Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Жаза тағайындау Сотталғанның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануының танылмауы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін белгілеу

Жаза тағайындау Сотталғанның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануының танылмауы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін белгілеу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жаза тағайындау Сотталғанның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануының танылмауы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін белгілеу  

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2018 жылғы 14 маусымдағы үкімімен: Қ. 2017 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 188-бабының үшінші бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына шартты түрде сотталған, - ҚК-нің 293-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, 287-бабының екінші бөлігімен 6 айға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаларды толық қосу жолымен 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. ҚК-нің 64-бабының бесінші бөлігі негізінде Алматы қаласы Медеу ауданы № 2 аудандық сотының 2017 жылғы 28 наурыздағы үкімімен Қ.-ға ҚК-нің 188-бабының үшінші бөлігімен тағайындалған 3 жылға шартты түрдегі соттаудың күші жойылған. ҚК-нің 60-бабына сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен Қ.-ға түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген. Сот үкімімен Қ. адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған атыс қаруын қолданып, қоғамдық тәртіпті, қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзғаны үшін, сондай-ақ жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды заңсыз иемденгені, сақтағаны және алып жүргені үшін кінәлі деп танылған. Осы үкіммен М.-да сотталған, оған қатысты сот актілері дауланбайды. Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 2 тамыздағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған.

Жаза тағайындау Сотталғанның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануының танылмауы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін белгілеу  

Бас Прокурор наразылығында сотталған Қ.-ның кінәсінің дәлелденуі мен қылмыстық әрекетінің саралануын дауламай, Қ.-ның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін шартты жазаға сотталып, пробациялық бақылау кезеңі ішінде осы үкім бойынша ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталғанын, сондықтан ҚК-нің 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы танылуға жататынын, сонымен бірге ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағының негізінде сотталғанға жазаның өтелуі қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде тағайындалуы қажет екенін көрсетіп, қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауына байланысты сот актілерін өзгертуді сұраған. Сотталған Қ.-ға қатысты үкімнің сипаттау-уәждеу бөлігінде көрсетілген мән-жайларда қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудағы кінәсінің дәлелденгендігі туралы сот тұжырымдары басты сот талқылауында объективті түрде зерттеліп, тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген және наразылықта дауланбайды. Сотталған Қ.-ның әрекеттері ҚК-нің 293-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен, 287-бабының 2-бөлігімен дұрыс сараланған. Сот Қ.-ға жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 52-бабының талаптарын сақтай отырып, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа алып, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп, сотталғанның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды назарға алып, әділ жаза тағайындаған. Алайда сотталған Қ.-ның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы танылмай, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі дұрыс белгіленбеуіне байланысты сот актілерінің осы бөліктерімен келіспеу жөніндегі наразылықтың уәждері негізді болып табылады. Қылмыстық іс материалдарынан анықталғандай, Қ. бұрын Алматы қаласы Медеу ауданы № 2 аудандық сотының 2017 жылғы 28 наурыздағы үкімімен ҚК-нің 188-бабының үшінші бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына шартты түрде сотталған. ҚК-нің 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адамның ауыр қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады. ҚК-нің 79-бабының бірінші бөлігінің негізінде қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген күннен бастап сотталғандығы өтелген немесе алып тасталған кезге дейiн сотталған болып есептеледi. Сотталғандық осы Кодекске сәйкес қылмыстардың қайталануын, қылмыстардың қауіпті қайталануын таныған кезде және жаза тағайындау кезiнде ескерiледi. Аталған баптың үшінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес сотталғандық шартты түрде сотталған адамдарға қатысты - пробациялық бақылау мерзiмi өткен соң жойылады. «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 12-тармағының талабына сәйкес бас бостандығынан айыру шартты түрде тағайындалған (ҚК-нің 63-бабы қолданыла отырып) не үкімді орындауды кейінге қалдыру қолданылған кезде (ҚК-нің 74 және 76-баптары) және осы адам пробациялық бақылау кезеңі ішінде немесе үкiмдi орындауды кейiнге қалдырған кезең iшiнде жаңа қылмыс жасағанда не шартты түрде соттаудың немесе үкімді орындауды кейiнге қалдырудың күші жойылып осы адам сот үкімі бойынша тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберiлген жағдайда, қылмыстың қайталануын тану кезінде адамның ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін алынбаған және жойылмаған бұрынғы соттылығы ескерiлуге жатады.

