Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою үй-жайға кіріп-шығуға кедергі келтермеуді міндеттеу

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою үй-жайға кіріп-шығуға кедергі келтермеуді міндеттеу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою үй-жайға кіріп-шығуға кедергі келтермеуді міндеттеу

 

2024 жылғы 08 тамыз №7585-24-00-2/581 іс Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты құрамында: төрағалық етуші судья А.М.Медетова, сот отырысының хатшысы Акимбаева М.Б., қатысуымен, ашық сот отырысында қойылған талап бойынша азаматтық істі қарады: ТАЛАП ҚОЮШЫ: КАМ ЖАУАПКЕР: АКО ТАЛАП ҚОЮШЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ: Алматы қаласы өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, талапкердің отбасымен үй-жайына кіріп-шығуына жауапкердің кедергі келтермеуін міндеттеу

Талапкер Ма К.А. Алматы қаласы, Қарағайлы шағын ауданы, Мақаш Тәтімова көшесінде орналасқан үш пәтерлі № 79-шы үйдің 3-і пәтерінде отбасымен бірге 1980 жылдан бері тұратынын, аталған үйге тиесілі жер учаскесінің жалпы аумағы жер актісіне сәйкес 0,1390 га, оның ішінде 0,0560 га өзінің үлесі екенін, жер учаскесінің көлемі заңға сәйкес келетінін көрсетеді.

К.А.Мамен іргелес тұрған пәтер иесі Оа АКна есік алдындағы ауланың кондаминиум жерін заңсыз қоршап, іргетас салу себебінен талапкердің ауламен жүруіне кедергі келтіріп, яғни Кондаминиум жерге іргетас салып, талапкер мен оның отбасы мүшелерінің көшеге шығу жолын жауып қойған. Жауапкер А.К.Оаға берілген жер учаскесінің көлемі 0,0360 га деп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалының 12.07.2023 жылғы берілген анықтамасында көрсетілген, бірақ бұл берілген жер көлемі осы мемлекеттік мекеменің екінші рет берген жауабымен сәйкес келмейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалының 21 қараша 2023 жылғы № ЖТ-2023 02322088 шығыс санымен берген мәліметте М.Татимова көшесі 79 үйге тиесілі жер көлемі 0,1140, оның ішінде жер учаскесінің үлестік мөлшері: - 0,0560 га Ма Кулсункан Абдубайтовнаға (3 пәтер) тиесілі,-0,0110 га Оа АКнаға(2 пәтер) тиесілі,-0,0470 га Халимсапиева Саниям Амраевнаға (1 пәтер) тисілі деп көрсетілген.

Талапкер өзінің пәтерінің ауланың соңында орналасқандығын және сол жағы сай болғандығын, көшеге шығатын жол тек жалпы аула арқылы өтуі керек екенін, көшеге шығатын басқа жол жоқ екенін көрсетеді.

Жауапкердің осы ортақ үлестік меншік берілген жерді көршілердің рұқсатынсыз, заңсыз қоршап, өзіне тиесілі 0,0110 га жер көлемінің аумағанан шығып іргетас (фундамент ) қалау арқылы, талапкер мен оның отбасы мүшелерінің көшеге шығатын жолын жауып заңсыз әрекет жасап отырғанын, соның салдарынан, талапкер отбасымен үй артындағы көрші үйдің ауласы арқылы көшеге шығуға мәжбүр.

Талапкер жауапкермен осы дауға қатысты ортақ келісімге келу мүмкін еместігін, отбасымен 2023 жылдың бірінші жартысында осы мәселе бойынша жауапкермен бейбіт келісімге келуге тырысқанымен соңы жанжалға ұласып бірнеше рет полицияға жүгінгенін көрсетеді.

Талап қоюшы К.А.Ма, оның өкілі З.Байтенова сот отырысында өзінің талап арызын толық қолдап, соттан Алматы қаласы, Қарағайлы шағын ауданы, Мақаш Тәтімов көшесі № 79 үйдің жер учаскесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жоюды, отбасымен үй-жайына кіріп-шығуына жауапкердің кедергі келтірмеуін міндеттеуді сұраған.

