Заңның кері күшін қолдану Жаңа заң қылмыстықты және әрекеттің жазалануын жоятын болса қаралу сатысына қарамастан, іс тоқтатылуға жатады
Астана қаласы Сарыарқа ауданы № 2 аудандық сотының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі үкімімен: Х. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 393-бабымен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 56 725 теңге айыппұл салынған. Сот үкімімен Х. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2015 жылғы 7 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарылғанымен, сот актісін орындамағаны, яғни Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығып кетпегені үшін кінәлі деп танылған. Үкім апелляциялық тәртіппен қайта қаралмаған. Жоғарғы Сот Төрағасы ұсынуында Х.-ның кінәсінің дәлелденуі мен іс-әрекетінің саралануына күмән туғызбай, үкім шығарған кезде Х.-ны қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі өтіп кеткендіктен, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататынын көрсетіп, сот үкімін қайта қарауды сұраған. ҚК-нің 71-бабының бірінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес егер қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап қылмыстық теріс қылық жасалғаннан кейін бір жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Сонымен қатар, Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес қылмыстық іс қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай тоқтатылады.
Заңның кері күшін қолдану Жаңа заң қылмыстықты және әрекеттің жазалануын жоятын болса қаралу сатысына қарамастан, іс тоқтатылуға жатады
Сот алқасы Жоғарғы Сот Төрағасы ұсынуында келтірген үкім шығарған кезде Х.-ны қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі өтіп кеткендіктен, ол ҚК-нің 393-бабымен тағылған айыптан ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады деген уәжін дұрыс деп есептейді. Алайда жоғарыда көрсетілген Заңмен ҚК-нің 393-бабы алып тасталған. ҚК-нің 6-бабына сәйкес іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын заңның керi күшi заң қолданысқа енгізілгенге дейiн тиiстi іс-әрекетті жасаған адамдарға қолданылады. «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 15 нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес кассациялық сатыдағы соттар бұл үкімдер орындау тәртібімен қайта қаралмаған жағдайда ҚК-нің 6-бабының талаптарына жататын адамдарға қатысты алдыңғы үкімдерді сәйкес келтіре алады (ҚПК-нің 476-бабы).
Сонымен қатар, аталған нормативтік қаулының талаптарына сәйкес кассациялық сатыдағы соттар өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша кері күші бар заңды тікелей қолданады. Бұл ретте, егер жаңа қылмыстық заң қылмыстылықты және іс-әрекеттің жазалануын жоятын болса, онда ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігі 6-тармағының талаптарына сәйкес істің қаралу сатысына қарамастан, осы негіздер бойынша іс жүргізу тоқтатылуға тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Х.-ға қатысты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ҚК-нің 393-бабымен сотталған Х.-ға қатысты қылмыстық істі ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 6) тармағына сәйкес тоқтатты.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Заңның кері күшін қолдану Жаңа заң қылмыстықты және әрекеттің жазалануын жоятын болса қаралу сатысына қарамастан, іс тоқтатылуға жатады
196 рет жүктеп алынды -
Заңның кері күшін қолдану Жаңа заң қылмыстықты және әрекеттің жазалануын жоятын болса қаралу сатысына қарамастан, іс тоқтатылуға жатады
118 рет жүктеп алынды