Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ қолдануға тыйым салуды бұзу.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ қолдануға тыйым салуды бұзу.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ қолдануға тыйым салуды бұзу.

 ҚК 72-бабының 8-бөлігінде ШМБ қолданылмайтын сотталғандар санаттарының тізбесі көзделген. ҚК 72-бабының 8-бөлігінде 19.12.2020 ж. №384-VI Заңмен толықтырулар енгізілді, олармен ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарды ШМБ-ға тыйым салу енгізілді.

Жүкті әйелдердің, жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің, 58 жастағы және ол жастан асқан әйелдердің, 63 жастағы және ол жастан асқан еркектердің, 1 немесе 2-топтағы мүгедектігі бар адамдардың осындай қылмыстар жасаған жағдайлары ғана ерекшелік болып табылады.

Бұл түзетулер 2020 жылғы 30 желтоқсанда күшіне енді. Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Соттарда істерді автоматты бөлу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Осы түзетулерге сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ШМБ және ЖЖА туралы материалдарды қарау облыстық соттар, алқалар мен аудандық соттар төрағаларының міндеттеріне жүктелген.

Соттардың жұмысындағы қиындықтар кәмелетке толмаған жаста 14 жасқа толмаған адамдардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған сотталғандардың ШМБ туралы өтінішхаттарын қарау кезінде де туындайды.

ҚК-нің 72-бабы 8-бӛлігінің 4-тармағында кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, осындай қылмыс үшін сотталған адамдарға қолданылмайды деп белгіленген.

Осылайша, кәмелетке толмаған жаста 14 жасқа толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адам ШМБ ға жатпайды.

Алайда материалдардың осы санаты бойынша соттардың практикасы соншалықты айқын емес.

Ескертпе: жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталғандарға ШМБ қолдануға тыйым салу жаңа ҚК қабылданған кезден бастап қолданылады.

Мәселен, 2023 жылғы 20 наурызда Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының судьясы 2019 жылғы 26 қыркүйектегі үкіммен ҚК 121-бабының 4-бөлігі (жәбірленушінің жасы 11 жас) бойынша сотталған Х. ШМБ туралы ӛтінішхатын қанағаттандырды.

Сот актісі апелляциялық тәртіппен қайта қаралған жоқ. Алайда дәл осы судья 10 күн бұрын (2023 жылғы 9 наурыз) ҚК-нің 72-бабының 8-бөлігінде белгіленген тікелей тыйымға сілтеме жасай отырып, ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотталған О. (жәбірленуші 7 жаста) ШМБ-дан бас тартты.

Апелляциялық саты соттың бұл пікірімен келіспеді, ол 2023 жылғы 25 сәуірде бірінші О. ШМБ қолданды. кәмелетке сатыдағы соттың қаулысын жойып, Алматы қалалық сотының ұстанымы ҚК 86-бабының 1-бөлігіне сәйкес толмаған жастағы қылмыстары үшін сотталғандардың заңда белгіленген жаза мерзімдерін өтеу бойынша және қасақана бұзушылықтар болмаған кезде сөзсіз ШМБ-ға жататындығына негізделген.

Соттың бұл тұжырымдары заң талаптарына қайшы келеді. ҚК-нің 72-бабы жалпы сотталғандарға ШМБ негіздерін және оның күшін жоюды реттейді.

ҚК-нің 86-бабында кәмелетке толмаған сотталу жасына байланысты ҚК-нің 72-бабынан басқа талаптардың бір бөлігі бар ережелер ғана бекітілген.

Осылайша, кәмелетке толмаған жаста 28 қылмыс жасаған адамдардың ШМБ ҚК-нің 72-бабымен де, 86-бабымен де реттеледі.

ҚК-нің 39-бабына сәйкес жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Жазалауда физикалық азап шегу немесе адамның қадір-қасиетін қорлау деген мақсат жоқ.

ҚК-нің 72, 73, 86, 87-баптарында белгіленген шарттар сақталған жағдайда сотталғандар тағайындалған жазаны толық өтемеуі мүмкін.

Олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін (бұдан әрі – шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе ШМБ) не жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылуы мүмкін (бұдан әрі – жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру немесе ЖЖА).

ШМБ және ЖЖА – бұл жазаны өзінің үлгілі тәртібімен және зиянды түзету бойынша күш-жігерімен өтеу кезеңінде жазаны одан әрі өтеуге мұқтаж емес екенін дәлелдеген сотталған адамға қатысты мемлекеттің ізгілік және сенім актісі.

Заң соттарға ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның өтінішхатының белгіленген талаптарға сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын, ШМБ мен ЖЖА-ға құқық беретін мерзімдердің басталуын мұқият тексеруге, сотталған адамның тәртібіндегі жағымды өзгерістерді кешенді бағалауға міндеттейді.

Өтінішхатты қарау нәтижесінде қабылданған сот шешімі уәжді болуға және сот қорытқан қорытындылардың егжей-тегжейлі негіздемесін қамтуға тиіс.

Соңғы жылдары қоғамда ШМБ мен ЖЖА нақты өлшемшарттарының жоқтығы, оларды қолданудың ашықтығы мен объективтілігінің жеткіліксіздігі туралы пікірлер айтылуда.

ШМБ және ЖЖА институттары сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және қылмыстардың қайталануын азайтуға ықпал ете отырып, қылмыстық құқық жүйесінде маңызды рөл атқарады.

ШМБ – бұл жазаның мақсаттарына қол жеткізуге байланысты сот тағайындаған қылмыстық жазаны белгіленген мерзімнен бұрын тоқтату.

Бұл ретте шартты түрде босатылған адамға қатысты, әдетте, пробациялық бақылау белгіленеді, оның барысында ол өзінің түзелгенін түпкілікті дәлелдеуге және сот жүктеген міндеттерді орындауға тиіс.

ЖЖА – бұл сотталушының жағдайын жақсарту институты, онда тағайындалған жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылады.

Бұл институттардың негізі ізгілік қағидатында құралған. Осы тұрғыда ШМБ және ЖЖА сотталғандарды тез арада түзетуге және қалыпты ӛмірге оралуға ынталандыруға бағытталған.

Заң ШМБ мен ЖЖА-ға екі негізгі ӛлшемшарттарды қолдануды негіздейді:

1) тағайындалған жазаның белгілі бір бөлігін өтеу, қасақана бұзушылықтардың болмауы және залалдың орнын толтыру (формальды өлшемшарт),

2) сотталған адамды түзету (материалдық өлшемшарт). ШМБ және ЖЖА соттың айрықша құзыреті болып табылады.

ҚПК-нің 477-бабының 1-бөлігіне сәйкес бұл мәселелерді үкімнің орындалу орны бойынша әрекет ететін сот шешеді.

Сотталған адамның өтінішхаты, сондай-ақ Бас Прокурордың немесе оның орынбасарының ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберіндегі өтінішхаты ғана соттың ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

Бұған дейін бұрынғы ҚПК кезінде бұл мәселелер жазаны орындайтын мекеменің ұсынысы бойынша қаралған болатын.

ШМБ бас бостандығынан айыруды немесе бас бостандығын шектеуді өтеп жатқан сотталғандарға, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға ғана қолданылады.

Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарға ШМБ түзеу жұмыстарына сотталған кезде де, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға сотталған кезде ғана қолданылады.

Тізбесі ҚК-нің 72-бабының 8-бөлігінде және 73-бабының 2 бӛлігінде келтірілген адамдардың санаттарына қатысты ШМБ және ЖЖА қолдануға жол берілмейді.

 Мысалы, ШМБ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы, адам ӛліміне алып келген террористік немесе экстремистік қылмыс және т.б. үшін сотталғандарға қолданылмайды.

Жалпы ШМБ және ЖЖА қолдану мәселелері ҚК-нің 72, 73, 86 және 87-баптарында, ҚПК-нің 476, 477, 478 және 480-баптарында, ҚПК-нің 161, 162 және 169-баптарында, сондай-ақ «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС-ның НҚ-сында егжей-тегжейлі регламенттелген. Қолданыстағы ҚК қабылданған сәттен бастап оның ШМБ және ЖЖА қолдануға қатысты нормалары бірнеше рет ӛзгертілді, тиісінше сот практикасы да түзетілді.

Негізінен заңнамаға өзгерістер қоғамға неғұрлым қатер тӛндіретін (террористік, сыбайлас жемқорлық, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы және т.б.) қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық саясатты күшейту шеңберінде енгізілді.

 Негізгі нормативтік құқықтық актілер:

- Конституция (бұдан әрі – Конституция);

- Қылмыстық кодекс (бұдан әрі – ҚК);

- Қылмыстық-процестік кодекс (бұдан әрі – ҚПК);

- Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚАК); 

- «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» Жоғарғы Соттың 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы (бұдан әрі – «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ).

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

64-бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

64-бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңЕгер шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi өткенге дейiн өз мінез-...

Толық оқу »

Комментарий к статье Статья 64. Отмена условного осуждения или продление испытательного срока УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье Статья 64. Отмена условного осуждения или продление испытательного срока УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Если до истечения испытательно...

Толық оқу »

Сроки предоставления декларантом таможенному органу документов и сведений при таможенном декларировании условного выпуска товаров не регламентированы таможенным законодательством

Сроки предоставления декларантом таможенному органу документов и сведений при таможенном декларировании условного выпуска товаров не регламентированы таможенным законодательст...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сотталушының мінез-құлқындағы оң өзгерістерді бағалау қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сотталушының мінез-құлқындағы оң өзгерістерді...

Толық оқу »

10-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау  Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы

10-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастауСәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы...

Толық оқу »

169-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

169-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       1. Жазасын өтеуден шартты...

Толық оқу »

176-бап. Шартты түрде сотталған адамның жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

176-бап. Шартты түрде сотталған адамның жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       1. Егер шартты түрде сотталған адам:       1) сол үшін өзiне әкi...

Толық оқу »

Комментарий к статье 553. Нарушение порядка пользования и (или) распоряжения ограниченными в пользовании и (или) распоряжении товарами, а также условно выпущенными товарами и транспортными средствами Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 553. Нарушение порядка пользования и (или) распоряжения ограниченными в пользовании и (или) распоряжении товарами, а также условно выпущенными товарами и...

Толық оқу »

480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселелерді қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселелерді қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот пр...

Толық оқу »

Судебная практика об замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания а также условно-досрочном освобождении от отбывания наказания

Судебная практика об замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания а также условно-досрочном освобождении от отбывания наказания В соответствии с планом работ...

Толық оқу »

174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару к...

Толық оқу »

553-бап. Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билiк ету тәртiбiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

553-бап. Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билiк ету...

Толық оқу »

554-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

554-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі       Осы Кодекс қолдан...

Толық оқу »

400-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

400-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі   ...

Толық оқу »

203-бап. Жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор) саласындағы шартты түрде шығарылған тауарлармен операциялар жасаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

203-бап. Жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор) саласындағы шартты түрде шығарылған тауарлармен операциялар жасаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы кеде...

Толық оқу »

Комментарий к статье 480. Рассмотрение вопросов об условно-досрочном освобождении от наказания или замене неотбытой части наказания более мягким наказанием Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 480. Рассмотрение вопросов об условно-досрочном освобождении от наказания или замене неотбытой части наказания более мягким наказаниемУголовно-процессуальн...

Толық оқу »

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу мәселелері

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу мәселелеріҚПК 480-бабының...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және материалдардың нақты мән жайларын ескеру қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және мат...

Толық оқу »

Шартты соттауды жою

Шартты соттауды жою🔷 1. Мақаланың құқықтық мәніҚР ҚК 64-бабы шартты соттауды жоюдың негіздері, тәртібі мен салдарын реттейді. Бұл норма:сотталған адамның адал мінез-құлқын ын...

Толық оқу »