Жауапкерден өзінің пайдасына мемлекеттік баж салығы 3692 теңге, заңгердің көмегі үшін төлеген 300 000 тенге, барлығы 303692 теңге өндіруді сұраған. Жауапкер А.К.Оа, оның өкілі Ғ.Саржанов сот отырысында талап арызды мойындамай, талапкердің талап арызын толығымен қанағаттандырусыз қалдыруды және талапкерден, жауапкердің пайдасына адвокаттың көмегі үшін төленген 300 000 тенгені – өндіруді сұраған.

ҚР азаматтық кодексінің 209 бабына және ҚР жер кодексінің 51,53 баптарына сәйкес аталған жерге жеке меншік құқығы ортақ үлестік болып табылады. Қазақстан Републикасының азаматтық кодексінің 209-бабында « Ортақ меншiк ұғымы мен оның пайда болу негiздерi» екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады.

Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн. Мүлiкке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлiкке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды.

Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды. Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, мөлшерiне байланысты болады. болады.

Бiрлескен ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн. Жылжымайтын мүлiкке меншiккондоминиумнысанында пайда болуы мүмкiн,бұл жағдайда жы лжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтар дың және (немесе) заңдытұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлiкбөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады.

Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оның жылжымайтын мүлiктi ң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз. Әрбір меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi,егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлiктiңдара(бөлек) оны меншiктегi бөлiктерiнiң Кондоминиумның әралуан түрлерiнiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерзаң а ктiлерiмен айқындалуы мүмкiн.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жер кодексінің 51-бабы бойынша жер учаскесi бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болуы мүмкiн.

Өзiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн әрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесі болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлу осы Кодекстің 97-бабының 3-1 тармағында көзделген нормалар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Жер учаскесiнiң бөлінетіндігі және құжатында көрсетiледi. Жер учаскесінің бөлінетін бөлігімен мәмілелер жасаған кезде, бұл бөлік белгіленген тәртіппен алдынала дербес жер учаскесі болып бөлініп шығарылуа тиіс.

Қалған жағдайларда мәміле нысанасыны шартта сипаттау немесе жер учаскесінің бөлігіне белгіленетін құқықтың қолд анылу аясын (жалдау, өтеусізпайдалану, сервитут және басқалары) сәйкестендіру құжатына енгізу арқылы айқындалуы мүмкін.

Аталған занның 53-бабы бойынша екi немесе бiрнеше тұлғаның меншiгiндегi жер учаскесi оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады.

Жер учаскесiне ортақ меншiк Қазақстан Республи касының заң актiлерiнде көзделген реттерде учаске бөлiнбейтiн жағдайда(ос ы Кодекстiң сондай ақ меншiк иелерi өздерiне тиесiлi жер учаскелерiн бiр учаскеге ерiктi түрде бi рiктiрген кезде туындайды.

Жер учаскесi әрбiр меншiк иесiнiң үлесi анықталған сәйкестендіру 51-бабы), (үлестiк меншiк) (бiрлескен меншiк) немесе үлестерi анықталмаған ортақ меншiкте болуы мүмкiн.

Ортақ жер пайдалану құқығы осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында көзделген негiздерде туындайды.

Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiктегi немесе ортақ үлестiк жер пайдалану дағы жер үлестерi жерге қатысты құқықтар мiндеттердiң дербес объектiсi болып табылады.

Ортақ меншiктегi(ортақ жер пайдаланудағы) жер учаскесiн пайдалану тәртiбi ортақ меншiкке қатысушылар арасындағы шартпен белгiленедi. Олардың арасында келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда пайдалану тәртiбiн сот айқындайды.

Жер учаскесiн пайдаланутәртiбi туралы қатысушылардың келiсiмi неме се соттың шешiмi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәр тіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.

