Әдебиет пен өнер саласындағы 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 697 Жарлығы
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап,
қаулы етемін:
1. Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін: 1) Майра Мұхамедқызына, әнші — 2004-2007 жылдардағы концерттік бағдарламалары үшін; 2) Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке, жоба жетекшісі; Сәрсембек Ендібайұлы Жүнісовке, бас сәулетші; Баир Фарденұлы Досмағамбетовке, сәулетші; Александр Якубович Беловичке, сәулетші; Николай Васильевич Борискинге, сәулетші — Астана қаласындағы "Дөңгелек алаң" сәулет кешені үшін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы