324-бап. Кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың сақтандыру сыйлықақылары мен жарналары бойынша шығыстарды шегеру Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының төлеуіне жататын немесе ол төлеген сақтандыру сыйлықақылары шегерімге жатады.
2. Жеке тұлғалардың депозиттерiне міндетті кепiлдік беру жүйесiне қатысушы банкте жеке тұлғалардың депозиттерiне кепiлдік беруге байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналардың сомасы шегерімге жатады.
3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті, төтенше және қосымша жарналардың сомасы шегерімге жатады.
4. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы астық қабылдау кәсiпорнында астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерді орындауға кепілдік беруге байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы шегерімге жатады.
5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті және қосымша жарналардың сомасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банктерден, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан және өзге де заңды тұлғалардан шегеруге жатады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
324-бап. Жұмыскердiң материалдық пайда түрiндегi кірісі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Мыналар, оның ішінде:
1) жұмыскерге тауарларды өткізу кезінде – жұмыскерге өткізілген тауарлардың құны мен олардың баланстық құны немесе оларды сатып алу бағасы арасындағы терiс айырма;
жұмыскерге жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – жұмыскерге өткізілген жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен қосылған құн салығының және акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстарының жалпы сомасы арасындағы теріс айырма жұмыскердің салық салуға жататын материалдық пайда түріндегі кірісі болып табылады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында сатып алу бағасын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырмайтын салық төлеушілер пайдаланады;
2) жұмыскерге борыш сомасын есептен шығару кезінде – жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша борыш сомасын немесе жұмыскердің оның алдындағы міндеттемесін есептен шығару;
3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз жұмыскерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлер жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстары;
4) жұмыскерге шығындарды өтеу кезінде – жұмыскердің жұмыс берушiнің қызметiмен байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің шығыстары жұмыскердiң салық салуға жататын, материалдық пайда түріндегі кірісі болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 325-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы