Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішхаттарды қарау

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішхаттарды қарау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішхаттарды қарау

Бірқатар жағдайларда соттар өтінішхаттарды қарау кезінде сотталған адамның жеке ерекшеліктері мен іс материалдарындағы нақты мән-жайларды ескермей, формалды түрде қарайды.

Сотталған адамның түзелгенін немесе оның мінез-құлқында оң өзгерістердің жоқтығын куәландыратын дәлелдемелерге жеткілікті назар аударылмайды.

Өтінішхаттарды негізсіз қанағаттандыру немесе сотталғандарды жазасын өтеуден босатудан бас тарту жағдайларына жол беріледі. Сот актілерінде сотталған адам туралы қажетті мәліметтер мен қабылданған шешімдердің себептері әрдайым көрсетіле бермейді, бұл олардың негізділігіне күмән туғызады. Көбінесе соттар тәртіптік жазалардың, көтермелеулердің және басқа да мәліметтердің санын тізбелеумен шектеледі немесе сот актісінің уәждеу бөлігі негізінен заң мен нормативтік қаулының мәтінін келтіруден тұрады. Қаулыларда сотталған адамның жазасын өтеу кезеңіндегі мінез-құлқы туралы мәліметтер мүлдем көрсетілмеген жағдайлар да кездеседі.

Мысалы, 2023 жылғы 6 сәуірде Тараз қаласының №2 соты 2019 жылы ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған Ж.-ға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан (бұдан әрі – ШМББ) бас тартқан.

Мұндай шешім қабылдау кезінде сот қаулысында заңнама нормаларын формалды түрде келтірумен шектеліп, сотталған адамның жазасын өтеу кезеңіндегі мінез-құлқы туралы мәліметтерді мүлдем көрсетпеген, сондай-ақ ШМББ-дан бас тартуын ешбір негіздемеген.

Аталған сот 2023 жылғы 19 желтоқсанда ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігі бойынша 2011 жылы 17 жылға бас бостандығынан айырылған Т.-ның өтінішхаты бойынша да ШМББ-дан бас тарту туралы осындай негізделмеген шешім қабылдаған.

ҚК-нің 39-бабына сәйкес, жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның өзі де, басқа адамдар да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Жаза тән азабын келтіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.

ҚК-нің 72, 73, 86, 87-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде сотталған адамдар тағайындалған жазаны толық өтемеуі мүмкін. Олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы (бұдан әрі – шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе ШМББ) не жазаның өтелмеген бөлігі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы (бұдан әрі – жазаны неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру немесе ЖНЖА) мүмкін.

ШМББ және ЖНЖА – жазасын өтеу кезеңінде үлгілі мінез-құлқымен және келтірілген зиянды өтеуге бағытталған күш-жігерімен әрі қарай жазасын өтеуге мұқтаж еместігін дәлелдеген сотталған адамға қатысты мемлекет тарапынан жасалатын ізгілік пен сенім актісі.

Заң соттарды ШМББ және ЖНЖА мәселелерін қарау кезінде сотталған адамның өтінішхатының белгіленген талаптарға сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын, ШМББ және ЖНЖА құқығын беретін мерзімдердің басталуын мұқият тексеруге, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқындағы оң өзгерістерді жан-жақты бағалауға міндеттейді.

Өтінішхатты қарау нәтижесінде қабылданған сот шешімі уәжді болуға және соттың келген қорытындыларын егжей-тегжейлі негіздеуді қамтуға тиіс.

Соңғы жылдары қоғамда ШМББ және ЖНЖА қолданудың нақты өлшемшарттарының жоқтығы, оларды қолданудың ашықтығы мен объективтілігінің жеткіліксіздігі туралы пікірлер айтылып жүр.

Осылайша, жүргізілген сот практикасын қорыту сот практикасында туындайтын проблемалық мәселелерді анықтауға және оның бірізділігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

ШМББ және ЖНЖА институттары сотталған адамдарды әлеуметке қайта бейімдеуге және қылмыстардың қайталануын азайтуға ықпал ете отырып, қылмыстық құқық жүйесінде маңызды рөл атқарады.

ШМББ – жаза мақсаттарына қол жеткізілуіне байланысты сот тағайындаған қылмыстық жазаны белгіленген мерзімінен бұрын тоқтату. Бұл ретте шартты түрде босатылған адамға, әдетте, пробациялық бақылау белгіленеді, оның барысында ол өзінің түзелгенін түпкілікті дәлелдеуге және сот жүктеген міндеттерді орындауға тиіс.

