Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу мәселелері

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу мәселелері

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу мәселелері

ҚПК 480-бабының 5-бөлігіне сәйкес ШМБ немесе ЖЖА туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның, қорғаушының, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, прокурордың сот отырысына қатысуы міндетті.

Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және олардың өкілдерінің келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі келтірмейді. Осылайша, заң сотталған адамның өтінішхатын қарау кезінде жәбірленушінің қатысу міндеттілігін белгілемейді.

Бұл ретте «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ-ның 4-тармағы сотты жәбірленушіге өтінішхаттың қаралған күні, уақыты және орны туралы тиісті түрде хабарлауға міндеттейді.

Қорыту көрсеткендей, жәбірленушілердің аталған құқықтары әрдайым сақтала бермейді, бұл соттардың заңды шешімдер шығаруына ықпал етпейді.

Мысалы, 2023 жылғы 18 мамырда Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты ҚК 177-бабының 3-бөлігі (1997 ж.редакциясы) бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған Х. ЖЖА туралы өтінішхатын қанағаттандырды. Жеке шағымдарда жәбірленушілер сот оларды сотталған адамның өтінішхатын қарау туралы хабардар етпегенін көрсетті.

Сот шешімі туралы сот орындаушысынан білді. Қаулының күшін жоюды сұрады, өйткені ол залалды өтемеген.

Апелляциялық алқа жәбірленушілердің дәлелдерімен келісіп, залалдың өтелмеуіне байланысты сот қаулысының күшін жойды.

Мұндай фактілер бірлі-жарым болып табылмайды, соның салдарынан жәбірленушілердің келтірілген зиянды өтету құқықтары бұзылады.

ҚК-нің 39-бабына сәйкес жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Жазалауда физикалық азап шегу немесе адамның қадір-қасиетін қорлау деген мақсат жоқ.

ҚК-нің 72, 73, 86, 87-баптарында белгіленген шарттар сақталған жағдайда сотталғандар тағайындалған жазаны толық өтемеуі мүмкін.

Олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін (бұдан әрі – шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе ШМБ) не жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылуы мүмкін (бұдан әрі – жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру немесе ЖЖА).

ШМБ және ЖЖА – бұл жазаны өзінің үлгілі тәртібімен және зиянды түзету бойынша күш-жігерімен ӛтеу кезеңінде жазаны одан әрі ӛтеуге мұқтаж емес екенін дәлелдеген сотталған адамға қатысты мемлекеттің ізгілік және сенім актісі.

Заң соттарға ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның өтінішхатының белгіленген талаптарға сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын, ШМБ мен ЖЖА-ға құқық беретін мерзімдердің басталуын мұқият тексеруге, сотталған адамның тәртібіндегі жағымды ӛзгерістерді кешенді бағалауға міндеттейді.

Өтінішхатты қарау нәтижесінде қабылданған сот шешімі уәжді болуға және сот қорытқан қорытындылардың егжей-тегжейлі негіздемесін қамтуға тиіс.

Соңғы жылдары қоғамда ШМБ мен ЖЖА нақты өлшемшарттарының жоқтығы, оларды қолданудың ашықтығы мен объективтілігінің жеткіліксіздігі туралы пікірлер айтылуда.

ШМБ және ЖЖА институттары сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және қылмыстардың қайталануын азайтуға ықпал ете отырып, қылмыстық құқық жүйесінде маңызды рөл атқарады.

ШМБ – бұл жазаның мақсаттарына қол жеткізуге байланысты сот тағайындаған қылмыстық жазаны белгіленген мерзімнен бұрын тоқтату.

Бұл ретте шартты түрде босатылған адамға қатысты, әдетте, пробациялық бақылау белгіленеді, оның барысында ол өзінің түзелгенін түпкілікті дәлелдеуге және сот жүктеген міндеттерді орындауға тиіс.

ЖЖА – бұл сотталушының жағдайын жақсарту институты, онда тағайындалған жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылады.

Бұл институттардың негізі ізгілік қағидатында құралған. Осы тұрғыда ШМБ және ЖЖА сотталғандарды тез арада түзетуге және қалыпты ӛмірге оралуға ынталандыруға бағытталған.

Заң ШМБ мен ЖЖА-ға екі негізгі ӛлшемшарттарды қолдануды негіздейді:

1) тағайындалған жазаның белгілі бір бөлігін өтеу, қасақана бұзушылықтардың болмауы және залалдың орнын толтыру (формальды өлшемшарт),

2) сотталған адамды түзету (материалдық өлшемшарт). ШМБ және ЖЖА соттың айрықша құзыреті болып табылады.

ҚПК-нің 477-бабының 1-бөлігіне сәйкес бұл мәселелерді үкімнің орындалу орны бойынша әрекет ететін сот шешеді.

Сотталған адамның өтінішхаты, сондай-ақ Бас Прокурордың немесе оның орынбасарының ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберіндегі өтінішхаты ғана соттың ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

Бұған дейін бұрынғы ҚПК кезінде бұл мәселелер жазаны орындайтын мекеменің ұсынысы бойынша қаралған болатын.

ШМБ бас бостандығынан айыруды немесе бас бостандығын шектеуді өтеп жатқан сотталғандарға, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға ғана қолданылады.

Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарға ШМБ түзеу жұмыстарына сотталған кезде де, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға сотталған кезде ғана қолданылады.

Тізбесі ҚК-нің 72-бабының 8-бөлігінде және 73-бабының 2 бӛлігінде келтірілген адамдардың санаттарына қатысты ШМБ және ЖЖА қолдануға жол берілмейді.

 Мысалы, ШМБ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы, адам ӛліміне алып келген террористік немесе экстремистік қылмыс және т.б. үшін сотталғандарға қолданылмайды.

Жалпы ШМБ және ЖЖА қолдану мәселелері ҚК-нің 72, 73, 86 және 87-баптарында, ҚПК-нің 476, 477, 478 және 480-баптарында, ҚПК-нің 161, 162 және 169-баптарында, сондай-ақ «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС-ның НҚ-сында егжей-тегжейлі регламенттелген. Қолданыстағы ҚК қабылданған сәттен бастап оның ШМБ және ЖЖА қолдануға қатысты нормалары бірнеше рет ӛзгертілді, тиісінше сот практикасы да түзетілді.

Негізінен заңнамаға өзгерістер қоғамға неғұрлым қатер тӛндіретін (террористік, сыбайлас жемқорлық, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы және т.б.) қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық саясатты күшейту шеңберінде енгізілді. 

Негізгі нормативтік құқықтық актілер:

- Конституция (бұдан әрі – Конституция);

- Қылмыстық кодекс (бұдан әрі – ҚК);

- Қылмыстық-процестік кодекс (бұдан әрі – ҚПК);

- Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚАК); 

- «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» Жоғарғы Соттың 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы (бұдан әрі – «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ).

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

64-бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

64-бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңЕгер шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi өткенге дейiн өз мінез-...

Толық оқу »

Комментарий к статье Статья 64. Отмена условного осуждения или продление испытательного срока УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье Статья 64. Отмена условного осуждения или продление испытательного срока УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Если до истечения испытательно...

Толық оқу »

Декларанттың кеден органына тауарлардың шартты шығарылымын кедендік декларациялау кезінде құжаттар мен мәліметтерді ұсыну мерзімдері кеден заңнамасымен регламенттелмеген

Декларанттың кеден органына тауарлардың шартты шығарылымын кедендік декларациялау кезінде құжаттар мен мәліметтерді ұсыну мерзімдері кеден заңнамасымен регламенттелмегенДепарт...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сотталушының мінез-құлқындағы оң өзгерістерді бағалау қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сотталушының мінез-құлқындағы оң өзгерістерді...

Толық оқу »

10-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау  Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы

10-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастауСәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы...

Толық оқу »

169-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

169-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       1. Жазасын өтеуден шартты...

Толық оқу »

176-бап. Шартты түрде сотталған адамның жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

176-бап. Шартты түрде сотталған адамның жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       1. Егер шартты түрде сотталған адам:       1) сол үшін өзiне әкi...

Толық оқу »

Комментарий к статье 553. Нарушение порядка пользования и (или) распоряжения ограниченными в пользовании и (или) распоряжении товарами, а также условно выпущенными товарами и транспортными средствами Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 553. Нарушение порядка пользования и (или) распоряжения ограниченными в пользовании и (или) распоряжении товарами, а также условно выпущенными товарами и...

Толық оқу »

480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселелерді қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселелерді қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот пр...

Толық оқу »

Судебная практика об замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания а также условно-досрочном освобождении от отбывания наказания

Судебная практика об замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания а также условно-досрочном освобождении от отбывания наказания В соответствии с планом работ...

Толық оқу »

174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару к...

Толық оқу »

553-бап. Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билiк ету тәртiбiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

553-бап. Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билiк ету...

Толық оқу »

554-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

554-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі       Осы Кодекс қолдан...

Толық оқу »

400-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

400-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі   ...

Толық оқу »

203-бап. Жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор) саласындағы шартты түрде шығарылған тауарлармен операциялар жасаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

203-бап. Жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор) саласындағы шартты түрде шығарылған тауарлармен операциялар жасаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы кеде...

Толық оқу »

Комментарий к статье 480. Рассмотрение вопросов об условно-досрочном освобождении от наказания или замене неотбытой части наказания более мягким наказанием Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 480. Рассмотрение вопросов об условно-досрочном освобождении от наказания или замене неотбытой части наказания более мягким наказаниемУголовно-процессуальн...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және материалдардың нақты мән жайларын ескеру қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және мат...

Толық оқу »

Шартты соттауды жою

Шартты соттауды жою🔷 1. Мақаланың құқықтық мәніҚР ҚК 64-бабы шартты соттауды жоюдың негіздері, тәртібі мен салдарын реттейді. Бұл норма:сотталған адамның адал мінез-құлқын ын...

Толық оқу »