Қазақстан Рспубликасының тұрғын үй қатынастары туралы заңының 31-бабының 6,7 тармақтарына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеген кезде мыналар көрсетіледі: көп пәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесін қоса алғанда, көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы алаңы; кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі дара (бөлек) меншіктегі әрбір пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма үлесінің мөлшері; мен (ортақ жер пайдалануға) дара (бөлек) меншіктегі пәтерлердің жалпы алаңы мен тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың алаңы.

Үй жанындағы жер учаскесін тіркеу жиналыстың шешімі негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың кемінде екі меншік иесінен тұратын бастамашы топ өтініш берген кезде астананың, республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша пәтерлердің жалпы алаңы мен тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар алаңдарының өзгеруі нәтижесінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамының және (немесе) пәтерлер, тұрғын емес үй жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлестері мөлшерінің өзгеруі мемлекеттік тіркеуге жатады.- деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 17 бабының талаптарына сәйес, «Тұрғын үй меншік құқығы ол тіркеу органында тіркелген кезден бастап пайда болады» деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 8-бабының талаптарын сәйкес, «Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын сақтауға тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тұлғаға зиян келтіруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, содай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзе асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің өзінің құқықтары мен бостандықтарын, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

Қазақстан Республикасының Азаматтық-процесстік кодексінің 8 бабына сәйкес, әркім бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы...

Талап арызды зерделей келе, сот талап арызды келесі негіздермен қанағаттандыруға жатады деп есептейді.

 Іс материалдарынан белгілі болғандай, талапкердің сотқа ұсынған меншік құқығын белгілейтін құжаттарында шыныменде талапкердің өзіне тиесілі жер учаскесі жеке меншік құқығы ортақ үлестік деп жазылған. Барлық меншік құжаттары 2009 жылы алынған.

Жауапкер 2013 жылы 31 қаңтардағы жер учаскесімен үйді сатып алу шартына сәйкес меншік иесі болып танылған. Аталған шартта жер телімі ортақ үлестік деп көрсетілмеген. Жоғарыда аталған үйде Жауапкер өзінің отбасымен тұруда.

Талапкердің пәтері ауланың соңында орналасқандықтан көшеге шығатын жол 1,2 пәтерге тиесілі ауланы басып өтетінін 13.10.2023 жыл көшпелі сот отырысы барысында дәлелденді. Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш-а, М. Тәтімов к-сі 79 үй, 2 пәтер мекенжайында орналасқан нысанды тексеру барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптарды сақтау мәніне жер учаскесінде тұрғын үй (литерч.А.), тұрғын үй жапсарлас құрылысы (литерА1), шатыр (литерI) тұрғызылғаны анықталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалының 21 қараша 2023 жылғы № ЖТ-2023 02322088 шығыс санымен берген мәліметте М.Татимова көшесі 79 үйге тиесілі жер көлемі 0,1140, оның ішінде жер учаскесінің үлестік мөлшері:

- 0,0560 га Ма Кулсункан Абдубайтовнаға (3 пәтер) тиесілі,

-0,0110 га Оа АКнаға(2 пәтер) тиесілі,

-0,0470га Халимсапиева Саниям Амраевнаға (1 пәтер) тисілі деп көрсетілген.

 Жауапкер Оа А.К. заңсыз салған іргетасы мен қоршап алған аула кондоминиум жерді ешқандай құжатсыз құзырлы органдардың шешімінсіз және арнайы заңда белгіленген тәртіппен тіркеу органдарында тіркелмей оны қошап алған.

Яғни талапкер көшеге шығу үшін 1,2 пәтерге тиесілі ауланы басып өтеді, сол себепті талапкердің талабын заңды деп есептейді.

Осы мән-жайлар негізінде,сотта зерттелген құжаттармен, істің мән жайының жиынтығымен, талап арыз берушінің талабы қуатталады.

ҚАРАР БӨЛІГІ: Кулсункан Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексінің 223 - 226 баптарын басшылыққа ала отырып, сот ШЕШІМ ЕТТІ: Абдубайтовна Маның талап арызы - қанағаттандырылсын. Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, Мақаш Тәтімов көшесі, 79 үйдің 2 пәтер иесі АКОның жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою және талапкердің отбасымен үй жайына кіріп-шығуына жауапкердің кедергі келтірмеуі міндеттелсін.