ЖНЖА – сотталған адамның жағдайын жақсартуға бағытталған институт, оның шеңберінде тағайындалған жаза жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылады.

Аталған институттардың негізінде ізгілік қағидаты жатыр. Осы тұрғыда ШМББ және ЖНЖА сотталған адамдарды мүмкіндігінше тезірек түзелуге және қалыпты өмірге оралуға ынталандыруға бағытталған.

Заң ШМББ және ЖНЖА қолдануды екі негізгі өлшемшартқа байланыстырады: 1) тағайындалған жазаның белгілі бір бөлігін өтеу, қаскөйлікпен бұзушылықтардың болмауы және келтірілген залалды өтеу (формалды өлшемшарт); 2) сотталған адамның түзелуі (материалдық өлшемшарт).

ШМББ және ЖНЖА қолдану соттың айрықша құзыретіне жатады. ҚПК-нің 477-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұл мәселелер үкімді орындау орны бойынша әрекет ететін сотта шешіледі.

Соттың ШМББ және ЖНЖА мәселесін қарауына тек сотталған адамның өтінішхаты, сондай-ақ ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберінде Бас Прокурордың немесе оның орынбасарының өтінішхаты негіз болып табылады. Бұрын, қолданыста болған ҚПК бойынша, бұл мәселелерді жазаны орындайтын мекеменің ұсынуы негізінде қараған.

ШМББ бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүрген сотталған адамдарға қолданылады, ал ЖНЖА тек бас бостандығынан айыру жазасына қатысты қолданылады.

Кәмелетке толмаған жасында қылмыс жасаған адамдарға ШМББ түзеу жұмыстарына сотталған жағдайда да қолданылады, ал ЖНЖА тек бас бостандығынан айыру жазасына сотталған жағдайда ғана қолданылады.

ҚК-нің 72-бабының 8-бөлігінде және 73-бабының 2-бөлігінде көрсетілген адамдар санаттарына қатысты ШМББ және ЖНЖА қолдануға жол берілмейді.

Мысалы, ШМББ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс, адамдардың қаза болуына әкеп соққан террористік немесе экстремистік қылмыс және басқа да қылмыстар үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.

Жалпы алғанда, ШМББ және ЖНЖА қолдану мәселелері ҚК-нің 72, 73, 86 және 87-баптарымен, ҚПК-нің 476, 477, 478 және 480-баптарымен, ҚАК-нің 161, 162 және 169-баптарымен, сондай-ақ «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру және тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы сот практикасы жөнінде» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысымен егжей-тегжейлі реттелген.

Қолданыстағы ҚК қабылданған сәттен бастап ШМББ және ЖНЖА қолдануға қатысты оның нормалары бірнеше рет өзгертілді, соған сәйкес сот практикасы да түзетіліп отырды.

Заңнамаға енгізілген өзгерістер негізінен қоғамға аса қауіп төндіретін қылмыстарды (террористік, сыбайлас жемқорлық, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы және басқа да қылмыстар) жасағаны үшін қылмыстық саясатты күшейту шеңберінде қабылданды.

Осы қорытуды жүргізу кезінде пайдаланылған нормативтік-құқықтық база

Қорытындыда қаралатын мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі – Конституция);

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚК);

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (бұдан әрі – ҚПК);

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚАК);

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы №6 «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру және тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы сот практикасы жөнінде» нормативтік қаулысы (бұдан әрі – «ШМББ және ЖНЖА туралы сот практикасы жөнінде» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы).

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жаза шарасын ауыстыру бойынша сотталғандардың өтініштерін қарау кезінде жәбірленушілердің қатысу мәселелері

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жаза шарасын ауыстыру бойынша сотталғандардың өтініштерін қарау кезінде жәбірленушілердің қатысу мәселелеріҚІЖК-нің 480-бабының 5-б...

Толық оқу »

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу туралы

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу туралыҚПК 480-бабының 5-бө...

Толық оқу »

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу мәселелері

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу мәселелеріҚПК 480-бабының...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайтын сотталғандар санаттары

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайтын сотталғандар санаттарыҚР Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 72-бабының 8-бөлігінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және материалдардың нақты мән жайларын ескеру қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және мат...

