Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 382-бабына түсініктеме. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 382-бабына түсініктеме. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 382-бабына түсініктеме. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға, сондай-ақ оның жақындарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді осы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе өзінің қызметтік қызметіне байланысты белгілі болған адамның жария етуі –

бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚК-нің 382-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың (1-бөлігі – қылмыстық теріс қылық, 2-бөлігі – қылмыс) қоғамдық қауіптілігі оның мемлекеттік органдардың қызметіне, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамның және оның жақындарының өмірі мен денсаулығына, жеке және мүліктік мүдделеріне қол сұғуымен сипатталады.

Қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамдардың және олардың жақындарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде заңда көзделген шараларды іске асыру саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қосымша объектісі жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамның, оның жақындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың жеке және мүліктік мүдделерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Талданып отырған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементі ретіндегі объектінің міндетті белгісі жәбірленуші болып табылады. ҚК-нің 382-бабы 1-бөлігінің диспозициясында мұндай тұлғалар ретінде жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам және оның жақындары көрсетілген (ҚК-нің 3-бабының 16) тармағын және ҚК-нің 380-бабына берілген түсініктемені қараңыз).

ҚК-нің 382-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер болып табылады. Негізінен, бұл қызметтік құпияны құрайтын құпия қызметтік ақпарат. Бұл жағдайда жария етілетін мәліметтерге жеке күзет, тұрғын үйді, мүлікті күзету, қару-жарақ, жеке қорғанудың және қауіпті хабарлаудың арнайы құралдарын беру, қауіпсіз жерге уақытша орналастыру, жұмыс (қызмет) орнын өзгерту, басқа тұрғылықты жерге көшіру, құжаттарды ауыстыру, сыртқы келбетін өзгерту және т.б. туралы деректер жатады.

Объективтік жағы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға, сондай-ақ оның жақындарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді осы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе өзінің қызметтік қызметіне байланысты белгілі болған адамның жария етуінен көрінеді.

Жария ету дегеніміз – қандай да бір құпия нәрсені айтып беру, хабарлау, белгілі ету.

Осылайша, мәліметтерді жария ету деп үшінші тұлғалардың осы мәліметтермен танысуына әкеп соққан адамдардың әрекеттерін немесе әрекетсіздігін түсіну қажет. Яғни жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға немесе оның жақындарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы құпия мәліметтерді осындай мәліметтерді алуға мүдделі немесе оларды мүдделі тұлғаларға бере алатын кем дегенде бір бөгде адам білген жағдайда, мәліметтер жария етілген болып есептеледі. Бөгде адамдар деп қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер жұмысына немесе қызметіне байланысты сеніп тапсырылмаған, яғни мұндай ақпаратты алуға құқығы жоқ тұлғалар танылады.

Ақпаратты жария ету тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін: ауызша да, жазбаша да (аудио- немесе бейнежазба, хат, жеделхат, электрондық пошта арқылы хабарлама, әлеуметтік желілердегі, мессенджерлердегі хабарламалар және т.б. түрінде). Олар қылмыстық құқық бұзушылықты саралауға әсер етпейді.

Қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету белсенді әрекеттердің де, әрекетсіздіктің де нәтижесінде жасалуы мүмкін (атап айтқанда, осы мәліметтердің тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ететін қағидаларды орындамау салдарынан, бұл олардың жария болуына ықпал ететін жағдайлар туғызады).

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету түріндегі іс-әрекет уақыт шеңберімен шектеледі. Оны тек аталған шаралар қолданылып жатқан кезеңде ғана жасауға болады. Егер қауіпсіздік шараларын қолдану мерзімі аяқталса, олар құпия сипатынан айырылады, бұл қарастырылып отырған іс-әрекеттің жасалуын жоққа шығарады. Қауіпсіздік шарасын қолдану мерзімінің ұзақтығы әрбір нақты жағдайда есептеледі, алайда қауіпсіздік шарасы құзыретті орган оны қолдану туралы шешім қабылдаған кезден бастап қолданылған болып есептелуге тиіс.

Қарастырылып отырған іс-әрекетті саралау кезінде жария етудің құқыққа қайшы болуға тиіс екенін ескеру қажет. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылған қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария етудің заңсыздығы қорғалатын адамның осы мәліметтерді жария етуге келісімінің және қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтердің құпиялылық сипатын бұзуға уәкілетті адамның санкциясының болмауы жағдайында орын алады.

ҚК-нің 382-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтың құрамы өзінің құрылымы бойынша формальдық болып табылады, сондықтан адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қандай да бір қоғамдық қауіпті зардаптардың туындауы талап етілмейді. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілу фактісінің өзі жеткілікті.

ҚК-нің 382-бабының 1-бөлігінен айырмашылығы, қарастырылып отырған норманың 2-бөлігінде жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді ауыр зардаптарға әкеп соққан жария еткені үшін жауаптылық көзделген. Осылайша, ҚК-нің 382-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша материалдық құрамға жатады.

Ауыр зардаптар ұғымы ҚК-нің 3-бабының 4) тармағында берілген. Ауыр зардаптарға күзет шаралары қолданылған жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамды өлтіру не оны өлтіруге оқталу, оған ауыр зиян келтіру, оның жақындарын өлтіру және оларға ауыр зиян келтіру, соңғысының мүлкін жою немесе бүлдіру, күзет қызметкерлерін өлтіру немесе оларға ауыр зиян келтіру, қауіпсіздік шараларын өзгертуге жұмсалатын елеулі материалдық шығындар жатқызылуға тиіс.

Жәбірленушіні өлтірудің болмай қоймайтынын сезіне отырып, тиісті мәліметтерді жария ету ҚК-нің 28-бабы және қызметтік қызметін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы бойынша адам өлтіруге сыбайлас қатысу ретінде саралануға тиіс екенін атап өткен жөн.

ҚК-нің 382-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық құрамының субъективтік жағы кінәнің қасақаналық нысанымен сипатталады, яғни кінәлі адам жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға, сондай-ақ оның жақындарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы құпияны сақтау міндетін бұзып отырғанын сезінеді және оны үшінші тұлғаларға айтып беруді қалайды.

Зерттеліп отырған құрамға қатысты себеп пен мақсат субъективтік жақтың факультативтік белгілері мәртебесіне ие. Тиісінше, олар іс-әрекетті саралауға әсер етпейді. Себептер әртүрлі болуы мүмкін және жаза тағайындау кезінде ескерілуге тиіс.

ҚК-нің 382-бабының 2-бөлігінде көзделген іс-әрекет те кінәнің қасақаналық нысанымен сипатталады. Алайда қарастырылып отырған іс-әрекетте кінәнің қасақаналық нысаны тек жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға, сондай-ақ оның жақындарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету фактісіне ғана қатысты болуы мүмкін. Ал зардаптарға қатысты психикалық қатынас кінәнің абайсыздық нысанымен көрініс табуға тиіс. Кінәнің қасақаналық нысаны болған жағдайда кінәлі адамның әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша, яғни жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету және, мысалы, ҚК-нің 106-бабында көзделген «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша саралануға тиіс.

Түсініктеме беріліп отырған бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі арнайы болып табылады: қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе өзінің қызметтік қызметіне байланысты белгілі болған адам ғана.

ҚК-нің 382-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты «Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» деп аталатын ҚК-нің 147-бабында көзделген қылмыстан ажырату қажет.

ҚК-нің 382-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамдардың және олардың жақындарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде заңда көзделген шараларды іске асыру саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар болып табылса, ҚК-нің 147-бабында көзделген қылмыстың тікелей объектісі жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығын іске асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Жария етілетін мәліметтердің мазмұны бойынша ҚК-нің 382-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық ҚК-нің 147-бабында көзделген қылмыстан да ерекшеленеді, мұнда қылмыс нысанасы ретінде тек адамның жеке және отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы мәліметтер танылады.