Қ.-ның алдыңғы үкім бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына шартты түрде сотталып, пробациялық бақылау кезеңі ішінде ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасап, сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасына сотталғанын ескеріп, оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы танылуға жатады. ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағына сәйкес бас бостандығынан айыру қылмыстардың қайталануы кезінде сотталған еркектерге қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу тағайындалады. Сондықтан Қ.-ға жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалуға жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Қ.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, ҚК-нің 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қ.-ның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы бар деп таныды. Қ.-ға жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді тағайындаған бөлігінің күші жойылып, оған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды. Сот актілерінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды егерде заңда тiкелей көзделмесе

Азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды егерде заңда тiкелей көзделмесе АК-нің 4-бабына сәйкес азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды және өздерi күшiне енгiзiл...

Толық оқу »

Заңның кері күшін қолдану Жаңа заң қылмыстықты және әрекеттің жазалануын жоятын болса қаралу сатысына қарамастан, іс тоқтатылуға жатады

Заңның кері күшін қолдану Жаңа заң қылмыстықты және әрекеттің жазалануын жоятын болса қаралу сатысына қарамастан, іс тоқтатылуға жатадыАстана қаласы Сарыарқа ауданы № 2 ауданд...

Толық оқу »

Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының төленген сома шегінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап қоюға құқығы бар

Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының төленген сома шегінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап қоюға құқығы бар№ 446 Заңның 28 - бабы 1-тармағының 4) тармақ...

Толық оқу »

172-бап. Алиментті есепке жатқызуға және кері өндіріп алуға жол бермеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

172-бап. Алиментті есепке жатқызуға және кері өндіріп алуға жол бермеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Алиментті басқа қарс...

Толық оқу »

28-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы  Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

28-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығыКөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы      1. Сақтандыру төлемiн жүз...

Толық оқу »

Егер сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі оның сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттерінің салдарынан туындаса, кері талап қою құқығы

Егер сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі оның сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттеріні...

Толық оқу »

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жақсартатын заңның кері күші болады

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жақсартатын заңның кері к...

Толық оқу »

Сақтандыру төлемін регресс тәртібімен өндіріп алу үшін сақтандырушының кері талап қоюға құқығы бар

Сақтандыру төлемін регресс тәртібімен өндіріп алу үшін сақтандырушының кері талап қоюға құқығы бар№ 446 Заңның 28-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, егер көлік құралын...

Толық оқу »

Мұнай алу коэффициентін (бұдан әрі – қин) ұлғайту мақсатында бір кен орнында өндірілген және сол кен орнының жер қойнауына кері айдалатын табиғи газды өз өндірістік мұқтаждарына пайдаланылды деп тануға болмайды

Мұнай алу коэффициентін (бұдан әрі – қин) ұлғайту мақсатында бір кен орнында өндірілген және сол кен орнының жер қойнауына кері айдалатын табиғи газды өз өндірістік мұқтаждары...

Толық оқу »

20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы  Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығыҚызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi...

Толық оқу »

20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға кері талап құқығы  Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға кері талап құқығыЖекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы      1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыр...

Толық оқу »

9-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

9-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығыТуристі мiндеттi сақтандыру туралы Заңы      Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға сақтандырылушының өмірі мен де...

Толық оқу »

121-1-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен тікелей атаулы сату Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

121-1-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен тікелей атаулы сатуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Қазақста...

Толық оқу »

21-бап. Залал келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы  Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы Заңы

21-бап. Залал келтірген тұлғаға кері талап қою құқығыМiндетті экологиялық сақтандыру туралы Заңы      1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға (сақтанд...

Толық оқу »

20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап құқығы Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап құқығыАудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы       1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асы...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер басқармасымен керісінше шешім шығармаған кезде хабарламаны орындалды деп тану

Мемлекеттік кірістер басқармасымен керісінше шешім шығармаған кезде хабарламаны орындалды деп тануСот алқасы 2022 жылғы 23 маусымдағы №600122006ап/569 қаулыда «Крокус Групп» Ж...

Толық оқу »

17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығыСақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы      Қордың жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тарма...

Толық оқу »

23-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы  Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

23-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығыТасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы      1. Сақтандыру...

Толық оқу »

Сақтандырушының көлік құралының иесіне келтірілген зиянның кінәлісіне кері талап қоюға құқығы бар

Сақтандырушының көлік құралының иесіне келтірілген зиянның кінәлісіне кері талап қоюға құқығы бар№ 446 Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес, егер осы баптың 1-тармағында аталғ...

Толық оқу »