Толық оқу »

Процестік келісім шарттарын орындау кезіндегі шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ

Процестік келісім шарттарын орындау кезіндегі шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБАлматы қаласы Медеу ауданы сотының 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 2 қаулысымен ҚК 106-бабының...

Толық оқу »

81-бап. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру  12-тарау. Фактiлердi куәландыру Нотариат туралы Заңы

81-бап. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру12-тарау. Фактiлердi куәландыру Нотариат туралы Заңы      1. Нотариус азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады.      2....

Толық оқу »

Сотталған адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШТМБ) және жаза мерзімін жеңілдету (ЖМЖ) туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту немесе қайтару

Сотталған адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШТМБ) және жаза мерзімін жеңілдету (ЖМЖ) туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту немесе қайтаруҚР ҚІЖК-нің 480-бабы...

Толық оқу »

52-бап. Нотариаттық тәртiппен куәландырылатын мәмiлелер   8-тарау. Мәмiлелердi куәландыру Нотариат туралы Заңы

52-бап. Нотариаттық тәртiппен куәландырылатын мәмiлелер 8-тарау. Мәмiлелердi куәландыру Нотариат туралы Заңы      Нотариус заңдармен мiндеттi нотариаттық куәландыру белгiленге...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы аудандық (қалалық) соттарының кейбiр судьяларын қызметiнен босату туралы

Қазақстан Республикасы аудандық (қалалық) соттарының кейбiр судьяларын қызметiнен босату туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1997 жылғы 30 маусымдағы N 3572 "Қ...

Толық оқу »

9-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы талаптар    2-тарау. МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТАЛАПТАРЫ Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы

9-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы талаптар 2-тарау. МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢТАЛАПТАРЫМашиналар мен жабдықтардың қау...

Толық оқу »

УДО және ҚМН туралы өтініштерді қанағаттандыру және қанағаттандырудан бас тарту кезіндегі негізгі критерийлер

УДО және ҚМН туралы өтініштерді қанағаттандыру және қанағаттандырудан бас тарту кезіндегі негізгі критерийлерСтатистикалық деректерге сәйкес, УДО туралы қаралған 10 073 өтініш...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден УДО туралы өтініштерді қарау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын сақтау мәселелері

Жазаны өтеуден УДО туралы өтініштерді қарау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын сақтау мәселелеріҮкімнің орындалуына байланысты мәселелерді шешу тәртібін регламент...

Толық оқу »

Апелляциялық сатының УДО туралы жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша материалдарды қарау сапасы

Апелляциялық сатының УДО туралы жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша материалдарды қарау сапасы ЕАИАС деректеріне сәйкес соттар 2012 жылы жеке шағымдар мен наразылықтар...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру талаптарды сақтай отырып қаралды

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру талаптарды сақтай отырып қаралды Ел соттары ҚІЖК-нің 478-бабы 4-бөлігінің талаптарын сақтай отырып, УДО және ҚМН...

Толық оқу »

Қылмыстық істер бойынша Алматыдағы адвокаттық кеңсе УДО туралы өтініштерді қанағаттандырудан бас тарту негіздері

Қылмыстық істер бойынша Алматыдағы адвокаттық кеңсе УДО туралы өтініштерді қанағаттандырудан бас тарту негіздеріУДО туралы материалдарды талдау көрсеткендей, өтініштер мен ұсы...

Толық оқу »

Кассациялық сатыдағы УДО туралы материалдарды қарау тәжірибесі бойынша Алматыдағы Қылмыстық істер жөніндегі адвокаттық кеңсе

Кассациялық сатыдағы УДО туралы материалдарды қарау тәжірибесі бойынша Алматыдағы Қылмыстық істер жөніндегі адвокаттық кеңсе"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актіле...

Толық оқу »

Жәбірленушінің немесе оның өкілінің УДО және ҚМН туралы өтінішхаттарды қарау кезінде қатысуы

Жәбірленушінің немесе оның өкілінің УДО және ҚМН туралы өтінішхаттарды қарау кезінде қатысуыОның қатысу тиімділігі (ҚІЖК 480-бабының 6-бөлігі). Жәбірленушінің немесе оның өкіл...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА туралы.

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА туралы.ҚК 73-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бост...

Толық оқу »