Бұл ретте ҚК-нің 382-бабында жәбірленушілер тобы едәуір тарылтылған – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамдар, сондай-ақ олардың жақындары.

ҚК-нің 382-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе өзінің қызметтік қызметіне байланысты белгілі болған адам болып табылады, ал ҚК-нің 147-бабында көзделген қылмыстың субъектісі баптың бөлігіне байланысты не он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға, не дербес деректерді қорғау жөнінде шаралар қабылдау міндеті жүктелген адам, не өзінің қызметтік жағдайын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдаланған адам, не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу арқылы немесе телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы әрекет еткен адам, не өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында әрекет еткен адам болып танылады.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік және субъективтік жақтарында да айырмашылықтар бар. Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу кезінде қоғамдық қауіпті зардаптардың туындауы міндетті емес, ал жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету кезінде баптың бөлігіне байланысты зиян келтіру объективтік жақтың міндетті белгісі болып табылады. Субъективтік жағына қатысты айтатын болсақ, ҚК-нің 147-бабында көзделген қылмыс тек тікелей қасақаналықпен жасалады, ал ҚК-нің 382-бабында көзделген іс-әрекеттер баптың бөлігіне байланысты не кінәнің қасақаналық нысанымен (1-бөлік), не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға, сондай-ақ оның жақындарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету фактісіне қатысты қасақаналық нысанымен және зардаптарға қатысты абайсыздық нысанымен (2-бөлік) сипатталады.

Түсініктеме беріліп отырған қылмыстық құқық бұзушылықты сондай-ақ «Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету» деп аталатын ҚК-нің 424-бабында көзделген қылмыстан ажырату қажет. Айырмашылықтар қол сұғушылық объектісі мен жәбірленушілер тобы бойынша көрініс табады. ҚК-нің 424-бабында көзделген қылмыстың объектісі сот төрелігі органдарының қалыпты қызметі болып табылады, ал ҚК-нің 382-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік органдардың және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамдардың қалыпты қызметі болып табылады. Бұдан басқа, ҚК-нің 424-бабында судьяға, сот приставына, сот орындаушысына, жәбірленушіге, куәға, қылмыстық процестің басқа да қатысушыларына, сондай-ақ олардың жақындарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету туралы сөз болса, ҚК-нің 382-бабында жәбірленуші ретінде жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам, сондай-ақ оның жақындары көзделген.

ҚК-нің 382-бабының 1-бөлігінде көзделген іс-әрекет қылмыстық теріс қылықтарға жатады.

ҚК-нің 382-бабының 2-бөлігінде көзделген іс-әрекет орташа ауырлықтағы қылмыстарға жатады.

Исидор Шамилович Борчашвилидің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктемесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заңы Кодекс Нормативтік қаулы Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Нұсқау Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы...

Толық оқу »

Түсініктеме 356-бапқа судья мен қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің

Түсініктеме 356-бапқа судья мен қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодек...

Толық оқу »

473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi Қазақстан...

Толық оқу »

473-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің салық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария ету

473-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің салық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария ету Егер бұл әрекетте қылмыстық жазал...

Толық оқу »

322-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жауапты мемлекеттік лауазымын атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету

322-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жауапты мемлекеттік лауазымын атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары тур...

Толық оқу »

382-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

382-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Ре...

Толық оқу »

322-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жауапты мемлекеттік лауазымын атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету

322-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жауапты мемлекеттік лауазымын атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары тур...

Толық оқу »

382-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

382-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Ре...

Толық оқу »

424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы...

Толық оқу »

Түсініктеме 356-бапқа судья мен қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің

Түсініктеме 356-бапқа судья мен қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодек...

Толық оқу »

473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi Қазақстан...

Толық оқу »

473-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің салық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария ету

473-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің салық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария ету Егер бұл әрекетте қылмыстық жазал...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 424-бабына түсініктеме. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 424-бабына түсініктеме. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария...

Толық оқу »