Сыйлықақы төлеу - жұмыс берушінің құқығы ма немесе міндеті ме?
Талдау кӛрсеткендей, республика соттарында осындай даулар бойынша біркелкі емес практика қалыптасқан.К. «Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»РММ-ге сыйлықақы тӛлеу туралы талап қоюмен жүгінді.Қостанай қалалық сотының 2022 жылғы 5 қазандағы шешімімен кӛтермелеу, оның ішінде сыйақылар тӛлеу жұмыс берушінің құқығы болып табылатыны туралы негіздермен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.
Апелляциялық сатыдағы сот соттың бұл қорытындысын негізсіз деп таныды, ӛйткені сыйлықақы беру туралы бұйрықтар Басқарманың барлық қызметкерлеріне қатысты қабылданған, тек алынбаған тәртіптік жазалары бар қызметкерлер ғана сыйлықақылардан айырылды. Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшыны тәртіптік жауапкершілікке тарту сот тәртібімен заңсыз деп танылып, күші жойылғандықтан, оның сыйлықақы алу құқығы қалпына келтірілді.
Азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 29 қарашадағы қаулысымен сот шешімі талап қоюды толық кӛлемде қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығара отырып, күші жойылды.Жоғарғы Сот судьясының 2023 жылғы 29 мамырдағы қаулысымен апелляциялық сатының қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы ӛтінішхатты қанағаттандырудан бас тартылды.
Н. ШЖҚ РМК-ға бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою, жалақыға қосымша ақы мен сыйлықақы ӛндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.
Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы сотының 2022 жылғы 20 қазандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.Астана қаласы сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2023 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен сот шешімі ӛзгертілді, сӛгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы 2022 жылғы 29 шілдедегі бұйрықты заңсыз деп танудан бас тарту және оның күшін жою бӛлігінде - күші жойылды, осы бӛлімде талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.
Қосымша ақы мен сыйлықақы тӛлеуден бас тарту туралы бӛлігінде сот шешімі ӛзгеріссіз қалдырылды.Жалақыға есептеулер жүргізу және сыйлықақы тӛлеу міндетін жүктеу бӛлігіндегі талаптарды қанағаттандырудан бас тарта отырып, соттар сыйлықақы беру мәселесі және жұмысшылардың еңбегін ынталандырудың басқа түрлері жұмыс берушінің құқығы және жалғыз шешімі болып табылатындығын атап ӛтті.
Кассациялық саты судьясының 2023 жылғы 17 сәуірдегі қаулысымен сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы ӛтінішхатты кассациялық сатыға беруден бас тартылды.Мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен осындай дауларды шешу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық кӛмек кӛрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар тӛлеу қағидалары (бұдан әрі - № 1127 қағидалар) бекітілгенін ескеру қажет.
№ 1127 қағидалардың 1-2-тармағында мемлекеттік органдардыңқызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық кӛмек кӛрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу: 1) мемлекеттік орган - –бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісі басшысының не оны алмастыратын тұлғаның; 2) аппарат басшысының орталық мемлекеттік органның басшысымен келісілген шешімі бойынша жүргізілетіні белгіленген.
№ 1127 Қағидалардың 2-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар осы Қағидаларды басшылыққа ала отырып, осы органдардың қызметкерлеріне сыйлықақы беру туралы ережелерді дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар.
Қызметкердің сыйлықақы алу құқығын беретін қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі кӛрсеткіштер Қағидалардың 3-тармағында кӛзделген.№ 1127 Қағидалардың 4-тармағына сәйкес қызметкерге сыйақы беру: 1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде; 2) тиісті органда бір айданкем жұмыс істеген болса; 3) сынақ мерзімінен ӛту кезеңінде жүргізілмейді.
Демек, егер қызметкер алынбаған тәртіптік жазасының болуы себебінен ғана сыйлықақыдан айырылса, бұл ретте бүкіл ұжым сыйлықақы алған кезде, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрық заңсыз деп танылған және оның күші жойылған кезде, мұндай қызметкердің алынбаған сыйлықақыны ӛндіріп алу туралы талаптары қанағаттандырылуға жатады.
Егер жекелеген қызметкерлерге, мысалы, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, шұғыл және алдын-ала күтпеген жұмыстарды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін сыйақы беру туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда бұл мемлекеттік орган басшысының құқығы екенін негізге алу қажет.
Қазіргі уақытта сыйлықақыға, оның ішінде тәртіптік жазасы бар қызметкерлерге сыйлықақы беруге қатысты еңбек заңнамасының нормаларына ӛзгерістер енгізу ұсынылатын Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасы бойынша заң жобасы талқылануда
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
34FC~1
28 рет жүктеп алынды