Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-бабына түсініктеме. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына немесе өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау не оларды басып алу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-бабына түсініктеме. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына немесе өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау не оларды басып алу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-бабына түсініктеме. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына немесе өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау не оларды басып алу

1. Ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу —

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол іс-әрекеттер:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып;

4) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

5) пайдакүнемдік ниетпен немесе жалдау бойынша;

6) мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына қатысты жасалса, —

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаған болса не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, —

мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қоғамдық қауіптілігі аталған қылмыстың қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғуынан, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруінен және ірі материалдық залал келтіру қатерін туғызуынан көрінеді.

Қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қосымша объектілері ретінде азаматтардың өмірі мен денсаулығы, меншік, басқару тәртібі, ұйымның қалыпты қызметі танылады.

Осы қылмыстың нысанасы ғимараттар, құрылыстар, қатынас және байланыс құралдары болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 1-бабының 60) тармақшасына сәйкес ғимарат — көтергіш және қоршау конструкцияларынан тұратын, міндетті түрде жер үстіндегі тұйық көлемді құрайтын жасанды құрылыс, ол функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруы немесе болуы, өндірістік процестерді жүзеге асыру, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру және сақтау үшін пайдаланылады. Ғимараттың жерасты бөлігі болуы мүмкін.

Құрылыс — өндірістік процестерді жүзеге асыруға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдардың, жүктердің уақытша болуына (қозғалуына), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған, табиғи немесе жасанды кеңістіктік шекаралары бар жасанды түрде жасалған көлемді, жазықтық немесе сызықтық объект (жер үстіндегі, су үстіндегі және (немесе) жерасты, суасты). Құрылыс сондай-ақ көркемдік-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық мақсатта болуы мүмкін (жоғарыда аталған Заңның 1-бабының 7) тармақшасы).

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Заңының 2-бабының 57) тармақшасында телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) электромагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдықтар, жүйелер мен бағдарламалық құралдар ретінде айқындалған.

Стационарлық платформа — жоғарғы құрылыстан және тірек негізінен тұратын, пайдалану кезеңінің бүкіл уақытында топыраққа бекітілген және теңіздегі мұнай мен газ кен орындарын жайластыру объектісі болып табылатын мұнай-газ кәсіпшілігі құрылысы.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 2-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы — Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шегінен) бастап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген шектерге дейін өлшенетін теңіз түбінің және қойнауының учаскесі.

Объективтік жағы қылмыс ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу сияқты әрекеттерді жасаудан көрінеді.

Ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау деп кінәлінің осындай орынға заңсыз кіруін және одан кейін қандай да бір әрекеттер жасауды түсіну қажет. Шабуыл жасау оларға кіруді, оларды бұғаттауды, атқылауды және т.б. көздейді, бұл ретте шабуылдың мұндай түрі физикалық немесе психикалық күш қолданусыз да жүзеге асырылуы мүмкін.

Басып алу деп ғимаратты, құрылысты (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларды), қатынас және байланыс құралын, өзге де коммуникацияларды заңсыз иеленуді түсіну қажет. Басып алу жасырын да, ашық та, күш қолдану арқылы да, күш қолданусыз да жүзеге асырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Террористік және экстремистік қылмыстар туралы заңнаманы қолдану жөніндегі сот практикасының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 25-тармағында ҚК-нің 269-бабына сәйкес ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау деп адамның аталған объектілерді иеленуге бағытталған күш қолдану әрекеттерін жасауы танылатыны айтылған.

ҚК-нің 269-бабының 1-бөлігіне сәйкес басып алу деп ғимаратты, құрылысты, қатынас және байланыс құралын, өзге де коммуникацияларды заңсыз иеленуді түсіну қажет. Басып алу жасырын да, ашық та, күш қолдану арқылы немесе күш қолданусыз жүзеге асырылуы мүмкін.

Қылмыс құрамының құрылымы бойынша ол формальдық құрамға жатады. Қылмыс ғимаратқа, құрылысқа (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаға), қатынас және байланыс құралына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасалған немесе олар басып алынған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі. Кінәліге байланысты емес мән-жайлар бойынша басып алуға әкеп соқпаған әрекеттер осындай қылмысқа оқталу ретінде сараланады.

Субъективтік жағы қылмыс тікелей қасақаналық түріндегі қасақана кінә нысанымен сипатталады. Адам өзінің құқыққа қайшы әрекеттер жасап жатқанын сезінеді, қоғамдық қауіпті салдардың туындауын алдын ала біледі және олардың болуын тілейді. Қылмыстың себебі мен мақсаты әртүрлі болуы мүмкін және саралауға әсер етпейді.

Субъектісі он төрт жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға болып табылады.

ҚК-нің 269-бабының 2-бөлігінде заң шығарушы саралаушы белгілер ретінде мынадай мән-жайларды көздеген: дәл сол іс-әрекеттердің:

  • адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
  • бірнеше рет;
  • өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып;
  • қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
  • пайдакүнемдік ниетпен немесе жалдау бойынша;
  • мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына қатысты жасалуы.

Ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу, егер оған қатысушылар аталған қылмысты бірлесіп жасау туралы алдын ала уағдаласқан болса, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған болып есептеледі.

Ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасауды, сол сияқты оларды басып алуды бірнеше рет жасаған адам деп бұрын осындай қылмыс жасаған, егер ол заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болса, не сотталмаған болса, не мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтпеген болса, адам танылады.