 

18 қараша 2024 жыл №7599-24-00-2а/10775 Алматы қалалық сотының азаматтық істер бойынша алқасы С.С. Абдигалимовтың төрағалық етуімен, судьялар Ж.А.Аханова және К.Е.Калекееваның құрамында, талап қоюшы К.А. М , оның өкілі З.Б , жауапкер А.К.О , оның өкілі Г.Т.Саржановтың қатысуымен, мобильді бейнебайланыс желісі арқылы сот ғимаратында ашық сот отырысында, электрондық іс бойынша талап қоюшы К  А М  жауапкер А К О  өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, талапкердің отбасымен үй-жайына кіріп-шығуына жауапкердің кедергі келтермеуін міндеттеу туралы талап арызы бойынша шығарылған Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 08 тамыздағы шешіміне жауапкердің апелляциялық шағымымен түскен азаматтық ісін қарап,

Көрсетілгендер негізінде, Азаматтық процестік кодексінің 424 бабының 1) тармақшасын, 425 бабының 1) тармақшасын және 426, 431 баптарын басшылыққа алып, сот алқасы ҚАУЛЫ ЕТТІ: Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 08 тамыздағы шешімі өзгеріссіз қалдырылсын, жауапкер А.К.О апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды2015 жылғы 17 маусымда Алматы қаласының маманд...

Толық оқу »

115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару Орман кодексі Қазақстан Республикасының

115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару Орман кодексі Қазақстан Республикасының      1. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақта...

Толық оқу »

Құрылысты өз учаскесінен тыс асыра салынғандықтан құрылысты бұзуға мәжбүрлеу туралы

Құрылысты өз учаскесінен тыс асыра салынғандықтан құрылысты бұзуға мәжбүрлеу туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүд...

Толық оқу »

Қосымша пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Қосымша пікірөз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандықсотының судьясы Медетова А.М.​Шұғыла шағын ауданы,34...

Толық оқу »

Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру және өз бетінше құрылысты бұзу міндетін жүктеу туралы

Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру және өз бетінше құрылысты бұзу міндетін жүктеу туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою...

Толық оқу »

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару Қазақстан Республикасының Су Кодексі

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару Қазақстан Республикасының Су Кодексі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су...

Толық оқу »

Қарсы пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Қарсы пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы А.М.Медетоваға​Шұғыла шағын ауданы,3...

Толық оқу »

53-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Су кодексі

53-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйы...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы2025 жылғы 28 мамыр №6001-25-00-3ГП/161 Қ...

Толық оқу »

Меншік құқығын өз бетінше салуға сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы талап-арыздар

Меншік құқығын өз бетінше салуға сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы талап-арыздар"Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері тур...

Толық оқу »

78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк Теміржол көлігі туралы Заңы

78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк Теміржол көлігі туралы Заңы      1. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жү...

Толық оқу »

Пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Пікірөз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандықсотының судьясы Н.Қ. Урстембай​Шұғыла шағын ауданы,347/1​1+...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған ғимаратты бұзуды тиісті емес жауапкерге талап қою туралы

Өз бетінше салынған ғимаратты бұзуды тиісті емес жауапкерге талап қою туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүдделi тұ...

Толық оқу »

Жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою

Жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою20 тамыз 2025 жыл №7599-25-00-2а/6263 Алматы қалалық сотының азаматтық істе...

Толық оқу »

Мүлікке, оның ішінде өз бетінше салуға меншік құқығын тану туралы талаптар

Мүлікке, оның ішінде өз бетінше салуға меншік құқығын тану туралы талаптарАІЖК – нің 104-бабы 1-бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес талап қою бағасы: жылжымайтын мүлік объектіле...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қ...

Толық оқу »

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      Мемлекетке тиесілі және жер пайдалануда болмаған жер учаскелерінде...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қара...

Толық оқу »

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралы

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралыТалап қоюшы А. жауапкер К.-ға өз бетімен салынған құрылы...

Толық оқу »