

Мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы сот қаулысына қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағымАстана қаласының сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасынаӨкілі – адвокат...

Толық оқу »

89-бап. Ақшалай талаптарға тыйым салу тәртібі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

89-бап. Ақшалай талаптарға тыйым салу тәртібіАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Ақшалай талапқа тыйым салу кезінде сот орындаушысы...

Толық оқу »

161-бап. Мүлiкке тыйым салу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

161-бап. Мүлiкке тыйым салу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үкiмнің азаматтық талап қою, бас...

Толық оқу »

164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау ҚР ҚПК Қ...

Толық оқу »

226-бап. Эксгумациялау туралы қаулыны санкциялау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

226-бап. Эксгумациялау туралы қаулыны санкциялау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Эксгумациялау жүргізу қажет болған кезде сотқа дейінгі...