Өмірге қауіпті күш қолдану деп өзінің объективтік белгілері бойынша жәбірленушінің өліміне әкеп соғуы тиіс немесе әкеп соғуы мүмкін күш қолдануды түсіну қажет. Күш қолданудың өмірге қауіпті екенін анықтау үшін істің барлық мән-жайларын: қылмыс жасау құралдарын, қолданылған күштің сипатын, зақымданудың өмірлік маңызды органдарға келтірілген-келтірілмегенін, сот-медициналық сараптаманың қорытындысын және т.б. ескеру қажет.

Денсаулыққа қауіпті күш қолдану деп жәбірленушіге денсаулыққа ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін күш қолдануды түсіну қажет.

Күш қолдану адамның денсаулығына жеңіл, ауырлығы орташа зиян келтіруді қамтиды. Адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілген жағдайда кінәлінің әрекеті ауыр зардаптарға әкеп соғу белгісі бойынша осы түсіндіріліп отырған баптың 3-бөлігі бойынша саралануға тиіс.

Адамды қасақана өлтірген жағдайда кінәлінің әрекеттері ҚК-нің 269 және 99-баптарында көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға тиіс.

Қаруды қолдану деп оны адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін нақты пайдалануды түсіну қажет.

Қару ретінде пайдаланылатын өзге де заттар адам денсаулығына зиян келтіруге болатын кез келген заттар болуы мүмкін. Оларға шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы заттарды, мысалы, балта, шалғы, айыр, пышақ, күрек, металл шыбықтар, құбырлар, таяқтар және т.б. жатқызу қажет.

Ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге де коммуникацияларды пайдакүнемдік ниетпен немесе жалдау бойынша басып алу кінәлінің бұл әрекеттерді жасағаны үшін материалдық пайда (ақша, мүлік және т.б.) алуға немесе материалдық шығындардан (борыш, қызметтерге ақы төлеу және т.б.) құтылуға ұмтылуымен сипатталады. Ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге де коммуникацияларды жалдау бойынша басып алу кезінде кінәлі аталған әрекеттерді үшінші тұлғалардың мүддесі үшін жасайды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 4-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдар деп Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде мемлекет атынан мынадай функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік билік ұйымдары түсініледі:

  • жалпыға міндетті мінез-құлық қағидаларын айқындайтын актілер шығару;
  • әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды басқару және реттеу;
  • мемлекет белгілеген жалпыға міндетті мінез-құлық қағидаларының сақталуын бақылау.

Егер мекеменің қызметі жергілікті немесе мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылса, ол мемлекеттік мекеме деп танылады.

ҚК-нің 269-бабының 3-бөлігінде осы құрамның аса сараланған түрі қамтылған, онда ҚК-нің 269-бабының 1 және 2-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді қылмыстық топ жасаған немесе олар абайсызда адам өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайлар үшін жауаптылық белгіленген.

Кінәлі адамдардың әрекеттерін қылмыстық топ жасаған деген белгі бойынша саралау кезінде ҚК-нің 3-бабының 24) тармақшасын және 31-бабының 3-бөлігін басшылыққа алу қажет.

Ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу кезінде абайсызда адам өлімінің туындауын заң шығарушы абайсызда жасалған кінә нысанымен байланыстырады. Өзге де ауыр зардаптар деп денсаулыққа ауыр зиян келтіруді; екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруді; ірі немесе аса ірі мөлшерде залал келтіруді; апаттар немесе авариялар туындауын; келтірілген зиянның ауырлығын көрсететін өзге де зардаптарды түсіну қажет.

ҚК-нің 269-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс құрамы кінәнің қос нысанымен сипатталады: әрекеттерді кінәлі қасақана жасайды, ал адам өлімі немесе өзге де ауыр зардаптар түріндегі салдарға қатысты абайсызда жасалған кінә нысаны анықталуға тиіс.

Қарастырылып отырған қылмыс кепілге адам алудан (ҚК-нің 261-бабы) мынадай белгілері бойынша ерекшеленеді: осы қылмыс құрамы бойынша оның нысанасы ғимараттар, құрылыстар, қатынас және байланыс құралдары, өзге де коммуникациялар болып табылады, ал ҚК-нің 261-бабында көзделген қылмыс құрамында қылмыс нысанасы жоқ, бірақ кепілге алынған немесе кепіл ретінде ұсталып отырған адам түріндегі жәбірленуші болады.

ҚК-нің 269-бабының 1 және 2-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатады.

ҚК-нің 269-бабының 3-бөлігінде көзделген іс-әрекет аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме авторы — Исидор Шамилұлы Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

269-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

269-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Ғимараттарға, қ...

Толық оқу »

239-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Әуе немесе су кемесін не теміржол жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу

239-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Әуе немесе су кемесін не теміржол жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу 1. Әуе немесе с...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 270-бабы. Әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 270-бабы. Әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу туралы түсініктеме1. Әуе немесе...

Толық оқу »

Кепiлге адам алуға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы

Кепiлге адам алуға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 24 қаңтар N 2816Қ...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарын айқындау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты а...

Толық оқу »

270-бап. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

270-бап. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Әуе немесе су кемесін не жы...

Толық оқу »

179-бап. Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

179-бап. Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының констит...

Толық оқу »

168-бапқа түсініктеме. Билікті күштеп басып алу немесе күштеп ұстап қалу не шет мемлекет өкілдерінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің уәкілетті органдары мен Қазақстан Республикасы ҚК лауазымды адамдарының құзыретіне кіретін өкілеттіктерді жүзеге асыруы немесе шетелдік қайта ұйымдастыруы

168-бапқа түсініктеме. Билікті күштеп басып алу немесе күштеп ұстап қалу не шет мемлекет өкілдерінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің уәкілетті органдары мен Қаз...

Толық оқу »

Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау туралы

Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау тура...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты а...

Толық оқу »